Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасы бойынша аталған елдің мемлекеттік органдардың өкілдері ұшақ апатына байланысты тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстанға кетті, деп хабарлайды әзербайжандық Аzertag агенттігі.
«Президент Ильхам Әлиевтің тапсырмасы бойынша цифрлық даму және көлік министрі, төтенше жағдайлар министрі, Бас прокурордың орынбасары, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі директорының орынбасары, «AZAL» әуекомпаниясының вице-президенті және басқа да тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері тергеу жүргізу мақсатында оқиға орнына - Қазақстанның Ақтау қаласына кетті», - делінген хабарламада.