Ыстамбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы алдына келген Бекболат Тілеухан өзінің ешқандай елдің азаматтығын алмағынын айтып, көк паспортын көрсетті.
Айта кетсек, бұған дейін бірқатар БАҚ-та бұрынғы депутат Қазақстан азаматтығынан шығып, басқа елдің паспортын алды деген сыңайда ақпарат жарияланды.
Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.