Валюта бағамы
  • USD -

    525.5
  • EUR -

    541
  • RUB -

    5.25
Астанада еуропалық адвокаттардың құқықтық мәртебесі талқыланды
25 қыркүйек 2024
Астанада еуропалық адвокаттардың құқықтық мәртебесі талқыланды

Астана қаласында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Құқықтық диалогтар» жобасы аясында «Еуропалық Одақ елдеріндегі адвокаттардың құқықтық мәртебесі» тақырыбында вебинар өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» Ұлттық еріктілер қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырды.

 Вебинардың модераторы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов болды.

 Вебинардың негізгі баяндамашысы Еуропа Кеңесі адам құқықтары жөніндегі директоратының ынтымақтастық бағдарламалары басқармасының бөлім басшысы Сергей Дикман болды, ол Еуропалық Одақ елдеріндегі адвокаттардың құқықтық мәртебесі туралы айтып берді.

 Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев, Басқарма мүшесі - операциялық қызмет жөніндегі проректор Сапархан Омаров, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры Айнұр Сәбитова, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Әлия Ехласова, сонымен қатар қашықтан байланыста болғандар ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері мен Сараптамалық кеңесі, адвокаттар, Әділет министрлігі орталық аппаратының және аумақтық бөлімшелердің тиісті қызметкерлері, «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» еріктілері қатысты.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы қарсаңында өткізілді, онда Қазақстанда адвокатура институтын дамыту мәселесін қарау жоспарлануда. 

 Вебинар практик-заңгерлердің, адвокаттардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің үлкен кәсіби қызығушылығын тудырды.

RELATED NEWS
Демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанына 25 жыл толды
07 наурыз 2024
Демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанына 25 жыл толды

Астанада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына арналған Қазақстан әйелдерінің форумы өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Мемлекет басшысы ұлттық комиссияның 25 жылдығына орай құттықтау жолдады.

«Комиссия гендерлік тендікті қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту және ана мен баланы корғау ісінде ерекше рөл атқарып келеді. Бұл құрылым уәкілетті органдардың, азаматтық сектордың және бизнестің күш-жігерін тоғыстыратын тиімді мінберге айналды. Сіздердің еселі еңбектерініздің арқасында Қазақстан бірқатар халықаралық конвенцияны ратификациялап, гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі барлық міндеттемелерін орындап келеді. Біз әйелдердің қоғамдағы мәртебесін көтеру жене отбасы құндылықтарын дәріптеу үшін жүйелі шараларды жалғастырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет – Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасаймыз», – делінген Президенттің құттықтау сөзінде.

Форум барысында Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен азаматтық сектор мен халықаралық ұйымр өкілдері отбасылық-демографиялық саясат, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі, отбасыларды әлеуметтік және экономикалық қолдау, балалардың құқықтары және басқа да көптеген маңызды мәселелерді талқылады.

25 жыл ішінде Ұлттық комиссия отбасылық және гендерлік саясаттағы өзекті мәселелер бойынша тиімді жұмыс жүйесін құра алды. Комиссия мен серіктестердің бірге атсалысуының арқасында әйелдер, отбасы және балалар құқықтарын қорғауға бағытталған жүздеген табысты жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды. Комиссия осы сала бойынша маңызды шешімдер шығарып, оларды іске асыруға белсенді араласатын бірегей органға айналды.

«Amanat» партиясының хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Шолпан Каринова, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори және басқа да спикерлер комиссияның рөлі айтарлықтай ерекше екенін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар әйелдер құқықтары мен отбасылық құндылықтарды қорғау саласындағы одан әрі ынтымақтастық орнатып, бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігін атап өтті.

Қорытындылай келе, Аида Балаева бүгінгі форум отбасы мәртебесін арттыруға, гендерлік теңдікті сақтау жұмыстарын одан әрі дамытуға, жетістіктер мен перспективаларға жол ашып, бірлескен жұмысқа жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Ерекше жандарға күш берген - «Тең  мүмкіндіктер  әлемі»
27 наурыз 2024
Ерекше жандарға күш берген - «Тең  мүмкіндіктер  әлемі»

Қазақстанда 700 мыңнан аса мүгедектігі бар жандар тұрады. Елдің әр түпкірінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дене шынықтыру және спорт бөлімдерін ашу көпшілік жағдайда үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен жүргізілуде. Осы бағытта ауыз толтырып жұмыс жасап жүрген «Қазақстан бочча федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Тең  мүмкіндіктер  әлемі» қоғамдық қоры. Бұл ұйымдардың қажырлы еңбектерінің арқасында мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар спортпен шұғылданып, өмірде өз орнын табуда.

Бочча спорт Қазақстанда енді ғана дамып, мүгедектігі бар азаматтар, оның ішінде балалар мен жастардың арасында қарқын алып келе жатыр. Бұл ауыр тірек қимыл аппарат зақымдалған жандарға арналған паралимпиадалық спорт түрі.

«Туризм және спортты қолдау қорының  қолдауымен 2023 жылдың ішінде бочча спортшылары 3 халықаралық жарыстарға қатысап, әлемдік рейтингте алғаш ұпайларды жинай бастады. «Тең  мүмкіндіктер  әлемі» қоғамдық қоры  «Саламатты болашақ» атты әлеуметтік жобаны  Қазақстанның 23 қалада іске асыруда. Бұл жоба Қазақстанда бейімделген дене шынықтыру мен спортты дамытуға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арналған интеграцияланған нысандағы спорт секцияларының желісін құру арқылы жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешені. Жоба 2018 жылдан бастап  «Samruk-Kazyna Trust»   қорының   қаржыландыруымен   іске асырылуда», - дейді «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігінің  директоры, Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы Нұргүл Ұлжекова.

Оның айтуынша «Саламатты болашақ» жобасының  басты  мақсаты  ерекше балалар мен  олардың  ата-аналарының  арманын  орындау. Мұнда   ерекше   балаларға   арналған    бочча,   голбол,   адаптивті   жүзу,   адаптивті  каратэ,  адаптивті таэквондо,  адаптивті дзюдо, адаптивті пионербол,   адаптивті футбол, бейімделетін   жеңіл   атлетика,   инклюзивті   хореография   секілді   спорттың   әртүрі  қарастырылған.   Қымбат  тұратын  оңалту  шараларына  қарағанда  жыл   бойы спортпен  шұғылдану  ерекшелігі  бар  балалар   үшін  анағұрлым  пайдалы.  Олар  спорт  үйірмелерінен   нағыз   достар   тауып, өздеріне   деген   сенімділіктерін    нығайтады.

Шешен журналист қазақ халқына алғыс айтты
02 наурыз 2024
Шешен журналист қазақ халқына алғыс айтты

Шешен журналист Саид Бицоев Қазақстан халқын көктемнің алғашқы күніндегі алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна"  порталы. 

Саид Бицоев қазақстандықтарға ізгі тілегін арнады:

"Сіздерді көктемнің осы тамаша мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Біз 1944 жылы Қазақстан паналаған репрессияға ұшыраған ингуш шешендердің тікелей ұрпағымыз. Біз бірнеше саяси қасіретті кезеңді бірге өткерген елдерміз.  Сталиндік террордың ауыр зардаптарынан әлі айыға қоймаған қазақстандықтар Кавказ халқына көмек қолын созды. Қазақстандағы «сталиндік террор» құрбандарының жалпы саны бірнеше миллионнан асады. Бірақ дана қазақ шешен, ингуш және басқа жер аударылған халықтардың өздері сияқты құрбан болғанын түсінді. Сондықтан мүмкіндігінше көмектесіп, қолдау көрсетуге тырысты, бұл ондаған мың адамды ажалдан аман алып қалды" деп жазды журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтардың жанашырлығын ешқашан ұмытпайтынын айтты:

"Ғасырлар өтсе де, қазақтың ерлігі, батылдығы мен тектілігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жүрегімізде сақталады. Біз қазірден бастап бірге болуға лайықпыз! Бауырлас халық болуға дайынбыз! Рақмет, қазақ елі!" деді ол.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.