Валюта бағамы
  • USD -

    519.7
  • EUR -

    539.5
  • RUB -

    5.31
Ауғанстанда қыздардың  медбике болуына тыйым салынды - БАҚ
Фото: BBC 04 желтоқсан 2024
Ауғанстанда қыздардың медбике болуына тыйым салынды - БАҚ

Ауғанстанда акушерлік және медбикелікке дайындық курсында оқып жүрген қыздардың енді сабаққа баруына тыйым салынды, деп хабарлайды Ulys BBC cілтеме жасап.

Бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ, дегенмен 2021 жылғы тамызда қыз балалардың орта және жоғары білім алуына тыйым салу саясатының бір ұшы болуы мүмкін.

Тәліптер «оқу бағдарламасы толықтай шариғат талаптарына сәйкестендірілген кезде, қыздарды қайта мектепке аламыз» деп талай рет уәде берген, бірақ орындамаған.

Талибан қыз балаларды білім алудың тағы бір мүмкіндігінен айырды. Елде бала босандыру ісімен тек әйелдер айналысады, сондықтан акушерлік пен медбикелік – білім алуға рұқсат берілген аз мамандықтың бірі.

RELATED NEWS
Ауғанстанда 1,4 млн оқушы қыз орта білім алу мүмкіндігінен айырылған
16 тамыз 2024
Ауғанстанда 1,4 млн оқушы қыз орта білім алу мүмкіндігінен айырылған
Талибан қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) басқаратын Ауғанстанда 1,4 млн қыз орта білім алу мүмкіндігінен айырылған, деп хабарлайды Ulys ЮНЕСКО-ға сілтеме жасап.

2021 жылы Ауғанстан билігі алтыншы сыныптан кейін қыздардың білім алуына тыйым салды. 15 тамызда ЮНЕСКО сайтында осындай мәлімет жарияланды.

"Егер аталған тыйымға дейін де мектепке бармаған қыздарды қоса есептейтін болсақ, онда елде білім алу құқығынан айырылған 2,5 миллионға жуық қыз бар. Бұл мектеп жасындағы ауған қыздарының 80%-ын құрайды", деп хабарлайды ЮНЕСКО.
«Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек» - Қазақстанның мәлімдемесі
19 тамыз 2021
«Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек» - Қазақстанның мәлімдемесі
Қазақстан Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulys ҚР СІМ сілтеме жасап.
«Қазақстан Ауғанстандағы жағдайдың даму барысын мұқият қадағалап отыр. Аталған елдің тарихында тағы бір шешуші сәт келе жатыр. Көпжылдық жанжалды ауған халқы өзі шешуі керек.
Қазақстан барлық тараптарды ішкі тұрақтандырудың басты алғышарты ретінде биліктің бейбіт транзитін қамтамасыз етуге шақырады. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің инклюзивті және өкілдік үкімет құру, ұлттық азшылықтар мен әйелдердің құқықтарын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу, халықаралық құқықты сақтау туралы мәлімдемесін қолдаймыз. Осы ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа билігімен диалогты бастау үшін қажетті шарт болуы тиіс», - делінген мәліметте.
67 ел мен ЕО Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
16 тамыз 2021
67 ел мен ЕО Ауғанстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

67 ел мен Еуропалық Одақ Талибан Ауғанстанды басып алғаннан кейін бірлескен мәлімдеме жасады. Олар Ауғанстаннан кеткісі келетіндерге барлық жолды ашық қалдыруға шақырды және ауған халқына көмектесуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл туралы Өзбекстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Мәлімдемеге қол қойған тараптардың қатарында Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австралия, Польша, Украина, Оңтүстік Корея, Африка және Латын Америкасы бар. Алайда Ресей бұл елдердің қатарында жоқ.

«Ауғанстаннан кеткісі келетін ауғандар мен шетелдіктерге мынаған рұқсат беру керек: жолдар, әуежайлар мен шекаралар ашық қалуы және бейбітшілік сақталуы керек. Ауған халқы қауіпсіз және абыройлы өмір сүруге лайық. Біз оларға көмектесуге дайынбыз », - делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланған хабарламада.

Мәлімдеме авторлары Ауғанстанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыс жасап жатқанын атап өтті. Олар «барлық тараптарды Ауғанстаннан кеткісі келетіндерді құрметтеуге және олардың қауіпсіз және тәртіппен шығуын қамтамасыз етуге» шақырды.

Еске салсақ, Ауғанстанда билік талибтердің қолына өтті. Президент Ашраф Ғани қантөгіс болдырмау үшін елден кетуге шешім қабылдады.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.