Валюта бағамы
  • USD -

    530.7
  • EUR -

    617.5
  • RUB -

    6.63
Алкоголь өнімінің заңсыз айналымына байланысты 282 қылмысты тіркелді
Фото: ашық көзден 01 қараша 2024
Алкоголь өнімінің заңсыз айналымына байланысты 282 қылмысты тіркелді

Қаржылық мониторинг агенттігінде мен «Атамекен» ҰКП акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымына қарсы күресті күшейтеді, деп хабарлайды аталған агенттіктің баспасөз қызметі.

Акцизделетін өнімдердің (алкоголь өнімдері) көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды. Шараға Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері, мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов пен ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, «Қазалкотабак» және «QazSpirits» қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Қаржылық мониторинг агенттігі соңғы 4 жылда (2021-2024 жж.) алкоголь өнімінің заңсыз айналымына байланысты 282 қылмысты тіркеді.

Суррогат алкоголь өндіретін 123 жасырын цех анықталып, 3,3 млн-нан астам бөтелке, 720 мың литр спирт және құрамында спирті бар сұйықтық, 640 мың жалған ЕБМ тәркіленді.

Нәтижесінде, қауіпті өнім тұтынушыларға қауіп төндіріп, бюджетке акциздік алымдардың түспей, адал кәсіпкерлерге зиян келтіріледі.

Алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымына қарсы тұруға бағытталған ҚМА ұсынатын шаралардың бірі — 2026 жылға жоспарланған таңбалау мен қадағалауды енгізуді жеделдету, сондай-ақ бүкіл өндіріс процесін цифрландыру болып табылады.

Шақырылған қатысушылар Агенттіктің адал кәсіпкерлерді қорғау бойынша атқарылған жұмысты, сондай-ақ талдамалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын алдын алу қызметін атап өтіп, айтылған ұсыныстарды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

RELATED NEWS
Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
26 наурыз 2025
Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
 

Былтыр жазда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде туысқан ағасы зорлап, артынан жүкті болған қыз босанған еді. Бүгін Павлодар облысында осы іске қатысты сот өтті, деп хабарлайды Ulys.

Күдікті болған 17 жастағы бала кәмелет жасына толмағандықтан, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Соттың бүгінгі шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Жазда оқушы қыздың босанғаны белгілі болған соң Павлодао облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова 12 жасар қыздың ауылына барған. Қыз бала отбасымен Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында өмір сүріп жатыр. Атажұртқа көшіп келген қандастарды Қазақстанға ерте көшіп келген туыстары осы ауылға қоныстандырған көрінеді.

Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген
04 наурыз 2025
Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген

Ақмола облысының Щучинск қаласында асырап алынған баланың өліміне байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulys.

HALYQSTAN хабарлауынша, бес жылға жуық уақыт бойы жан түршігерлік қылмыстың іздері жасырулы болып келген. Бұл атышулы іс бойынша бала асырап алған анасы мен әжесі сот алдында жауап берді.

Бес жасар баланың денесі үйдің бақшасына жерленген, ал бұл сұмдық оқиға тек өткен көктемде ғана анықталды. Қылмыстың беті күтпеген қателіктің арқасында ашылған.

Асырап алған анасы басқа баласын денесі  көгеріп жүргендіктен ауруханаға алып келген, алайда құжаттарды шатастырып алған. Кейінірек оның төрт жыл бойы қайтыс болған балаға тиесілі туу туралы куәлікті қолданып жүргені анықталды.

Басты күдікті 65 жастағы әжесі бірден қамауға алынса, 29 жастағы асырап алған анасы да уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Сот жабық есік жағдайында өтіп, үкім шықты. Баланың әжесі – 21 жылға, өгей анасы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Вьетнамнан демалып келген қазақстандық әуежайға қонған бетте қамауға алынды
20 тамыз 2025
Вьетнамнан демалып келген қазақстандық әуежайға қонған бетте қамауға алынды
 

Астана халықаралық әуежайында Камрань – Астана рейсімен келген 30 жастағы елорда тұрғыны мас күйінде ұшақта жанжал шығарғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Ulys.

Мәліметке сүйенсек, ер адам рейс кезінде айғайлап, бейәдеп сөздер айтқан және экипаждың заңды талаптарына бағынбаған. Оқиғаға байланысты көліктегі полиция қызметкерлері оны ұшақтан түсіріп, әкімшілік хаттама толтырды.

Сот қаулысымен тәртіп бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар ол қоғамдық орында мас күйде жүру, спирттік ішімдік ішу және әуе кемесіндегі тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктегі полиция департаменті азаматтарға қоғамдық орындарда, әсіресе әуе рейстерінде тәртіп сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.