Валюта бағамы
  • USD -

    444.9
  • EUR -

    484
  • RUB -

    4.97
Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды - БАҚ
28 наурыз 2024
Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды - БАҚ

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды. Бұл туралы бірнеше БАҚ түрлі көздерге сілтеме жасап хабарлады.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған. Ол бұған дейін Amanat партиясының жауапты хатшысы, 2021-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған.ма

2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Былтыр күзде ол Мемлекет басшысының жарлығынан кейін министр қызметінен босатылып, оған сәйкес Қазақстанда бес жаңа министрлік құрылды.

RELATED NEWS
Мемлекет басшысы сыртқы саясаттағы бірқатар кадрды ауыстырды
16 мамыр 2024
Мемлекет басшысы сыртқы саясаттағы бірқатар кадрды ауыстырды

ҚР Президенті бірқар ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ulys Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанар Сейдақметқызы Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды. Ал оның орнына Қайрат Омаров тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Президенттің тағы бір Жарлығымен Тимур Қалдыбайұлы Тілегенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Бұдан бөлек Әсет Арманұлы Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Бағдат  Мусин қызметінен кетті
30 сәуір 2024
Бағдат Мусин қызметінен кетті

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Жаслан Мәдиев Мусиннің орнына министр болып тағайындалды
06 мамыр 2024
Жаслан Мәдиев Мусиннің орнына министр болып тағайындалды

Фото: primeminister.kz

Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорданың хабарламасында.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2008 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары — «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары — «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.

2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2017-2018 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.

2018 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2020 жылғы қазаннан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.