Бүгін 2024 жылғы Париж Олимпиадасы салтанатты түрде ашылады. Дүбірлі дода 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойынға әлемнің 205 елінен спортшылар қатысады.
Спортшылар шеруі Сена өзенінде өтеді. Әрбір делегация өз қайығымен жүзіп өтеді. Бағыттың ұзақтығы алты шақырым. Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын.
Қазақстан құрамасының туын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова ұстап шығады. Париж Олимпиадасы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Сондай-ақ, Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.
Қазақстандық спортшылар бокс, дзюдо, спорттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннистен сынға түседі.