Валюта бағамы
  • USD -

    505.9
  • EUR -

    525
  • RUB -

    5.51
Әскери жағдай енгізіп, қызметтен шеттетілген Оңтүстік Корея президенті тергеледі
Фото: Yonhap 20 желтоқсан 2024
Әскери жағдай енгізіп, қызметтен шеттетілген Оңтүстік Корея президенті тергеледі

Оңтүстік Кореяның қызметінен шеттетілген президенті Рождество мерекесінде тергелетін болды, деп хабарлайды Yonhapnews агенттігі.

Әскери жағдайды енгізу туралы істі тергеп жатқан Біріккен құқық қорғау тобы президент Юн Сок Ёлге Кванчхондағы Жоғары лауазымды адамдар арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасына (CIO) алдағы сәрсенбі күні тергеуге келуге шақырту жіберген.

Бұл Юн Сок Ёлдің алған алғашқы шақырту емес, егер ол тергеуге себепсіз келмейтін болса, CIO директоры президентті 48 сағатқа дейін ұстау туралы сотқа талап-арыз бермек.

Оңтүстік Кореяның тергеу тобы бүлік пен билікті асыра пайдалану айыптары бойынша Юнға қарсы істі зерттеп жатыр.

RELATED NEWS
Мекке мен Мәдина қалалары су астында қалды
07 қаңтар 2025
Мекке мен Мәдина қалалары су астында қалды

Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалалары су астында қалды, деп хабарлайды Dailymail.

«Метеорологиялық басқарма Мекке, Мәдина және Джидда қалалары үшін «қызыл» деңгейлі қауіп жариялады. Әлеуметтік желілерде таралған бейнематериалдардан қалалардың көшелері өзенге айналғанын көруге болады. Көптеген көлік су астында қалып, күшті ағындар көліктерді ағызып әкетіп жатты», — деп жазады басылым.

Кейбір көліктер мен туристік автобустар жолдың ортасына тасталған. Үлкен су ағындары әдетте құрғақ болатын тасты аймақтар арқылы төменге түсіп, жолындағы ағаштарды, қалдықтарды, тіпті инфрақұрылым нысандарын шайып кеткен.

Газада соғысты тоқтату туралы соңғы келісімге қол қойылды
17 қаңтар 2025
Газада соғысты тоқтату туралы соңғы келісімге қол қойылды

Қатар астанасы Дохада Израиль мен ХАМАС (АҚШ пен Еуропа Одағы террористік ұйым деп таныған) Газа секторындағы бітім туралы келісімнің соңғы нұсқасына қол қойды. Бұл туралы ВВС Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне сілтеме жасап хабарлады. 
АҚШ пен Қатар өкілдері де Газа секторындағы атысты тоқтату және кепілге алынған Израиль азаматтарын босату туралы келісімге қол қойған🇮🇱.

 Нетаньяхудың кеңсесі жұма күні Израильдің әскери-саяси кабинеті "келісімді мақұлдауға жиналады" деп хабарлады. Кейін оны үкімет бекітуі керек.

Сирияда  50 жыл билік құрған Асад әулеті құлады
08 желтоқсан 2024
Сирияда 50 жыл билік құрған Асад әулеті құлады

Сирияда Асад әулетінің 50 жылға созылған билігі құлады. Бұл туралы Ресейдің СІМ сілтеме жасап BBC хабарлады.

24 жыл билеген Башар Асад елден кетті. Сирия 2011 жылдан бері азаматтық соғыс жағдайында өмір сүріп жатқан. «Ислам мемлекеті» террорлық тобы артқа шегінген соң Сирияда Асад билігі күшейгендей еді. 

Қазір Сирия аумағын бірнеше топ бақылап отыр. Алдағы бір-екі ай Сирия халқы үшін шешуші болмақ. Әртүрлі топтар елді бірнеше бөлікке бөліп билікке таласуы мүмкін. Күрдтер де бөлінуге тырысары анық. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.