Валюта бағамы
  • USD -

    505.9
  • EUR -

    525
  • RUB -

    5.51
БҮГІН — ТҮРКИЯНЫҢ РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІ
29 қазан 2019
БҮГІН — ТҮРКИЯНЫҢ РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІ

Бүгін бауырлас Түркияның құрылғанына 96 жыл толды. Осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Анадо­лыда ұлт көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған шет ел интервенттерінің жаулауынан құтқаруға бағытталған ұлт-азаттық кү­рес жеңіспен аяқталды. Осылайша 1923 жы­лдың 29 қазан күні зайырлы Түркия Рес­пуб­ликасы құрылды.

Ұлы елдердің мұрагері ретінде құрылған жаңа мемлекет өзінің тарихи сахнаға шыққанын бар әлемге жариялап, республи­каның тұңғыш президенті болып Отан үшін от пен оққа кеудесін тосқан даңғты маршал ғази Мұстафа Кемал сайланды. Түркия мемлекетінің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемалдың есіміне кейін құрметті «Ата­түрік» атауы қосылды. Түбіміз бен тегімізі бір тарихымыз бен мәдениетіміз, әдебиетіміз ортақ елмен қазір байланысымыз күшті. Елорданың көрікті жерлерінің бірінен түріктің тау тұлғасы, кемеңгер көсем Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш орнатылды. Бұл күні Анкарадағы Ататүрік кесенесіне халықтың ағылатынын, билік өкілдерінің арнайы гүл шоқтарын қойып, тағзым ететінін атап өткен абзал.

Бүгін Түркия Республикасының 96 жылдығына Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык арнайы қабылдау өткізіп, салтанатты шара аясында Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы ұйымдастырған "Гөбеклітепе" фотокөрмесі ашылады. 

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды
24 қазан 2024
Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды

Кеше кешкісін Түркия Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясы штаб-пәтерінің маңында қатты жарылыс болған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Түркия ІІМ жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтады. Ал ел билігі оқиғаны "теракт" деп атады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая хабарлауынша,  теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алғаны айтылған.

Шабуылды жасаған екі лаңкес өлтірілді. Лаңкестердің бірі әйел.

ЕРДОҒАН МЕН ГУТТЕРИШ УКРАИНАҒА ТАРАПТАРДЫ  ТАТУЛАСТЫРУ ҮШІН КЕЛДІ
17 тамыз 2022
ЕРДОҒАН МЕН ГУТТЕРИШ УКРАИНАҒА ТАРАПТАРДЫ  ТАТУЛАСТЫРУ ҮШІН КЕЛДІ

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш Украинаға келді.

Бүгін олар Украина президенті Володимир Зеленскиймен бірге үшжақты кеңес өткізеді. Аталған жиында орыс-украин соғысының дипломатиялық жолмен бітуіне ықпал ету, Украина астығын әлемдік нарыққа шығаруға қатысты жасалған тетіктерді күшейту, сондай-ақ қауіпті жағдайда тұрған Запорожье атом электр стансасының мәселесі талқыланбақ.

Зеленскийдің шақыруын қабыл алып келген Гуттериш ертең  Одесса қаласына барып, келесі күні Ысанбұлға табан тірейді.

Екі әлемдік саясаткердің тараптарды татуластыру талпынысынан жемісті нәтиже күту өте қиын... Тек соңғы екі мәселенің оңалуына ықпал етсе де үлкен олжа болар еді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.