Валюта бағамы
  • USD -

    523.7
  • EUR -

    612.5
  • RUB -

    6.71
Алматыда Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш орнатылды
26 қаңтар 2024
Алматыда Мұстафа Кемал Ататүрікке ескерткіш орнатылды

Бүгін Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлайды.

Ескерткішті Алматы қаласының әкімдігі Мұстафа Кемалдың құрметіне өткен жылы ашылған «Ататүрік скверінде» орнатты.

Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, түрік диаспорасы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты жиынды ашқан министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ескерткіш орнату туралы тапсырманы Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға сапары кезінде бергенін атап өтті.

«Түбі бір, тарихы тамырлас Түрік елі біз үшін кеше де, бүгін де тілегі ортақ, мақсаты бір бауырлас мемлекет. Мемлекет басшыларымыздың арқасында осы күндері біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, қазіргі таңда барлық салалар қарқынды дамып келеді. Әсіресе, бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықтың алтын көпірі болған мәдени байланысымыз зор. Бұл ретте Түркия тарихында өшпес із қалдырған қазіргі түрік мемлекетінің негізін қалаушыға ерекше мән беріледі. Ол жүзеге асырған мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларымен заманауи қоғамның құрылуына баға жетпес үлес қосты. Мемлекеттің дамуына негіз болатын реформалар күні бүгінге дейін жалғасып келеді», - деген Аида Балаева ескерткіш Түркияның тарихи мұрасын құрметтеуді ғана емес, екі елдің достығы мен ынтымақтастығын да бейнелейтінін атап өтті.

Биіктігі 3 метрден тұратын қола ескерткіштің тұғыры граниттен жасалған. Ескерткіштің авторлары қазақстандық мүсіншілер - Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ
10 наурыз 2025
АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Түркияның демократиялық статусын қайта қарауға және оны Еуропаның емес, Таяу Шығыстың елі деп тануға бағытталған арнайы заң жобасын қарауға алды. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Заң Түркияны Еуропа мен Еуразия істері жөніндегі бюросының құзырынан алып тастап, оны Таяу Шығыс істері жөніндегі бюроға ауыстыруды қарастырады.

Fox News хабарлауынша, мұндағы мақсат "АҚШ-тың жауы саналатын елдермен байланыс жасайтын Түркияны тосқауылдап ұстауға талаптану". Вашингтон Анкараны "АҚШ пен НАТО одақтастарынан алыстап бара жатқан мемлекет" деп есептейді.

"Бұл Үкімет ХАМАС содырларын жасырып отыр. Экономикалық одақтастық арқылы Путиннің әскери машинасына қолдау көрсетеді. Сонымен бірге, Батыс одақтасынан артықшылық талап етуін жалғастыра отырып, НАТО-ның бірлігіне кедергі келтіреді. Америкалық дипломатия көзбояушылық жасауын доғарып, Түркияны бұрынғыдай Еуропаның бір бөлігі деп санауын қоюы керек", – деді жобаны Конгресс қарауына енгізген топты басқаратын конгрессмен Брэд Шнайдер.

Бұл ұстанымға Түркия Үкіметі наразылығын білдірді және түріктің сыртқы саясаты мен еуропалық бағдарын Конгресс мүшелерінің дұрыс түсінбей отырғанына нұсқады.

Айта кетсек, Түркия – НАТО-ның АҚШ-тан кейінгі ең қуатты мүшесі. 

Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды
24 қазан 2024
Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды

Кеше кешкісін Түркия Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясы штаб-пәтерінің маңында қатты жарылыс болған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Түркия ІІМ жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтады. Ал ел билігі оқиғаны "теракт" деп атады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая хабарлауынша,  теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алғаны айтылған.

Шабуылды жасаған екі лаңкес өлтірілді. Лаңкестердің бірі әйел.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.