8 тамызда Астанада жүк тиеген фура ЛРТ құрылысына соғылды. Астана қаласы ПД бұл оқиға салдарынан үш жаяу жүргінші зардап шеккенін растады, деп хабарлайды Ulys.
Оқиға Қабанбай батыр мен Ұлы дала көшелерінің қиылысында болды.
«Жүк көлігінің жүргізушісі арнайы техниканы есептей алмай, ЛРТ құрылымына соғылды. Жапа шеккен үш жаяу жүргінші жолдың жиегінде тұрған», - деді Астана қаласының полиция басқармасы.
Зардап шеккендер жедел ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.