Валюта бағамы
  • USD -

    482.7
  • EUR -

    535.5
  • RUB -

    5.37
Астана алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай безендіріледі
26 шілде 2024
Астана алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қалай безендіріледі

Астанада 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2 мыңнан астам адам қатысады. Астананың барлық ауданында алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дайындық аясында елорда ауқымды іс-шараның ерекшелігін бейнелейтін шағын сәулет нысандарымен безендірілген.

Қаланың түрлі аумағында мүсіндер, сәндік құрылымдар мен қондырғыларды қамтитын шағын архитектуралық формалар орнатылған. Бұл элементтер көшпелі халықтардың мәдени мұрасын, олардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетеді. Киіз үйлер, жылқылар, сондай-ақ тарихи және мифологиялық бейнелер сияқты көшпелі мәдениетке тән символизмге ерекше назар аударылады.

Түрлі инсталляциялар Нұра ауданындағы орталық саябақта, Ғашықтар саябағында, «Азия паркі» СОО жанында, «Қазанат» ипподромының аумағында орнатылады, онда бірқатар жарыс өткізіледі.

Сарыарқа ауданында теміржол вокзалында, «Театр» алаңында және «Radisson» қонақ үйінің жанында арнайы тақырыптағы шағын сәулет нысандары орнатылған.

Алматы ауданында «Нұрлы жол» вокзалының аумағында инсталляция орнатылды.

Есіл ауданында шағын сәулет нысандары «Астана-Бәйтерек» монументінің жанында, Триумф аркасының жанында, Ботаникалық бақта, желекжолда және халықаралық әуежайда орналасқан.

Байқоңыр ауданында бес шағын сәулет нысаны орнатылды, тағы екеуінің орнатылуы жоспарлануда.

Спорт жарыстары мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтіліп отыр.

RELATED NEWS
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады
09 шілде 2024
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulys Ақордаға сілтеме жасап.

Ермек Маржықпаев президентке Қазақстан құрамасының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берген.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

«Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды», - делінген хабарламада.

Головкин бұрыннан келе жатқан әріптесін сенімді жоғалтты деп жұмыстан шеттетті
21 тамыз 2024
Головкин бұрыннан келе жатқан әріптесін сенімді жоғалтты деп жұмыстан шеттетті

Қазақстан ҰОК бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды Ulys.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды.

«Сенімінің жоғалуына байланысты Жанар Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады», - делінген мәлімдемеде.

Еске салсақ, Жанар Өтешова Головкин кәсіпқой бокс рингіне шығып жүргенде командасының баспасөз хатшысы болған. 2022 жылдың ортасына дейін ҰОК баспасөз және PR департаментін басқарған еді.

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
05 желтоқсан 2019
ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қуаныш Құрашев Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті – «Теңге ілу» федерациясының президенті қызметіне тағайындалды.

 

Қуаныш Нұралыұлы 1984 жылы 23 қазанда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік Заң академиясын, Экономика және құқык академиясын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Юриспруденция магистрі, заң ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында «СловКазстрой» ЖШС бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдігінде жауапты қызметте . Жеке секторда да еңбек тәжірибесі мол.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.