Валюта бағамы
  • USD -

    520.9
  • EUR -

    543
  • RUB -

    5.33
Белгілі ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке кірісті
10 желтоқсан 2019
Белгілі ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке кірісті

Белгілі ақын, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты   Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың әлеуметтік желідегі парақшасына жазуына қарағанда, Қалқаман Сарин бұдан былай Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту басқармасын басқарады. 

Қалқаман Сарин 1998 жылы Евразия ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы аталған оқу орнының магистратурасын аяқтап, гуманитарлық ғылымдардың магистрі атанды. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған. 2008-2018 жылдар аралығында Евразия ұлттық университетінде оқытушы және ректордың кеңесшісі болып еңбек етті. 2018-2019 жылдары «Шалқар» ұлттық радиосының директоры қызметін атқарды.
 ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Сарин шығармашылықта да мол табысқа қол жеткізген. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауареаты.

RELATED NEWS
ЕРЖАНАР ӘШЕЙХАН «ҚАЗАҚСТАН»  ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫНА» БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
26 қараша 2019
ЕРЖАНАР ӘШЕЙХАН «ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫНА» БАСШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың бұйрығымен белгілі журналист Ержанар Әшейхан «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары-Қоғам Басқармасының мүшесі лауазымына сайланды.

 

Ержанар Әшейхан бұған дейін «Қазақстан» РТРК» аймақтық хабар таратуды дамыту департаментінің директоры болып қызмет атқарып келген болатын.                                                                                                                                                            Ол еңбек жолын 2003 жылы «Эра» телекомпаниясы» ЖШС-да репортер қызметінен бастаған.

2006 жылдан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ жұмыс істеп келеді.   

2012 - 2015 жылдар аралығында «Қазақстан» Корпорациясының Алматы қаласындағы филиалында бағдарламалар өндірісі жөніндегі шығармашылық бірлестіктің шеф-редакторы, атқарушы продюсері қызметтерін атқарды.

2017 жылдың қарашасынан аймақтық хабар таратуды дамыту департаментінің директоры қызметінде жұмыс істеді. BBC қоры жариялаған "Орталық Азиядағы ана мен бала өлімі" тақырыбындағы телебайқаудың, 2014 жылы Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен "ТЭФИ-Достастық" халықаралық байқауының лауреаты. Өнертану магистрі. Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған "Елдидар" кітабының соавторы.

АҚЕРКЕ АБЫЛАЙХАН ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
10 желтоқсан 2019
АҚЕРКЕ АБЫЛАЙХАН ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Білім саласындағы білікті менеджерлердің бірі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, PhD докторы Ақерке Абылайхан Өскемен қаласының білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, жаңа басшыны ұжымына және білім беру ұйымдарының директорларына қала әкімі Жақсылық Омар таныстырған.


Ақерке Абылайхан Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 1997 жылы «Биология және химия пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша Ш.Құдайбергенов атындағы «Семей» мемлекеттік университетін тәмәмдаған. 2002-2005 жылдары «Болашақ» халықаралық стипендиясының докторантура бағдарламасы бойынша Германияның Хемниц техникалық университетінде оқыған. Философия ғылымдарының докторы, PhD-ғылымдарының кандидаты (Ph.D.) және жаратылыстану ғылымдары бойынша PhD-докторы (неміс жүйесінде).

Еңбек жолын Семей мемлекеттік университетінде интерн-педагог ретінде бастаған. Содан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Хемниц техникалық университетінде (Германия) ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

2006 жылдан бастап 12 жыл бойы ҚР білім және ғылым министрлігінде кафедра меңгерушісі, білім және ғылым министрлігінің даму стратегиясы департаментінің халықаралық бағдарламаларын іске асыру бөлімінің басшысы, ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерін, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы саяси басқару академиясы директорының орынбасары лауазымдарын атқарған. Соңғы жұмыс орны — Шымкент қаласының білім басқармасының (2018-2019) басшысы.

Ақерке Абылайхан білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен және белгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ауғанстанның жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен, ТМД-ның білім беру жобалары жөніндегі атқарушы комитетінің, ШЫҰ-ның медалімен марапатталған. Осы жылдар аралығында ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі, ТМД-ның білім беру жобалары бойынша сараптамалық тобының төрағасы, ҚР СІМ-нің ресми дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды. 2018 жылы — БҰҰ-ның әйелдер ісі жөніндегі ғылыми кеңесшісі.

Қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.


 

 

ДУЛАТ АБИБУЛЛАЕВ «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫНЫҢ» БАС РЕДАКТОРЫ, "ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ" ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
16 қыркүйек 2019
ДУЛАТ АБИБУЛЛАЕВ «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫНЫҢ» БАС РЕДАКТОРЫ, "ҚАЗАҚ РАДИОСЫНЫҢ" ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Қазақ радиолары» ЖШС Бас редакторы, "Қазақ радиосының"  Директоры лауазымына Абибуллаев Дулат Орынбасарұлы тағайындалды.

Дулат Абибуллаев 1985 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі.  Сондай-ақ экономист мамандығын игерген. БАҚ саласында 12 жылдан астам еңбек өтілі бар. Әр кездері «31 телеарна» медиахолдингінде редактор,  «Өнер жұлдыздары» республикалық журналында PR-менеджер, шеф-редактор, Бас редактор, «Қазақстан кәсіподағы» газетінің Бас редакторы, ҚР  Кәсіподақтары Федерациясының баспасөз-хатшысы қызметтерін атқарған. 2012 жылдан бері «Казақстан» РТРК АҚ  құрамында жұмыс істейді, ҚР Президентінің,  ҚР Үкіметінің журналисттік ПУЛ тобының тілшісі. «Алтын қалам», «Шабыт» Халықаралық шығармашылық байқауларының жүлдегері.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.