Валюта бағамы
  • USD -

    484.5
  • EUR -

    535.5
  • RUB -

    5.15
БҮГІН – ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС ОРНАҒАН КҮН
02 наурыз 2019
БҮГІН – ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС ОРНАҒАН КҮН

1992 жылдың 2 наурызы күні Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық байланыстар орнатылды. Одан бұрын, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған болатын. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі (https://www.facebook.com/kzembassy?) ресми парақшасында жазды.

«Халықтарымыздың тарихы, тілі мен мәдениеті тамырлас, дүниетанымы мен түсінігі жақын. Сондықтан ортақ болашақты бірге баянды етуге бағытталған бірлескен жұмысты жүргізуіміз заңды. 27 жыл ішінде қазақ-түрік байланыстары сауда-экономика, көлік-инфрақұрылым, туризм, мәдениет, білім беру, қауіпсіздік және т.б. салаларда қарқынды дамып, бүгінде жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде жалғасып жатыр. 1992 жылы 30 млн. АҚШ долларымен басталған екіжақты сауда көлемі қазіргі таңда 2 млрд. доллар деңгейінен асып түсті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы Түркияға жасаған ресми сапары ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтерді. Сапар барысында Қазақстан мен Түркия арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Түркияға 2018 жылы өткен ресми сапары шеңберінде екі ел арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысы өтті.

Елдеріміздің халықаралық аренадағы ұстанымдары да астарласып жатыр. Қазақстан мен Түркия бір-бірінің халықаралық бастамаларын өзара қолдап келеді. БҰҰ, ИЫҰ, ЕҚЫҰ, АӨІСШ, ЭЫҰ сияқты ұйымдардың шеңберіндегі ықпалдастығымыз дамып келеді. Астана үдерісі жаһандық тұрақтылыққа үлес қосып отырған тиімді тетік екенін дәлелдеді. Түркі жақындасуының басты саяси ұйымы саналатын Түркі кеңесі елдеріміздің бастамасымен құрылды. Бүгін Қазақстан мен Түркия Еуразиялық кеңістіктің маңызды да беделді ойыншыларына айналды.

Қазақ-түрік қатынастарының елдеріміздің ұлттық мүдделері жолында одан әрі дамып, беки беретініне сенімдіміз»,-делінген елшіліктің ресми парақшасында.

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

ЕРДОҒАН МЕН ГУТТЕРИШ УКРАИНАҒА ТАРАПТАРДЫ  ТАТУЛАСТЫРУ ҮШІН КЕЛДІ
17 тамыз 2022
ЕРДОҒАН МЕН ГУТТЕРИШ УКРАИНАҒА ТАРАПТАРДЫ  ТАТУЛАСТЫРУ ҮШІН КЕЛДІ

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш Украинаға келді.

Бүгін олар Украина президенті Володимир Зеленскиймен бірге үшжақты кеңес өткізеді. Аталған жиында орыс-украин соғысының дипломатиялық жолмен бітуіне ықпал ету, Украина астығын әлемдік нарыққа шығаруға қатысты жасалған тетіктерді күшейту, сондай-ақ қауіпті жағдайда тұрған Запорожье атом электр стансасының мәселесі талқыланбақ.

Зеленскийдің шақыруын қабыл алып келген Гуттериш ертең  Одесса қаласына барып, келесі күні Ысанбұлға табан тірейді.

Екі әлемдік саясаткердің тараптарды татуластыру талпынысынан жемісті нәтиже күту өте қиын... Тек соңғы екі мәселенің оңалуына ықпал етсе де үлкен олжа болар еді.

Алим Байель назначен Генеральным консулом Казахстана в Стамбуле
20 мамыр 2020
Алим Байель назначен Генеральным консулом Казахстана в Стамбуле

Алим Дауренович Байель (ранее – Баялиев) назначен Генеральным консулом Республики Казахстан в г. Стамбул.

А. Байель родился в 1984 г. Окончил бакалавриат Ближневосточного технического университета (г. Анкара, Турция) по специальности «Бизнес-администрирование». Окончил магистратуру Университета Джорджа Вашингтона (г. Вашингтон, США) по специальности «Государственное управление». Выпускник программы «Болашак». Состоит в Президентском молодежном кадровом резерве.

2012–2014 гг. – эксперт Совета сотрудничества тюркоязычных государств;

2014–2015 гг. – директор центра международных отношений Тюркской академии;

2016 г. – руководитель управления международного сотрудничества Министерства Республики Казахстан по делам государственной службы;

2016–2018 гг. – руководитель управления международного сотрудничества, руководитель управления стратегических разработок Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции;

2018–2020 гг. – первый секретарь по политическим вопросам Посольства Республики Казахстан в Турции;

С 1 марта 2020 г. – Генеральный консул Республики Казахстан в Стамбуле.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.