Жабай өзеніндегі судың деңгейі 5 метрден асып, Атбасар қаласын су алды. Қалада төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Ulys ТЖМ сілтеме жасап.
«Биылғы жылдың 11 сәуірінде Жабай өзенінде су деңгейінің күрт өсуіне байланысты сағат 04:43-те топырақпен қоршалған бөгетің алты учаскесі бұзылып, су қалаға кірді. Су деңгейі тез көтеріліп, қауіпті деңгей 5,95 метрге жетті. Осыған байланысты су тасқыны қаупі бар аймақтың барлық тұрғындары үйлерін босатуы керек. Қазіргі уақытта ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды», - деді Атбасар аудан басшысы Аманбек Қалжанов тұрғындарға.
Сонымен бірге, аудан әкімі тұрғындарды дүрбелеңге түспеуге шақырды.
Сонымен қатар, Атбасар қаласында № 2, 3, 5, 6, 7 орта мектептер және «Олимп» ДСК, Балалардың музыка мектебінде эвакуация пункттері ұйымдастырылған.