Валюта бағамы
  • USD -

    523.9
  • EUR -

    612.5
  • RUB -

    6.69
ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ
30 сәуір 2019
ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

Салтанатты шараға Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісі Рашад Маммадовтың мәртебелі мемймандары қатарында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык, Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Жиенбек Құлыбаев пен өзге де елдердің дипломатиялық миссия өкілдері мен зиялы қауым және  БАҚ өкілдері болды. Асқар Жұмағалиев өз сөзінде Әзірбайжанның экономикасын дамыту арқылы халқының әл-ауқатын арттыру жолында жоғары жетістіктерге жеткеніне тоқталды. Сосын «Әзірбайжанды стратегиялық әріптесіміз санаймыз. Елдеріміздің арасындағы оң байланыс барлық саладағы ынтымақтастықтың артуына жол ашты», - деді. Сонымен қатар, ол бауырлас елдер арасындағы мұндай жақсы байланыстың бастауында Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев пен Әзірбайжанның президенті И.Әлиев тұрғанына тоқталды.

Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісі Рашад Маммадов болса, Тәуелсіздік таңы атқаннан бастап ұлт лидері Гейдар Әлиевтің жасаған сындарлы саясатының ұлттық сананың қалыптасуына ықпал еткенін атап өтіп. Әзірбайжан жерінің 20 пайызын Армения басып алғанына тоқталған ол әділдік орнап, топырақтың қайтарылуы халықаралық деңгейде реттелуі керектігіне тоқталды.  Сонымен қатар, Әзірбайжанның Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі мәселесінде айрықша рөлге ие екеніне тоқтала келе  соңғы 15 жылда мемлекеттің экономикасының 15 есе өсіп, экономикаға құйылған инвестиция мөлшерінің 260 миллиард долларға жеткеніне тоқталды.

 

RELATED NEWS
Azerbaijan Airlines ұшағын жерден атқылаған - Әзербайжан президенті
30 желтоқсан 2024
Azerbaijan Airlines ұшағын жерден атқылаған - Әзербайжан президенті

“Азаматтық ұшақ Ресей аумағында, Грозный қаласының маңында сырттан зақымданып, іс жүзінде басқарудан айырылған. Біз сонымен бірге ұшақты радиоэлектронды күрес құралдары арқылы басқара алмайтындай жағдайға жеткізгенін де білеміз. Бұл ұшаққа келтірілген алғашқы зақым” деді Әлиев әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында. 

Ол атқылаудың салдарынан ұшақтың артқы бөлігі қатты зақымданғанын айтты. 

Оның сөзінше, түпкілікті қорытынды қара жәшікті ашқаннан кейін белгілі болады. Әзербайжан президентінің сөзінше, ұшақты қасақана атқыламаған.

Әлиев сонымен бірге "қандай да бір газ баллоны жарылды" деп мәлімдеген Ресей билігі кінәсін мойындап, Әзербайжаннан кешірім сұраудың орнына "мәселені жасыруға" тырысты деді.

“Ресейдің ресми құрылымдарының қандай да бір газ баллоны жарылғаны жөнінде болжамды алға тартуы біздің көңілімізді қалдырды әрі таңғалдырды. Яғни, Ресей жағы мәселені жасырғысы келетінін айқын көрсетті және бұл әрине, абырой әкелетін нәрсе емес” деді Әлиев. 

 

Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды
25 желтоқсан 2024
Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды

Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 26 желтоқсанда Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Аzertag агенттігі.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев тиісті жарлыққа қол қойды.

Еске салайық, бүгін Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Әзірге 28 адам аман қалғаны айтылуда.

Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері ауқымды өтті
26 қыркүйек 2024
Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері ауқымды өтті

Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндеріне орай өткен гала-концертке мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Ulys Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында өткен гала-концертпен қорытындыланды. Ауқымды іс-шараға мыңға жуық көрермен - шығармашылық зиялы қауым, ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдері, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары жиналды.

Сондай-ақ концертке ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрі Адил Керимли қатысты.

Сахнада Әзербайжанның Халық әртістері Самир Джафаров, Алихан Самедов, Тунзаля Агаева, Азер Зейналов, Гульяз Мамедова, Әзербайжанның еңбек сіңірген әртістері Рашад Ильясов, Лала Мамедова және басқа да танымал өнерпаздар өнер көрсетті. Іс-шарада Қазақстан мәдениетін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Әлішер Кәрімов пен халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Аяулым Қажымұханқызы Жумкенова таныстырды.



Концерт барлық қатысушылардың Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдени бірлік пен достықтың символына айналған Муслим Магомаевтың әйгілі «Әзербайжан» әнін орындауымен аяқталды.

Айта кетейік, 24-26 қыркүйек аралығында Қазақстанда Әзербайжанның мәдениет күндері өтті. Оның аясында Астанада кітаптардың тұсаукесері, этно-джаз концерті, екі елдің Ұлттық кітапханалары арасындағы меморандумға қол қою, сондай-ақ «Әзербайжан өнерінің інжу-маржандары» көрмесінің ашылуы және Әзербайжан мемлекеттік би ансамблінің концерті өтті. 

2023 жылдың желтоқсан айында Бакуде Қазақстанның Әзербайжандағы Мәдениет күндері жоғарғы деңгейде өтіп, екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайтудағы маңызды қадам болған еді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.