Валюта бағамы
  • USD -

    475.1
  • EUR -

    517
  • RUB -

    5.47
АНКАРАДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
22 наурыз 2019
АНКАРАДА ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бүгін  Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі Анкара қаласында Наурыз мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Бұл туралы ақпарат аталған елшіліктің фейсбук әлеуметтік желісінде (https://www.facebook.com/kzembassy) жарияланды.

Мерекелік шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал  Сапарбекұлы, Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшілері Ялчын Топчу және И.Шенер, Түріксой Бас хатшысының орынбасары Ф. Пурташ, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің экс-спикері Хикмет Четин, ТҰҰМ депутаты, бұрынғы Премьер-Министр орынбасары Йылдырым Тұғрыл Түркеш және Түркияның мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Анкарадағы дипломатиялық корпус басшылары, Ыстамбұл, Маниса, Ниғде, Сакария қалаларынына келген қазақ диаспорасы өкілдері, Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиналған қауымға қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілді. Атап айтқанда, Қыдыр атаның бата беруі, беташар және тұсаукесер дәстүрлерінің сахналық көрсетілімі шетел қонақтарын тәнті етті.

Алқалы жиын Әмре, «Жігіттер» тобы, Қазақ ұлттық өнер Университеті «Астана» фольклорлық музыка тобы, «Отау» би тобы және «ТҮРКСОЙ» өнерпаздарының концерттік бағдарламасы және ресми қабылдаумен жалғасын тапты.

Наурыз мерекесіне орай Елшілік бақшасында киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық тағамдары мен киімдері қонақтарға таныстырылды.

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

ЕРДОҒАН МЕН ГУТТЕРИШ УКРАИНАҒА ТАРАПТАРДЫ  ТАТУЛАСТЫРУ ҮШІН КЕЛДІ
17 тамыз 2022
ЕРДОҒАН МЕН ГУТТЕРИШ УКРАИНАҒА ТАРАПТАРДЫ  ТАТУЛАСТЫРУ ҮШІН КЕЛДІ

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш Украинаға келді.

Бүгін олар Украина президенті Володимир Зеленскиймен бірге үшжақты кеңес өткізеді. Аталған жиында орыс-украин соғысының дипломатиялық жолмен бітуіне ықпал ету, Украина астығын әлемдік нарыққа шығаруға қатысты жасалған тетіктерді күшейту, сондай-ақ қауіпті жағдайда тұрған Запорожье атом электр стансасының мәселесі талқыланбақ.

Зеленскийдің шақыруын қабыл алып келген Гуттериш ертең  Одесса қаласына барып, келесі күні Ысанбұлға табан тірейді.

Екі әлемдік саясаткердің тараптарды татуластыру талпынысынан жемісті нәтиже күту өте қиын... Тек соңғы екі мәселенің оңалуына ықпал етсе де үлкен олжа болар еді.

Алим Байель назначен Генеральным консулом Казахстана в Стамбуле
20 мамыр 2020
Алим Байель назначен Генеральным консулом Казахстана в Стамбуле

Алим Дауренович Байель (ранее – Баялиев) назначен Генеральным консулом Республики Казахстан в г. Стамбул.

А. Байель родился в 1984 г. Окончил бакалавриат Ближневосточного технического университета (г. Анкара, Турция) по специальности «Бизнес-администрирование». Окончил магистратуру Университета Джорджа Вашингтона (г. Вашингтон, США) по специальности «Государственное управление». Выпускник программы «Болашак». Состоит в Президентском молодежном кадровом резерве.

2012–2014 гг. – эксперт Совета сотрудничества тюркоязычных государств;

2014–2015 гг. – директор центра международных отношений Тюркской академии;

2016 г. – руководитель управления международного сотрудничества Министерства Республики Казахстан по делам государственной службы;

2016–2018 гг. – руководитель управления международного сотрудничества, руководитель управления стратегических разработок Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции;

2018–2020 гг. – первый секретарь по политическим вопросам Посольства Республики Казахстан в Турции;

С 1 марта 2020 г. – Генеральный консул Республики Казахстан в Стамбуле.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.