Валюта бағамы
  • USD -

    541.3
  • EUR -

    628.5
  • RUB -

    6.65
Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 89 ел қатысады
Фото: әкімдік 24 шілде 2024
Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 89 ел қатысады

8-13 қыркүйек аралығында Астанада этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстар – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден екі мыңнан астам адам қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ойындар үш бағыт, яғни спорт, мәдениет және ғылым бойынша өтеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының инфрақұрылымына елордалық 6 нысан кірді: "Астана-Арена" стадионы, "Қазанат" ипподромы, Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, "Алау" Мұз айдыны сарайы, "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешені, "Думан" кешені.

"Қазанат" ипподромында және Этноауыл аумағында ат жарысы, дәстүрлі садақ ату және құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері бойынша жарыстар, сондай-ақ ат жарыстары өтеді. Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы мен "Алау" мұз айдыны сарайында ұлттық күрес, жекпе-жек және халық ойындары бойынша жарыстар, "Думан" кешенінде дәстүрлі зияткерлік ойындар өтеді. "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Аккредиттеу және жабдықтау орталықтары орналасатын болады.

Ойындардың ғылыми бағдарламасының іс-шаралары ҚР Ұлттық музейінде өтеді.

Оңтүстік-батыс жағынан "Қазанат" ипподромына іргелес 10 га аумақта орналасқан "Көшпенділер әлемі" этноауылы ВИК мәдени бағдарламасын іске асыру үшін басты алаң болады, сондай-ақ мәдени бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар Астананың түрлі алаңдарында (алаңдар, саябақтар, скверлер, басқа да қоғамдық кеңістіктер, театрлар, Концерт залдары, кинотеатрлар, мұражайлар, көрме павильондары және т. б.) өтеді.

Спорттық бағдарлама жарыстарды спорттың 21 түрінен қамтиды. Оның ішінде:

* Асық ату
* Ордо
* Арқан тартыс
* Бәйге
* Көкпар
* Аударыспақ
* Теңге ілу
* Қазақ күресі
* Ашыртмалы аба гүреши
* Кореш (белбеу татар күресі)
* Көкборуу
* Алыш
* Мас-рестлинг
* Powerful nomad (алыптар сайысы)
* Тоғызқұмалақ (тоғызқорғұл)
* Мангала
* Овари
* Жамбы ату
* Дәстүрлі садақ ату
* Құсбегілік
* Құраш (өзбек күресі)

Ойындарда 100-ге жуық медаль жиынтығы ойнатылады.

RELATED NEWS
Қысқы Универсиада: Қазақстандық фристайл-могулдан чемпион атанды
14 қаңтар 2025
Қысқы Универсиада: Қазақстандық фристайл-могулдан чемпион атанды

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада фристайл-могулдан қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды, деп хабарлайды Ulys Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Финалға бірінші орынмен шыққан А.Городко ең жоғары ұпаймен (79,79) алтын медальға ие болды.

Жапониялық Харука Накао 76,29 балмен екіншіорынға ие болды.

Германиялық Ханна Вессе (75,04 балл) үздік үштікті түйіндеді.

Қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында ту ұстап шыққан Аяулым Әміренова бұл бәсекеде 70,52 балмен бесінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, қысқы Универсиадада бүгін қазақстандық жастар үш спорт түрінен сынға түсуде.

Ақмарал Ерекшеваның тарихи “ алтыны” - спортшылардың апталық жетістіктері
24 маусым 2025
Ақмарал Ерекшеваның тарихи “ алтыны” - спортшылардың апталық жетістіктері

16–23 маусым күндері Болгария астанасы Софияда өткен юниорлар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарысқа 7 спортшымыз қатысып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, Ақмарал Ерекешева үш бағдарламада финалға шығып, доп және лента жаттығуларында алтын, шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, жерлесіміз тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін жерлестеріміздің ең үздік нәтижесі – 4-орын болатын.

Олимпиада чемпиондарымен шеберлік байқасты

16–23 маусым күндері Индонезияның Бали қаласында өткен семсерлесуден сары құрлық бәсекесінде ұлттық құрама спортшылары бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы әлемдегі көшбасшылардың бірі, Олимпиада чемпионы Жапония құрамасымен сынға түсіп, 24:45 есебімен қарсылас жеңіске жетті.

Команда сапында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов өнер көрсетті.

Айта кетейік, жарыс барысында Қазақстан құрамасы 1/16 кезеңде Түрікменстаннан, кейін Сингапурдан, жартылай финалда Қытайдан басым түсті. Осыған дейін чемпионатта Вадим Шарлаимов жекелей сында қола жүлдегер атанған еді.

Ташкенттегі жарыста 3 спортшымыз тұғыр сатысына көтерілді

18–21 маусымда Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында ұлттық құраманың 3 спортшысы тұғыр сатысына көтерілді.

Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс қожайыны Акрорхон Темірхонов 13.550 балл жинап, топ жарды.

Ал әйелдер арасында бөрене жаттығуында Көркем Ербосынқызы финалда үздік үштікті түйіндеді. Отандасымыз 12.100 балл алып, Challenge Cup жарысындағы алғашқы жүлдесін мойнына тақты.

Қазақстан грек-рим күресінен Азия чемпионатында топ жарды

2025 жылғы 18–21 маусым күндері Вунгтау қаласында (Вьетнам) өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында отандық палуандар 6 алтын (Ерасыл Мамырбеков, Исхар Құрбаев, Бағдат Сабаз, Ақжан Ықыласов, Майис Әлиев, Виктория Хусаинова), 6 күміс (Мақсат Сайлау, Юсуф Мациев, Джохар Узаров, Мерей Базарбаев, Елнар Шілдебай, Нұрдәулет Бекенов, ) және 7 қола медаль (Диас Қалтай, Нұрдәулет Сейілбеков, Асхаб Хаджиев, Әлімжан Сәлімжан, Зейнеп Баянова, Ангелина Первухина, Тыныс Дубек) жеңіп алды. Әсіресе, грек-рим күресінің өкілдері үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Стелла Суханованың бір өзі Азия чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алды

Таиландтың Районг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден 18 бен 23 жас санатындағы Азия чемпионаты өтті. Сары құрлық бәсекесінде U23 санатында ұлттық құрама спортшылары сынға түсіп, 6 алтын (Денис Кленин, Стелла Суханова, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос), 6 күміс (Әнуар Алмағамбетов, Ольга Сурмина, Мария Бровкова, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Дмитрий Ладюков, Ольга Сурмина, Мария Бровкова, Виктория Фалалеева, Татьяна Гладкова) және 3 қола медальмен (Нұржан Муфуқұлұлы, Әнуар Алмағамбетов) жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.

Биылғы чемпионатқа 16 мемлекеттен 270 спортшы қатысты. Қазақстан 18 бен 23 жас санатын қосқанда барлығы 12 алтын, 12 күміс, 7 қола жүлде иеленді.

Александр Бублик Галле турнирінің екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевті жеңді – 6:3, 7:6 (7:4). Осылайша, Бублик спорттық жолында ATP турнирлеріндегі бесінші титулына қол жеткізді. Соның ішінде ол екінші рет Галле (2023) додасында үздік шығып отыр.

Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды
08 мамыр 2025
Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды

Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында аты аңызға айналған Ер Жәнібекті еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден ХІХ ашық республикалық турнир өтті.
Ер Жәнібек ұрпақтары ұйымдастырып отырған турнирге Шығыс Қазақстан, Абай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан келген 200 жасөспірім спортшы қатысады. 

- Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирді осымен 19-шы мәрте өткізіп отырмыз. Біз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа, оның ішінде семсерлесуге баулу мақсатында өткізіп келеміз, - деді турнирді ұйымдастырушы, Ер Жәнібек ұрпақтарының өкілі Әлібек Ерубаев. 

Турнирдің салтанатты ашылуында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев спортсүйер қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Отан қорғаушылар күнінде өтіп отырған жарыстың мәні мен мағынасы зор екенін айтты. 

- Ер Жәнібек батырдың құрметіне өтіп отырған турнирге жастардың көптеп қатысып отырғаны бізді қуантады. Облысымызда бұл спорт түріне ерекше ден қойылып отыр. Жас қатысушыларымыз көп болған сайын болашақ Олимпиада чемпиондарының қатары толысатынына сенім білдіреміз, - деді Ербол Нұрғалиев. 

Турнир 9 мамыр күніне дейін жалғасып, шапшаңдар мен алғырлар Жеңіс күнінде анықталады.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.