Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты Бакуге шұғыл оралды. Бұл туралы бірқатар ресейлік БАҚ жазды, деп хабарлайды Ulys.
Ильхам Әлиев ТМД саммитіне қатысу үшін Ресейге келген болатын.
Еске салсақ, Ақтау қаласының маңында ұшақ апатқа ұшырады. Алдын ала болжам бойынша ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған. Ұшақта 64 адам болған. Олардың арасында 25 адамның аман екені айтылуда.