Бүгін Астана қаласының полициясы кқшеде оқ атқан адамды ұстады, деп хабарлайды Ulys.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, «Киа» маркалы автомашинаның ауаға оқ атқан жүргізушісін анықтап, ұстады. «Glock» маркалы тапанша тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.
Бұған дейін желіде «21 мамырға қараған түні Астанада «Думан» қонақ үйінің жанындағы автотұрағында белгісіз адам тапаншадан оқ атты» деген хабарлама тараған болатын.