Валюта бағамы
  • USD -

    462.5
  • EUR -

    495.5
  • RUB -

    5.31
ӘЗЕРБАЙЖАН ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АЛЛЕЯ АШЫЛДЫ
19 қазан 2019
ӘЗЕРБАЙЖАН ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АЛЛЕЯ АШЫЛДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Әзербайжан Республикасы дипломатиялық қызметінің 100 жылдығы мен Әзербайжан мемлекеті Тәуелсіздігінің қайта қалпына келтірілуінің 28 жылдығы құрметіне аллея ашылды. Салтанатты шарада айтулы даталардың маңыздылығына тоқталған Қазақстандағы бауырлас мемлекеттің Елшісі Рашад Маммадов аллеяның ашылуына ықпал еткен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен елорданың Алматы ауданы әкімдігіне  алғысын білдірді.

 

RELATED NEWS
Бакуде өтетін түркі кеңесі саммитіне тәуелсіз түркі елдерінің  президенттері түгел  қатысады
17 мамыр 2019
Бакуде өтетін түркі кеңесі саммитіне тәуелсіз түркі елдерінің президенттері түгел қатысады

Бұл туралы бүгін Түркітілдес елдердің ортақ сауда-өнеркəсіп палатасының қүрылу салтанатында Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев айтты. Оның сөзінше,  осы  жылдың қазан айында Әзірбайжанның астанасы Бакуде өтетін   Түркі Кеңесіне мүше елдердің мемлекет басшыларының VII саммитіне Қазақстан, Түркия, Əзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан жəне Түрікменстан жəне бақылаушы ел Мажарстан басшысы да қатысады. Сондай-ақ ол Өзбекстанның Түркі Кеңесіне осы саммитте мүше болады деген үмітте екенін жеткізді.

 

 

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ОРТАҚ МАҚТАНЫ
18 желтоқсан 2019
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ОРТАҚ МАҚТАНЫ

Бауырлас Қазақстан мен Әзербайжан елінің ортақ мақтаны, екі елдің ынтымағын арттыру жолында тер төгіп жүрген қайраткер жандардың бірі —   Шахверди Бабаев. Ол түбі бір, тарихы ортақ қос елдің қай-қайсысын да бір-бірінен бөліп қарамай Отаным деп санайды, әрі мақтан тұтады.

Шахверди Бабаевтың Қазақстанға келіп, қандас қазақтардың ортасына сіңіп, елдің дамуы жолында еселі еңбек етіп жатқанына 40 жыл болды. «Бар күшім бауырлас Қазақ Елінің Тәуелсіздігінің нығайып, дамуы үшін» деп дамылсыз шапқылап жүріп 60 жасқа қалай келгенін өзі де сезбей қалғандай.

Шахверди Агададаш оглы Бабаев Әзербайжанның Ленкарань ауданына қарасты Гелметюк ауылында 1959 жылы дүниеге келген. Туған жерінде 1976 жылы орта мектепті бітірген ол Ленкараньдағы оқытушылар үйінде біраз жұмыс істейді. Сол жерден әскер қатарына аттанады. Азамматық борышын Алматыда өтеу бұйырған екен. Небары 20 жастағы қылшылдап тұрған жас жігіт әскери борышын адал атқарып біткеннен соң одан кейінгі тағдырын бауырлас Қазақстанмен байланыстырғанды жөн көрген. Содан бері Ұлы даланың төсінде, бауырлас халықтың қызығына да, қиыншылығына да ортақтасып, біте қайнасып кетті. 

Мұрты енді тебіндеп, қатая бастаған 20 жастағы жігіт еңбек жолын Қазақстанның жергілікті сауда алаңдарынын бірінен бастады. Еңбекқорлығының арқасында бірден көзге түсіп, бір жылдан кейін сол кездегі астанадағы «Алтын Орда» сынды сауда кешенін басқара бастады. 

1986 жылы Мәскеу сауда институтының Алматы бөлімшесін оқып бітірген Шахверди Бабаев сауда саласында жоғары білікті басқарушы ретінде қызметін табысты жалғастырды. Жас жігіттің қайсарлығы мен қабілетін бірден байқаған Қостілен базарының бас директоры Алтынбек Әлбиев басты сауда залдарының бірін басқаруды оған сеніп тапсарады. Әлбетте, негізгі маңызды фактордың бірі әркез мұқият ойланып, дұрыс таңдау жасау арқылы шешілген кадрлық саясат екеніне көзіміз жетіп жүр. Жас Шахвердинің сала маманы ретінде білгірлігі тағдырын саудамен байланыстырған жүздеген адамға үлгі болды. Жылдар бойы жинаған мол тәжірибесі мен іскерлігінің арқасында қазір ол ірі сауда орталықтарының бірі «Алтын Орданы» басқарып отыр. Бұл орталық жергілікті халықтың ғана сауда-саттық жасайтын сүйікті орны емес, Алматы облысына келетін әрбір турист үшін де тартымды жерлердің біріне айналып үлгерді. Мұнда шамамен 5000-нан астам адам жұмыс жасайды. Әлбетте, олардың еңбек орнының тұрақты болуы мен материалдық игілігінің артуы да жергілікті жердің де өсуіне септігін тигізеді. 

Шахверди Бабаев бұның сыртында қайраткер адам. Атап айтқанда, Қазақстандағы әзербайжандар қауымдастығы төрағасының орынбасары. Айта кететін тағы бір жәйт, бұрындары Қазақсанның әр жерінде тұратын әзербайжандардың бірлігі мен берекесі дәл бүгінгідей берік болмайтын. Олардың қазіргідей ынтымақтасуында Шахверди Бабаевтың сіңірген еңбегі орасан. Ол сонымен қатар, бауырлас қазақ халқына тарихи Отаны— Әзербайжанның өкілі ретінде де әрдайым сыйлы болды әрі әзербайжандықтардың игі іске үнемі дайын екенін үлгі етіп көрсете алды.

Шахверди Бабаевтың балалар үйіне, кедей отбасыларға және көптеген интернаттарға үнемі көмек жасайтынын айтып жеткізу мүмкін емес. Сонымен қатар, ол 2010 жылы су тасқыны үйлерін шайып кеткен отбасыларға да алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды. Бұның сыртында Түркіден тарайтын бауыралс елдер Қазақстан мен Әзербайжанның арасын жақындату үшін жанталасып жүрген жанкештілігін біреу білсе, біреу білмес. 

Ол қаршадайынан қанат қағып алысқа кеткенімен туған топырағы Ленкаранін бір сәт естен шығарған емес. Ол туған елінің нағыз патриоты ретінде Әзербайжанның да әр түрлі аумағында жүздеген жұмыс орындарын ашып берді.

Шахверди Бабаевтың мұндай өрлігі мен ерлігін Қазақстан билігі де, Әзербайжанның басшылығы да назардан тыс қалдырмады. 2015 жылы сол кездегі Қазақстанның президенті («қазір Қазаақстанның тұңғыш президенті, Елбасы) Нұрсұлтан Назарбаев оны «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Сондай-ақ ол   Қазақстан Халқы Ассамблеясының рөлін көтеруге қосқан үлесі үшін, сонымен қатар Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына қосқан еңбегі үшін де медальдер алды. Ал Ш.Бабаевты Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев те марапаттады. Бауырлас елдер арасындағы достықты арттыруға қосқан үлесі мен   әзербайжан диоспарысының дамуына қосқан үлесі үшін оның төсінде 2016 жылы  «Терегги- Прогресс» медалі жарқырады.  Сонымен қатар, ол Қазақстандағы әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі үшін 2017 жылы «Қазақ Халқының адамы» құрметті медаліне лайық көрілді. 

Шахверди Бабаев тек тәжірибелі кәсіпкер ғана емес, қоғам қайраткері, тәртіпті басты орынға қоятын азамат. Отбасының тіреуі, мейірімді әке. Сүйкімді қызы Шахина мен әкесінің есімін берген жанынан жақсы көретін ұлы Агададаш кейіпкеріміздің мақтаны мен өмірінің шабыт көз іспетті. Бауырлас Қазақстан мен Әзербайжан елінің мол мұрасы мен мәдени мәйегін тел емген, ортақ құндлығын қанып ішкен Шахверди Бабаев сынды азаматтар екі елдің халқы үшін де үлгі етіп ұялмай көрсететін табысты да қайраткер тұлға. «Алпыс — тал түс» дейді халқымыз. Түркінің текіт үлының қайраты қайтқанша талай асулар аларына, қос елдің гүлденуі жолындағы еңбегін жалғастыра береріне еш күмән жоқ.

 

 

 

ХОЖАЛЫ ГЕНОЦИДІ
26 ақпан 2019
ХОЖАЛЫ ГЕНОЦИДІ

Бүгін бауырлас Әзірбайжан елінде Хожалы құрбандарын еске алу күні. Себебі, Таулы Қарабахқа қарасты аталған қалаға 1992 жылдың ақпан айының 25-нен 26-на қараған түні шабуыл жасалып, жүздеген бейбіт әзербайжан өлтірілді. Бұл 27 жыл өтсе де әлі әділ бағасы берілмей келе жатқан қанды оқиғаның бірі.

Хожалы қырғынына байланысты Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурасы арнайы мәлімдеме жасады. Онда көрсетілгендей, Армения Республикасы Әзірбайжан Республикасына қарсы жүргізген басқыншылық соғысы арқылы Әзірбайжан Республикасы жерінің бестен бір бөлігін басып алған. Ал Хожалыны оккупациялау кезінде тіпті шектен шыққан. Әзірбайжанның Таулы Қарабақ өңірінде орналасқан Хожалы қаласында трагедиялық оқиғаға дейін 7000 мың адам тұрған. Аталған қаланы 1991 жылдың қазан айынан бастап армян қарулы күштері қоршай бастаған. Ал 1992 жылдың ақпан айының 25-нен 26-на қараған түні Армения қарулы күштері бұрынғы КСРО Қарулы күштерінің 366 мотоатқыштар полкінің көмегімен артиллериялық соққы жасап, Хожалыны басып алып, қала халқына жауыздық әрекеттер жасаған. «Хожалы геноциді салдарынан 5379 қала тұрғыны депортацияланды, 613 адам, оның 63-і бала, 106-ы әйел қатыгездікпен өлтірілді, тіпті 8 отбасының тайлы-таяғы қалмаған, 487 адам жарақат алды, 1257 адам қолға түсіріліп, кепілдікке алынды. Ал 150 адамның (68 әйел, 26 бала) тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Армения қарулы күштерінің Хожалы қаласын басып алуы Әзірбайжан мемлекеті мен халқына 170 миллион АҚШ долларынан астам шығын әкелді» делінген құжатта. Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурасының арнайы мәлімдемесінде Хожалыдаға қырғын олар тек әзірбайжан боғаны үшін жасалды деген түйінге келеді. Бауырлас халықтың қайғысына қатысты белгілі журналист, түркі әлемі тақырыптарында қалам тартып жүрген Аменкелді Құрметұлы өзінің фейсбук әлеуметтік парақшасында мынадай пікір білдіріпті. Толық беруді жөн көрдік.     

Аменкелді ҚҰРМЕТҰЛЫ, журналист

27 жыл бұрын, 1992 жылдың 26 ақпанында Əзербайжанның Хожалы қаласында қасіретті оқиға болған деседі. 25 інен 26 қараған түні армян қарулы топтары КСРО Қарулы күштерінің 366 мотоатқыштар полкінің (кейін полк таратылды) көмегімен Әзербайжанынң Хожалы қаласына шабуыл жасаған. Бір түнде 613 бейбіт тұрғынды қырып тастапты. Олардың ішінде 63 бала, 70 қария, 106 әйел болыпты. Сол кезде Армения қорғаныс министрі қызметін атқарған, былтырға дейін елдің президенті болған Серж Саргсян "Хожалыдан бұрын əзербайжандар армяндардың бейбіт тұрғындарға тиіспейтініне сенімді еді" депті. Яғни геноцидті əдейі ұйымдастырса керек. Із-түзсіз кеткен 150 ге жуық адам тағы бар. 25 бала тұл жетім қалса, 130 баланың ата-анасының бірі көз жұмған екен. Содан бері 27 жыл өтті. 
Айтпақшы, 366 гвардиялық мотоатқыштар полкі 25 гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының құрамына кіріпті. Ол ол дивизия ХХ ғасырдың басында Орта Азияда әрекет еткен "3 түркістандық кавалерия дизивиясының" негізінде жасақталса керек. Ал бұл дивизия 30 жылдарға дейін "басмашыларды жоюмен" айналысқан. Қысқасы, 366 полктің әу бастағы "миссиясы" түркі халықтарына қарсы күрес болғанға ұқсайды. Полк соңғы рет түркі халқына Хожалыда қару кезенді. Бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атты. Солай.
Хожалы қырғынын түркі жұрты ұмытпағаны жөн-ау. Кімнің дос, кімнің қас екенін естен шығармау үшін керек ол.

 

 

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.