Ақмола облысында Жарқайың ауданында АН-2 ұшағы өртеніп кетті. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulys ТЖМ сілтеме жасап.
Оқиға бүгін Державинск қаласынан 10 шақырым жерде болған.
«Әуеге көтерілмекші болған АН-2 ұшағынан өрт шықты. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды. ТЖМ құтқарушылары 8 минут ішінде өртті оқшаулады. Қазіргі уақытта өрт толғымен сөндірілді», - деді ведомстводан.
ТДЖ баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.