Валюта бағамы
  • USD -

    532.1
  • EUR -

    549.5
  • RUB -

    5.23
Асықшылар Бурабайда шеберліктерін шыңдауда
Фото: ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы 20 шілде 2024
Асықшылар Бурабайда шеберліктерін шыңдауда

Асық ату мен бес асықтан Қазақстан ұлттық құрамасы Бурабайда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңындағы кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады. 25 шілдеге дейін созылатын оқу-жаттығу жиыны Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлерінен республикалық олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтіп жатыр.

 

«Оқу-жаттығу жиынына Астана, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан облыстарынан келген ұлттық құрама мүшелері жиналды. Мұнда асықшылардың алаңсыз жаттығу жасап, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тыңғылықты дайындалуына барлық жағдай жасалған. Аталған байрақты бәсекеде жеңімпаз атану үшін бар күшімізді саламыз», - деді Асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жомарт Сабыржанұлы.

Бұл – асықшылардың жыл басынан бері өткізіп жатқан төртінші оқу-жаттығу жиыны. Соңғы жиын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Республикалық асық ату федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.  Қауымдастық құрамында бұдан өзге бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, құсбегілік, тоғызқұмалақ, теңге ілу, «JORYQ» ат спорты федерациялары бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

 

 

RELATED NEWS
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады
09 шілде 2024
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulys Ақордаға сілтеме жасап.

Ермек Маржықпаев президентке Қазақстан құрамасының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берген.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

«Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды», - делінген хабарламада.

Қазақстандық Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін алды
31 тамыз 2024
Қазақстандық Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін алды

Қазақстандық пара спортшы Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлде алды, деп хабарлайды Ulys Паралимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. 

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі. 

Қазақстандық Парижде Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
04 қыркүйек 2024
Қазақстандық Парижде Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі – 188 келі. 

Айта кетелік, Дегтярев өз мансабында екінші рет Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол Токиодағы пара ойындарда топ жарған еді. 

Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.