Валюта бағамы
  • USD -

    475.1
  • EUR -

    517
  • RUB -

    5.47
Ақшұқыр ауылының жұмыссыз азаматтары да “West Oil” мекемесіне жұмысқа орналастыруды сұрады
23 ақпан 2024
Ақшұқыр ауылының жұмыссыз азаматтары да “West Oil” мекемесіне жұмысқа орналастыруды сұрады

Бүгін, 23 ақпан күні Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылының жұмыссыз тұрғындары да бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Олар West Oil компаниясында босаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды талап етуде.

Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпан күні “West Oil” компаниясының басшылары жұмысшылардың ұзақ мерзімді заңсыз ереуілі 900 млн теңге шығын әкелгенін және ереуілшілер жұмысқа шықпаса, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығара бастайтынын мәлімдеген болатын.

Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралды. Басшылық егер ереуілшілер райынан қайтпаған жағдайда, олардың орнына жұмыссыз тұрғындарды қабылдайтындарын айтты.

Бұл туралы біз бірнеше ақпарат берген едік.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Жетібай және Құрық ауылдарының жұмыссыз тұрғындарының да “Westoil Software” ЖШС босаған орындарға жұмысқа орналастыруды талап еткен бірнеше бейнеүндеуі жарияланған болатын.

RELATED NEWS
Данияр Әлпиевтің ұйымдасқан тобы тергеуге қысым жасауда
25 ақпан 2024
Данияр Әлпиевтің ұйымдасқан тобы тергеуге қысым жасауда

Бүгін (26.02.2024) Данияр Әлпиевке алданған бір топ саудагер Алматы облыстық полиция департаментінде шу шығарды, деп хабарлайды “Адырна” сайты.

Қонаев қаласына келген кәсіпкерлер әлеуметтік желіде Данияр Әлпиевті, Эрмек Марқабаевты ақтап алуды көздейтін адвокаттардың әрекеттеріне, көрші мемлекетке нота жолдатқан астыртын ойындарға алаңдаулы екендерін жеткізді.
Қылмыстық әрекетті жұмсарту үшін жасалатын ақпараттық науқан тергеуге қысым көрсетудің бір түрі. Соңғы уақытта бұл үрдіс қалыпты жайтқа айналып, Бишімбаевты да ақтап алу әрекеттері әшкере болуда. Сондықтан, жапа шегуші тарап Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Қасенұлы Шалқаровқа бірнеше сұрақты жүзбе-жүз қойды:

“Саудагерлерді сергелдеңге салған, 2 млрд-қа жуық қаржы жымқырған Данияр Әлпиевтің ұйымдасқан тобына қандай шара қолданылды? Алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды ма (№3 павильон құрылысы)? Жәбірленушілер саны қаншаға жетті? Павильон құрылысына қаржы жинауға тікелей қатысы бар Эрмек Марқабаев, кассир Маржан Есжанова, Бекет Әбілов және басқаларға неге шара қолданылмай жатыр?” - деді.

Бүгінгі жиынға Данияр Әлпиевтің туған-туыстары да қатысқан. Бұған дейін Данияр Әлпиевтің басшылығындағы компания үшінші павильонды салу үшін 300-ден астам үлескерден заңсыз қаражат жинаған.

Атап айтқанда, базардың атқарушы директоры болып қызмет атқарған қырғыз азаматы Эрмек Марқабаев, кассада жұмыс істеген Маржан Есжанова және базардың бақылаушысы Бекет Әбілов сынды тұлғалардың қатысуымен болған заңсыз қаржы жинау әрекеті әлі күнге дейін өз шешімін таппаған.

Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы  үлескерлердің көкейтесті мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалатынын және үлескерлерді жәбірленуші ретінде танитындығын айтты.

Наразылықты тоқтатқысы келмеген Westoil-дың 50 қызметкері жұмыстан босатылды
29 ақпан 2024
Наразылықты тоқтатқысы келмеген Westoil-дың 50 қызметкері жұмыстан босатылды

«Westoil Software» компаниясы тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulys.

«Наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген 50 адам қызметтен босатылды.Бүгін, 29 ақпанда" Westoil Software " компаниясы жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтар арасынан үміткерлермен әңгімелесуді бастады. Қызметкерлер заңсыз наразылық акциясына қатысқанына қарамастан, біз оларға жұмысқа қабылдау жүргізілгенге дейін келісім комиссиясы арқылы қайта жұмыс орындарына оралуға мүмкіндік береміз. Пайда болған бос жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеу заңсыз наразылық акциясына қатысушылармен еңбек шарттары бұзылған және оларды жұмысқа кезекке тұрған азаматтармен ауыстырған кезде кезең-кезеңімен жүргізілетін болады», - делінген компания хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай аталған компания бірнеше рет мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірген болатын.

Өткен жылдың 11 желтоқсанынан бастап, Маңғыстау облысындағы West Oil Software қызметкерлерінің ереуілі жалғасуда. Кейін West Oil Software –дың наразы жұмыскерлерін жұмыссыз жүрген жетібайлықтар басуға дайын екені хабарланды.

«Баку-Тбилиси-Джейхан» бағытындағы мұнай тасымалы бір жылда 5 есеге өсті
12 қаңтар 2024
«Баку-Тбилиси-Джейхан» бағытындағы мұнай тасымалы бір жылда 5 есеге өсті

Былтыр Ақтау портынан экспортқа 3 млн 376 мың тонна мұнай тасымалданған. Бұл туралы ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің ұлғаюымен байланысты.

«2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдауды арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы «Теңіз» кенішінен «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында жылына 1,5 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады. Былтыр «Баку-Тбилиси-Джейхан» бағытымен тасымалданған мұнай 250 мың тоннадан 1 млн 392 мың тоннаға артты. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артық. «Теңіз» кенішінен осы бағыт бойынша 1 миллион 057 мың тонна мұнай жөнелтілді», -делінген компанияның хабарламасында.

Сондай-ақ Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 984 мың тонна мұнай жіберілген.

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.