Қорғаныс министрлігіне қарайтын Ақтау гарнизонында келісімшарт бойынша қызмет ететін 39 жастағы әскери қызметші өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Ulys.
«Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін 1985 жылғы әскери қызметшінің денесі табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған. Алдын ала ақпарат бойынша әскери қызметшінің өзіне қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», - деп мәлімдеді Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.