Валюта бағамы
  • USD -

    541.7
  • EUR -

    638.5
  • RUB -

    6.51
Арал теңізінің құрғаған табанына 1,1 млн гектар сексеуіл егу тұрақты жүргізілуде
09 сәуір 2024
Арал теңізінің құрғаған табанына 1,1 млн гектар сексеуіл егу тұрақты жүргізілуде

Арал теңізінің құрғаған табанына 1,1 млн гектар сексеуіл егу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл туралы Ulys Қызылорда облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың экологиялық науқанға аймақ жұртшылығын белсене қатысуға шақырған үндеуі жарияланды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға және ортақ игіліктердің барлығына  ұқыпты қарау туралы түсінік қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттырып, қоғамда экологиялық мәдениетті нығайту.

Акция 5 кезеңнен тұрады:

1. «Таза өлке» апталығы (6-13 сәуір);

2. «Киелі мекен» апталығы (14-20 сәуір);

3. «Жасыл аймақ» апталығы (21-27 сәуір);

4. «Өнегелі ұрпақ» апталығы (28 сәуір - 4 мамыр);

5. «Мөлдір бұлақ» апталығы (5-11 мамыр) атты тақырыптық бағыттарда ұйымдастырылады.

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, тату тірлік пен береке-бірліктің бесігі – Сыр өңіріндегі акция аясында 6-13 сәуір аралығында:

«Менің туған өлкем» тақырыбында облыс көлеміндегі елді мекендерде, мекемелер мен кәсіпорындар аумақтарында жаппай тазалық шаралары;

«Табиғатқа құрмет отбасынан басталады» атты тұрғындардың өз аулаларын, көшелерін, көше бойында орналасқан арықтарды тазалау «Жасыл желек» жалпыхалықтық челленджі;

«Ауласы тазаның - ауасы таза!» және «Көшесі тазаның - көңілі таза!» тақырыптарында еріктілердің, эко белсенділердің және тұрғындардың қатысуымен тазалық акциялары;

«Жастар таза өлке үшін» тақырыбында жастар арасында тазалық челенджі;

«Taza Olke - Taza El» сенбілік ұйымдастыру «Гүлденген өлкем» елді мекендерді, көшелер мен саябақтарды көгалдандыру мен тазартуға үлес қосқан азаматтарды марапаттау шарасы ұйымдастырылады.

14-20 сәуір аралығындағы «Киелі мекен» апталығында «Сыр елі - тарихи қалалар мекені» облыс аумағындағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштер, облыстық тарихи-өлкетану музейі аумақтарын абаттандыру;

«Қорқыт ата» мемориалды кешені, «Марал ишан», «Қалқай ишан» кесенелері және аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

«Бұқарбай батыр», «Түмен әулие» кесенелері және аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

«Асанас», «Қышқала» қалашықтары, «Қалжан ахун» мешіт-медресесі және аудан аумағында орналасқан тарихимәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

«Оқшы ата» кесенесі және аудан аумағында орналасқан тарихи мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

«Қорасан ата» кесенесі, «Сығанақ» қалашығы және аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

«Бегім ана» мұнарасы, «Кердері» кесенесі және аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағын абаттандыру;

«Жанқожа батыр» кесенесі, «Жанкент» қалашығы және аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағы абаттандырылады.

21-27 сәуір аралығындағы «Жасыл аймақ» апталығында «Biz taza aimaq ushin» қала, аудан, елдімекендерде орналасқан саябақтар, скверлер, парктер мен аллеялар аумағын абаттандыру, «Көктемгі көшет!» ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылады.

28 сәуір мен 4 мамыр аралығындағы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында «Ардагерлерді ардақтайық» тақырыбында ардагерлер, қарттар үйлерінің аулаларын жинау және абаттандыру шаралары, белсенді жастар ұйымдарының «Жаныңда жүр жақсы адам» үндеуімен жалғызбасты қариялардың үйлері аулаларын жинау, әктеу, сырлау акциясы ұйымдастырылады.

5-11 мамыр аралығындағы «Мөлдір бұлақ» апталығында «Бұлақ көрсең, көзін аш» су айдындары мен арналарында жалпыхалықтық экологиялық акциясы «Таза жағалау, таза су айдыны» тақырыбында еріктілердің, қоғам белсенділері мен тұрғындардың қатысуымен су айдындары мен арналарында тазалық шаралары ұйымдастырылады.

Тазалық акциясының алғашқы аптасы «Таза өлке» атауымен өтуде. Бұл күндері облыс аймағындағы елді мекен тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері қоршаған ортаны таза ұстауға және тазартуға өз үлестерін қосуда. Бүгінге дейін қала және барлық аудандарда 30 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 1,1 млн. гектар сексеуіл екпелерін егу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, республикалық және облыстық бюджет есебінен 2021 жылы 101 мың гектар, 2022 жылы 250 мың гектар, 2023 жылы 193,2 мың гектар жерге итоорманмелиорациялық жұмыстары жүргізілді.

2024-2025 жылдар аралығында 556,2 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Бүгінгі күнге құрғаған ұлтанның 51,6 мың гектарға 15,3 млн. дана көшет отырғызылды.

Биыл еліміз Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуде. Теңіздің кепкен табанына өскіндер егу мәселесін аймақ басшысы тұрақты бақылауына алып, бұл ортақ іске кәсіпкерлерді де жұмылдыруда.

Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы жолдардың сапасын жақсарту мәселелері оңтайландырылып, құрылыс жұмыстары да қарқын алуда.

Биыл 300 шақырымға жуық жол жөнделіп, облыстағы жақсы деңгейдегі жол үлесі 92 пайызға жетпек. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артып отыр. Соның бірі, биыл аймақ басшысының қолдауымен қаладағы ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын Қожа Ахмет Яссауи көшесі қайта жаңғыртылуда. Жол құрылысы аяқталған жағдайда бұл көше 4 жолақтыға ауыстырылып, толығымен жарықтандырылады.

Сондай-ақ, құрылыс қарқынына айналған Қызылорда қаласының Сол жағалаудағы жаңа автовокзал ғимаратының алаңын жасыл желекке айналдыру мақсатында ағаш көшеттері отырғызылып, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары облыстың барлық аудандарында қарқынды жүргізілуде.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс тұрғындарының қатысуымен шаһарды қоқыстан тазарту жұмыстарының нәтижесінде, полигондарға 300 тоннаға жуық қоқыс шығарыса, облыс орталығындағы 30-ға жуық тұрғын үйлердің қасбеттері жаңғыртылып, қала көркіне сәне беруде.

Айта кету керек, өткен жылдан бастап ауылдық елді-мекендерді дамыту аясында Қызылорда облысында «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіліп келеді. 2023 жылдың қорытындысымен жеңімпаз болып табылған 12 елді мекенге күнделікті тұрмысқа ең қажетті деген заманауи үлгідегі 29 арнайы техникалар табысталды.

Көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері Қызылорда облысының барлық елді мекендерінде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алып, тұрақты түрде жүруде.

RELATED NEWS
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая
18 сәуір 2025
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая

Адамның пешенесіне жазылған бақтың қай күні, қай сәтте, қай жерден төгіліп түсетінін кім білген? Біреу өмір бойы тырысады да, ештеңе шықпайды. Біреу шай ішіп отырып, шынайы жеңімпаз атанады.

Астаналық Ермек Баимбетов — дәл сондайлардың бірі. Жаңа көлік емес, жаңа үмітке ие болған азамат. Оның бағы — ғаламтордың ар жағынан келген. Ал бақыт — қою, күрең шай үстінде күтіп тұрған.

Бір күні Ермек "Сәтті жұлдыздың" жарнамасын көреді. Біреулер мұндайға селт етпейді. "Бәрібір жолым болмайды" дейді. Ал Ермек... тәуекел етті. Екі билет сатып алды. Бар болғаны — екі билет! Бірі — жай қағаз. Екіншісі — 10 миллион теңгелік алтын құжат болып шықты.

"Кешкі шай үстінде отыр едік. Қоңырау шалынды. «Сіз көлік ұтып алдыңыз», дейді. Ә дегенде алаяқтар шығар деп ойладым. Бірақ билет нөмірін айтты, телефон нөмірін айтты. Сайттан қарап едім — шынымен де мен екенмін..." – дейді өзі.

Кейде сене салу қиын. Әсіресе қазақ сенім мен күмәннің арасында жүреді. Ал Ермектің қуанышы — кейінірек келді. Бастапқыда – тосын, кейін – тұщымды. Ол көлікті емес, оның орнына берілетін 10 миллион теңгені таңдады. Қайда жұмсамақ? Бір бөлігі — әкесінің еміне, қалғаны — несиеге.

Кім не десе де, бұл — бір адамның ғана емес, бір әулеттің жеңісі.

Сәтті жұлдыз – сәтті күннің хабаршысы ма?

«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы — соңғы он жылда мыңдаған адамның үмітіне ұшқын берген ұйым. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 200-ден астам сауда нүктесінде армандар билетпен сатылып жатыр десек, асыра айтқандық болмас.

Жеңімпаз көп. Ең үлкен жүлде — 150 миллион теңге. Қызылордадан шыққан қатысушы ұтып алған. Бұл енді қарапайым байлық емес, бір өңірдің жаңалығы.

Ал алда не күтіп тұр? Тағы да пәтер, тағы да көлік!

Қазақ "көп қорқытады, терең батырады" дейді. Көптің ішінен дара шығу оңай емес. Бірақ келесі мүмкіндіктер де дайын тұр:

20 сәуір — пәтер ойнатылады («TeleBingo» ойыны);

30 сәуір — автокөлік ойнатылады («6/49» ойыны);

Джекпот қазірдің өзінде 572 миллион теңге болып тұр! Сандардың өзі сөйлеп тұр.

Міне, осының бірі — «ЛотоНабор Квартира». 5 билеттен тұратын бұл жинақ — пәтерге апарар бес қадам. Әр билет — өз алдына бір мүмкіндік.

Ұтыс жексенбі, 20 сәуірде, сағат 10:00-де, «31 арнада» тікелей эфирде өтеді. Көзбен көріп, көңілмен ұтудың жолы осы.

Жеңіс жеке емес, қоғамға ортақ

Жеңіске жеткен әр теңгенің 10 пайызы — қазақ спортына кетеді. Тағы 10 пайызы — «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады. Демек, біреудің бағы — елге қайырлы. Ойын ойнасаң да, оймен ойнар кезең бұл.

Ермектің жолы болды. Келесіде кім біледі — бағыңыз сізге бұйырып қалуы да ғажап емес. Қайраттан туған қайсарлық пен үміттің арасы кейде бар болғаны екі билет қана.

 

мариалдың ақысы төленген.

 

ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС
30 шілде 2025
ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС

Кейбір күндер бар. Таңмен таласа тұрып, кешке дейін күйбең тірлікпен өтіп кетеді. Ал кей күндер бар – өмірдің беталысын басқа арнаға бұрады. 20 шілде сондай күн болды. Себебі дәл сол күні TeleBingo ойынының эфирінде бір емес, екі бірдей тағдыр өзгерді. Бірі – астаналық Ғалымжан, екіншісі – Түркістан облысының тұрғыны, Вера есімді үй шаруасындағы әйел.

Бұл – жай ғана жеңіс емес. Бұл – жүрекке үміт, көзге қуаныш, өмірге өзгеріс сыйлаған сәт.

6 842 242 теңге. Бір сәтте келген жеңілдік

Мұнай мен газдың арасында жүріп, күнде еңбек етіп жүрген Ғалымжан – елорда тұрғыны. TeleBingo, LOTO 6/49 және 5/36 секілді лотереялардың бұрыннан қатысушысы. Бұл жолы да сәттілік қасынан табылды. Тура 6 842 242 теңге. Бұл – тек ақша емес, бұл – еркін тыныс, жеңіл дем, болашаққа деген сенім.

"Үлкен қызығушылықпен қатысамын. Бірақ жауапкершілікті де ұмытпаймын. Әрине, мұндай жеңіс қуаныш пен жеңілдік сезімін әкеледі", – дейді Ғалымжан. Үйленген, екі баланың әкесі. Бұл ақша – тек өзіне емес, отбасының болашағына салынған инвестиция. Қарыз жабылады, күнделікті шығын реттеледі.

Жеңіс – еңбекпен үйлескенде ғана шынайы бақытқа айналады.

Төлеби ауданы. Үй шаруасындағы әйел. 15 миллион теңге.

Вераның оқиғасы тіпті киноға сұранып тұрғандай. Жәй ғана әйел. Жәй ғана ана. Үш баланың анасы. Жолдасының сүйеніші. Әжесінің күтушісі. Алғашқы лотерея билетін үш ай бұрын ғана сатып алған. Бұрын-соңды мұндайға қатыспаған. Бірақ іштей бір үмітпен сатып алған. Сол үміт ақталды.

Теледидардан пәтер ұтысы жайлы естігенде, сене алмады. Ұлттық лотереяның call-орталығына өзі хабарласып, тексеріп көрді. Сосын ғана Шымкенттегі "Сәтті Жұлдыз" кеңсесіне барып, ұтысын рәсімдеді. Бірақ пәтер емес, 15 000 000 теңге ақшалай сыйлықты таңдады. Себебі өмірдің жоспары кейде пәтерден де кең.

"Негізі менің жолым болды. Ал әрі қарай не боларын өмір өзі көрсетеді", – дейді Вера күлімдеп. Бұл күлкі – ішкі сенімнің, жүрек қуанышының бейнесі.

Лотерея – үміттің екінші аты

Кейде біз лотереяны тек сәттілік ойыны деп қабылдаймыз. Бірақ әрбір билет – бір тағдыр. Әрбір тираж – жаңа тарау. TeleBingo, LOTO 6/49, 5/36 – бұл сандар ғана емес. Бұл – қарапайым адамдардың ерекше оқиғалары. Бұл – еліміздің түкпір-түкпіріндегі үміт сәулесі.

"Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын! Біз әрқашан лотерея қатысушыларына қуаныш пен жақсы эмоциялар сыйлауға дайынбыз. Әрбір жеңіс – бұл жай ғана сәттілік емес, шабыт беретін және армандарға сенім ұялататын шынайы оқиға", – деді "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина.

Бұл сөздің астарында – жүздеген, мыңдаған тағдырдың үні жатыр.

29 шілде. Тағы бір мүмкіндік.

Жеңіс есігін қаққан сәт – қайта айналып соғуы мүмкін. Ол үшін бір ғана билет жеткілікті. 29 шілдеде "Сәтті Жұлдыздың" YouTube арнасында тікелей эфирде LOTO 6/49 қатысушылары арасында отбасылық кроссовер ұтысы өтеді. Қатысу үшін 3 000 теңгелік билет сатып алу жеткілікті. Билеттер сауда нүктелерінде және sz.kz сайтында қолжетімді.

Бұл тек темір мен дөңгелек емес. Бұл – отбасыға арналған жаңа саяхат. Жаңа бетбұрыс.

Бір билет – бір өмір

Ғалымжан мен Вераның хикаясы – лотереяның жай ойын емес екенін дәлелдейді. Бұл – сенім мен шабыттың, үміт пен болашақтың тоғысқан тұсы. Кейде тек бір билет – өмірдің бағытын түбегейлі өзгертіп жібереді.

Ulys.kz оқырмандарына айтарымыз: сәттілік күтпеген сәтте келеді. Бірақ оған дайын болу – өз қолыңызда.

Ал сіздің билетіңіз дайын ба?

 

Пәтер ұтып алған адам кім?
28 сәуір 2025
Пәтер ұтып алған адам кім?

Телефон шырылдады. «Сіз пәтер ұтып алдыңыз» деді. «Алаяқтық емес пе?» деп ойлады. Екі күн бойы сенбеді. Үшінші күні ғана Алматыдағы бас кеңсеге кіргенде барып көз жеткізді. Шын екен. Қағаз жүзінде емес, өмірде.

Бұл – Василийдің хикаясы. Ол – қарапайым еңбек адамы. Еліміздің өндіріс орындарында жиырма жылдан бері вахталық әдіспен жұмыс істеп келеді. Алматыда тұрады. Алыс жол, ауыр жұмыс, ұзақ ауысым – бәрі үйреншікті. Бірақ мына жаңалық оған мүлде үйреншікті емес.

– Лотереяға шамамен екі жылдан бері қатысып жүрмін, – дейді ол. – Аптасына кемі екі рет билет аламын.

Сәті түскен күн – дәл осы апта. Қолына тиген – баспана. Бірақ бұл қуаныш бастапқыда күмәнмен келген.

– Басында шын айтсам, сенбедім. «Скам шығар» деп ойладым. Қазір кім көрінген телефон шалып, алдап-арбайды ғой. Бірақ бірнеше мәрте хабарласты. Кейін өзім келіп көрдім. Міне, сол кезде ғана рас екенін түсіндім, – дейді Василий.

Жеңімпазбен сөйлесіп отырғанда оның сөздерінде бір заңдылық байқалды: үміт үзілмеген. Ол сеніп келген. Сенімінің сыры – сабыр мен тұрақтылық.

– Бұған дейін де үмітімді үзбей, билет алып жүрдім. Қазір сенімім тіпті күшейді. Одан әрі де қатыса берем, – дейді.

Бір қызығы, Василий жеңісі туралы ешкімге айтпаған. Қазір де айтқысы жоқ. «Тыныш өмір сүргің келсе, көпке жария етпе» дейді. Оның бұл сөзі бүгінгі қоғамның бір көрінісі іспетті.

– Ашық айтып, жария еткен дұрыс емес деп ойламаймын. Күнде біреу хабарласып, мазаны алады. Сол үшін ешкімге айтпадым, – дейді ол.

Лотереяға келсек, Василий көбіне TeleBingo мен 5/36 билеттерін сатып алады. Бастапқыда сандарды өзі таңдайтын. Тіпті нумерологияны зерттеп көрген. Бірақ соңғы уақытта бәрін автоматқа тапсырған. Ұтқан нөмір де автоматты түрде таңдалған.

– Бұрын ірі сауда дүкендерінен қағаз билет алатынмын. Соңғы алты айда онлайнға көштім. Ыңғайлы әрі жылдам, – дейді.

Сөз соңында ол барлық қатысушыларға қарапайым, бірақ сенімді кеңес берді:

– Үміт үзбеңіздер. Бәлкім, бір күні сіз де ұтып қаларсыз. Ештеңе де бекер емес.

Танымал қоғам қайраткері айтқандай, «Бақыт – дайын тұрған қақпа. Бірақ оны ашу үшін сенімнің кілті керек». Василий сол кілтті тапты. Енді жаңа өмірдің есігін ашты.

Келесі кезек – Кроссовер!

30 сәуір күні сағат 22:00-де өтетін кезекті тиражда басты жүлде – 282 819 500 теңгеден асады және Кроссовер автокөлігі ойнатылады.

«LOTO 6/49» лотереясының ЛотоЖиын форматында ұсынылған арнайы топтамасы арқылы әр қатысушы бір емес, бірден 6 мүмкіндікке ие болады. Әрбір ЛотоЖиын 6 билеттен тұрады, ал сандар жүйесі кездейсоқ таңдалады. Ұтысқа қатысу онлайн режимде қолжетімді.

Тікелей эфир YouTube желілесіндегі Satty Zhuldyz арнасы арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік жауапкершілік:

Ойыннан түскен табыстың 10%-ы отандық спортты қолдауға, ал тағы 10%-ы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады.

Мүмкіндік қашан келіп қалатынын ешкім білмейді. Василийге бұйырған бақыт, бәлкім, ертең сіздің есігіңізді қағар!

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.