Валюта бағамы
  • USD -

    519.7
  • EUR -

    542
  • RUB -

    5.31
Ақтөбеде полицей мас күйінде көлік айдап, ерлі-зайыптыларды қағып кетті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев 26 шілде 2024
Ақтөбеде полицей мас күйінде көлік айдап, ерлі-зайыптыларды қағып кетті

Ақтөбе облысында 34 жастағы полиция қызметкері мас күйінде көлік айдап, ерлі-зайыптыларды қағып өлтірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлайды.

Дереккөзге сүйенсек, полиция қызметкері тойдан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырған. Рульге ие бола алмаған ол 25 және 26 жастағы екі адамды қағып кеткен. Өкінішке қарай, ерлі-зайыптылар қаза тапқан.

Полиция қызметкері әуел баста оқиға орнынан қашып кетіп, артынан өзі берілген деген ақпарат бар. Қазір жол апатына кінәлі адам қамалып, оның тікелей басшысы болған бірнеше адам жұмысынан қуылғаны белгілі.

RELATED NEWS
Қазақстанда 30-ға жуық  «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды
08 қаңтар 2025
Қазақстанда 30-ға жуық «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды

Қазақстанда соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру, басқару және оларға қатысу фактілері бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тіркелді, соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты, деп хабарлайды Ulys ІІМ сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден астам қылмыскер жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни «қылмыс әлемінің беделділері» ұсталды. Жақын шет елдерден келген алты «заңдағы ұрының» Қазақстан аумағында болуының алдын алынды. Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бопсалау фактілері бойынша барлығы 1300-ден астам қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды.

«Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданатын болады», – деп атап өтті ІІМ.

Еріктілер қозғалысының белсендісі ұсталды
14 қараша 2024
Еріктілер қозғалысының белсендісі ұсталды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

«Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды. Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге „Mercedes-Benz S450“, 80 млн теңгеге „Lexus LX-600“ және 39 млн теңгеге „Haval“ автокөліктерін сатып алды. Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы „Akbulak Riviera“, „Highvill Ishim Gold“, „Көк Жайлау“ ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ „Vela Village“ коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды.Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы „St. Regis“, „Shangri-La“, „Palazzo Versace“ және „Kempinski“ сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған. Бұл елдерде ол „Cartier“ және „Louis Vuitton“ сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған», — делінген агенттік хабарламасында.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Перизат Қ. өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған.

Күдікті ұсталды.

Алматыда 20 жастағы әлем чемпионын өлтіріп кетті
25 желтоқсан 2024
Алматыда 20 жастағы әлем чемпионын өлтіріп кетті

Кикбоксер, әлем чемпионы Әли Серік Алматыда адам қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulys полицияға сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады. 

«Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

Әли Серік 58 келі салмақта бақ сынасқаны белгілі. Ол тай боксынан (муай-тай) әлем чемпионы.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.