Валюта бағамы
  • USD -

    513.7
  • EUR -

    586.5
  • RUB -

    6.37
 Берік Уәли Абай облысына жаңа әкім болды
Фото: Ақорда 17 ақпан 2025
Берік Уәли Абай облысына жаңа әкім болды

Абай облысына жаңа әкім болып Берік Уәли тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, 1977 жылы Семей облысында дүниеге келген.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.

1998-1999 жылдары – «НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының шығарушы редакторы.

2000-2007 жылдары – «31 канал» телерадиокомпаниясында» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, «Еркін сөз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Дода» саяси ток-шоуының бас редакторы әрі жүргізушісі.

2007-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ  Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар қызметінің тілшісі,

«Бетпе-бет» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі.

2009-2012 жылдары – «Нұр Отан» партиясы «Нұр-Медиа» ЖШС Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының басшысы.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің жетекшісі, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – «Нұр-Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2017-2018 жылдары – «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «1-студия» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы.

2022-2023 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы.

2023 жылғы 12 қыркүйекте мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

RELATED NEWS
Арман Қырықбаев Президенттің көмекшісі болды
24 ақпан 2025
Арман Қырықбаев Президенттің көмекшісі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Қырықбаев Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ол еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі болып бастаған. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің атташесі, 1999-2000 жылдары-Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы, кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД істері комитетінің екінші хатшысы. 2002-2004 жылдары – «ABE корпорациясы» ЖАҚ Стратегия және маркетинг департаментінің директоры, 2004-2005 жылдары – «К-МАРТ» ЖШС Бас директоры.

2005 жылы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 2005 жылдан 2006 жылға дейін Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры, 2006 жылдың сәуірінен 2008 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Арман Қырықбаев 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымында болды. 2014-2015 жылдары Nur Otan партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі болған. Сондай-ақ, 2015 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы әкімінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.

2024 жылы Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған еді. 

 

Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды
09 қазан 2024
Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

 Ұлытау облысын Берік Әбдіғалиұлы басқарған еді. Ол бүгін Президент жарлығымен қызметінен босатылды. 

Дастан Рыспеков 1984 жылы 23 маусымда Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматының Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды. Содан кейін МСМ Туризм индустриясы комитетін басқарды.

Ал 2023 жылғы тамыздан күні бүгінге дейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болды.

Түркістанның әкімі Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды
06 қаңтар 2025
Түркістанның әкімі Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдыны Түркістан облысының әкімі қызметінен босатып, жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы Түркістан облысында туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1996 жылы Түркістан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған.

2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған.

2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған.

2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған.

2022 жылдан бері Түркістан облысының әкімі болды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.