Валюта бағамы
  • USD -

    533.5
  • EUR -

    551
  • RUB -

    5.23
Ақтөбе облысында бір отбасының 4 адамы суға кетті
Фото: ашық көзден 05 тамыз 2024
Ақтөбе облысында бір отбасының 4 адамы суға кетті

Ақтөбе облысында бір отбасының төрт адамы суға батып кетті, деп хабарлайды Ulys  «Диапазонға» сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында болған. Ырғыз өзеніне бірден төрт адам суға батып кетті: 13, 11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам. Суға батқан екі адам оның балалары, үшінші бала туысының қызы екен.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаның егжей-тегжейін баяндады.

«3 тамызда Әйтеке би ауданында Темірбек Жүргенов ауылында 4 адам суға батып кетті – 13, 11, 7 жастағы балалар және 1985 жылы туған ер адам. 112-ге қоңырау 15:39-да түсті. Құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар іздеу жұмыстарына қатысты. 4 мәйіт 19:55 пен 21:55 аралығында табылды. 39 жастағы ер адам 13 жастағы ұлымен және 11 жастағы қызымен Атырау облысынан туысына қонаққа келгені анықталды. 3 тамызда туысы, оның 7 жастағы қызымен және балаларымен бірге олар ауылдан 2 шақырым жердегі Ырғыз өзеніне демалуға барған. Балалар жағаның арғы жағында жүзіп жүрген жабайы үйректерді көріп, соларға қарай барған», - деді Ақтөбе облысы ТЖД басшысы Иса Байтұрсынов.

RELATED NEWS
Қостанай облысында бір үйдің 5 баласы өртеніп кетті
11 қазан 2024
Қостанай облысында бір үйдің 5 баласы өртеніп кетті
 

Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында қайғылы оқиға болған. Үй шатыры опырылып құлаған кезде онда ересектердің қарауынсыз қалған 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазалау кезінде бес баланың денесі табылды. 2011 жылы туған балалардың үлкені зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Ulys ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін сағат 04:29-да Жітіқара қаласындағы жеке шаруа қожалығының аумағында өрт шығып, салдарынан тұрғын үйдің шатыры опырылып түсті. Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жетті, үй толығымен өртке оранды. Жалын сағат 06:08-де ауыздықталып, толығымен сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін танысына кеткен. Күйеуі түрмеде отыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Өрт-техникалық зерттеу тағайындалды. Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр. 

Қарқаралыдағы дала өртінен өрт сөндіруші қаза тапты
07 қазан 2024
Қарқаралыдағы дала өртінен өрт сөндіруші қаза тапты

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы аумағында болған дала өртінен 33 жастағы өрт сөндіруші мерт болды. Ақпаратты ресми орган растады, деп хабарлайды Ulys.

«6 қазан күні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты.  Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген», - деді Төтенше жағдайлар министірлігі.

Айта кетейік, өрт Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында болған. Бұл өрт Павлодар облысының аумағына өткен.

Әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарды
05 шілде 2024
Әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарды

Әнші Қайрат Нұртас Алматы-Астана бағытындағы ұшақта бұзақылық көрсетіп, жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірген, деп хабарлайды Ulys.

Жақында танымал әнші Қайрат Нұртас (Айдарбеков) Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақтың бортында дау шығарған. Әнші басқа жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Жәбірленушінің аты - Асылбек Бекқайыров.  Бұл жағдайға байланысты әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері екеуін  бөлімшеге алып барады. Онда музыкантқа екі әкімшілік құқық бұзушылық - денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайта жасалған ұсақ бұзақылық туралы хаттама ресімделді»,- деп жазды Kozachkov telegram арнасы. 

Бұған дейін Нұртас сахнада бейәдеп сөздер үшін айыппұл төлеген болатын, сондықтан ол рецидивист болып шықты. Асылбек Бекқайыровқа да хаттама жасалды. 

Бұл оқиғаға қатысты Көліктегі полицияның баспасөз қызметі хабарлама жасады.

«Алматы-Астана» бағытындағы әуе рейсінің бортындағы ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жолданды»,- деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.