Сирияның экс-президенті Башар Асадқа Ресей оған саяси баспана берді, деп жазады ресейлік агенттік ТАСС.
Башар Асадқа және оның отбасына саяси баспана беру туралы шешімді Ресей президенті Владимир Путин қабылдады. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге хабарлады.
- Мұндай шешімдерді мемлекет басшысынсыз қабылдауға болмайды. Бұл оның шешімі, - деді Кремль өкілі.
Бұған дейін Сирияда 50 жыл билік құрған Асад әулеті құлағаны туралы хабарлаған болатынбыз.