Алматы облысында пара алды деген күдікпен колония бастығының орынбасары ұсталды. Бұл оқиғаны облыстық прокуратура растады.
«13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша ҚАЖД №14 мекемесі бастығының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады», - делінген хабарламада.
Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.