Валюта бағамы
  • USD -

    486.3
  • EUR -

    525.5
  • RUB -

    5.07
Алматы облысында бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді
редактор 02 шілде 2024
Алматы облысында бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді

Іле ауданы Алматы облысы әкімінің кубогы үшін футболдан бірінші облыстық турнирдің аренасына айналды. Сайысқа облыстың барлық аудандары мен Қонаев қаласынан 10 команда қатысты, деп хабарлайды Ulys.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз сөйледі. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыста бұқаралық спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

"Біздің облыста футбол жоғары деңгейде дамып келеді. Бір жарым жыл бұрын облыс орталығында әр ауданында филиалдары бар болашақ кәсіби футболшыларды дайындайтын арнайы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Сондай-ақ бізде Қазақстанның екінші лигасында облыстың намысын қорғайтын "Іле-Алатау" кәсіби клубы пайда болды, - деді облыс басшысы.

М.Сұлтанғазиевтің айтуынша, облыста заманауи спорттық нысандар салынып, материалдық-техникалық база жаңартылуда. "Бүгінгі таңда облыстың әр ауданында 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді", - деп толықтырды сөзін облыс әкімі.

Әкім турнир қатысушыларына сәттілік пен жарқын жеңістер тіледі.

"Спорттық жарыстар мінезді шыңдайды, командалық рух пен мақсат қоя білуге тәрбиелейді. Сіздердің дайындықтарыңыздың жоғары деңгейі мен спорттық шеберліктеріңізді көрсететініңізге сенімдімін!", - деді әкім.

Турнир олимпиадалық жүйе бойынша (шығу арқылы) өтті. Финалда Қонаев қаласының командасы Кеген ауданының ойыншыларын жеңіп, 1-орынды иеленді. Үшінші орынды Іле ауданының өкілдері алды.

Турнир ұйымдастырушылары футболды жыл сайын өткізетін іс-шараға айналдырып, біріктіруші фактор ретіндегі маңызы зор екенін тілге тиек етті.

RELATED NEWS
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады
09 шілде 2024
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulys Ақордаға сілтеме жасап.

Ермек Маржықпаев президентке Қазақстан құрамасының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берген.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

«Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды», - делінген хабарламада.

Қазақстандық Парижде Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды
04 қыркүйек 2024
Қазақстандық Парижде Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі – 188 келі. 

Айта кетелік, Дегтярев өз мансабында екінші рет Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол Токиодағы пара ойындарда топ жарған еді. 

Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.

Головкин бұрыннан келе жатқан әріптесін сенімді жоғалтты деп жұмыстан шеттетті
21 тамыз 2024
Головкин бұрыннан келе жатқан әріптесін сенімді жоғалтты деп жұмыстан шеттетті

Қазақстан ҰОК бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды Ulys.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды.

«Сенімінің жоғалуына байланысты Жанар Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады», - делінген мәлімдемеде.

Еске салсақ, Жанар Өтешова Головкин кәсіпқой бокс рингіне шығып жүргенде командасының баспасөз хатшысы болған. 2022 жылдың ортасына дейін ҰОК баспасөз және PR департаментін басқарған еді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.