Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Айка тізімі» қылмыстық ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulys.
«Үкім шықты, оған қатысты түсініктеме бермеймін. Интимдік қызмет көрсеткендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Марат Қожаев Мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.
Айта кетейік, Алматы қаласының Әуезов аудандық соты қоғамды елең еткізген "Айка тізімі" бойынша қылмыстық істі қарады.
Іс материалдарына сәйкес, Айғаным Мырзахметова 2023 жылдың мамырында мефедронды (психотроптық зат) өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алған және оны өзімен бірге заңсыз тасымалдаған.