Валюта бағамы
  • USD -

    542.7
  • EUR -

    640.5
  • RUB -

    6.59
Аягөзде трансформатор өртеніп, тұрғындар жарықсыз қалды
Фото: видеодан скриншот 19 желтоқсан 2024
Аягөзде трансформатор өртеніп, тұрғындар жарықсыз қалды

Аягөз қаласында электрмен қамтамасыз ететін қосалқы трансформатор өртеніп, жарық беру тоқтатылды.

Қаладағы Қабанбай көшесінің бойындағы орналасқан трансформатордағы жалынды өрт сөндірушілер көбік қолданып сөндірді.

«23:30 шамасында Аягөз қаласының электрмен қамтамасыз ететін орталық қосалқы станциясындағы өртке байланысты қалада жарық өшіп қалды. Қазір қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Аягөз ауданының әкімдігі.

Кент мағындағы 15 ауылда электр беру қалпына келтірілді.

Алайда Аягөз қаласы мен 7 ауылға әлі жарық берілмеген.

RELATED NEWS
Кореяда жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы мерт болды
27 наурыз 2025
Кореяда жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы мерт болды

Оңтүстік Кореяның Сохэан автомагистралінде Қазақстанның 4 азаматы мінген көлік жардан құлап, салонда болған барлығы мерт болды. Бұл жайында Korea JoongAng Daily басылымы хабарлайды.

Оңтүстіккорейлік басылымның жазуынша, 4 адам отырған Mercedes-Benz көлігі жергілікті уақыт бойынша шамамен 00:30-да Кенгидо өлкесінің Хвасон қаласында жолдың оң жақ бетіндегі қоршауға соғылған. Содан кейін көлік бірнеше метр төмен құлап, өртенген.

Жол-көлік оқиғасы туралы хабар алысымен өрт сөндірушілер сол жерге шұғыл аттанған. Олар апаттан кейінгі 30 минуттың ішінде өртті сөндірген. Қираған көліктен 4 адамның мәйіті табылған.

Мерт болғандардың аты-жөні әзірге белгісіз. Полиция апаттың нақты неден болғанын анықтап жатыр.

 

Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам сотталып тынды
28 мамыр 2025
Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам сотталып тынды
 
Астанада жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер адам сотталып кетті, деп хабарлайды Ulys.

2025 жылғы 29 қаңтарда Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалып, ол жабық бас-ми жарақатын алған. Оқиға шақыртуға келген жедел жәрдем бригадасы мен науқастың туыстарының бірі арасында болған.

Фельдшер сотқа арыз жазып, денсаулығына келтірілген залал үшін материалдық өтемақы талап етті. Прокурор шабуыл жасаған ер адамға 1 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады. Ал жәбірленуші бұл жазаны 3 жылға дейін ұзартуды өтінді.

Айыпталушы кінәсін толық мойындады, әрекетіне өкініш білдірді, сондай-ақ оның кішкентай баласы барекені ескерілді. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Сот Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұл қылмысты орта дәрежелі денсаулыққа қасақана зиян келтіру ретінде бағалап, мынадай шешім шығарды:

  • 1 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру (шартты жаза),
  • материалдық өтемақыны жәбірленушіге өтеу міндеттелді.
Түркістанда 50-ден астам адам суши мен пиццадан уланды
13 наурыз 2025
Түркістанда 50-ден астам адам суши мен пиццадан уланды

Түркістанда 57 адам тамақтан уланып, көмекке жүгінген, деп хабарлайды Ulys.

Түркістан қаласында дәмханадан пицца, суши, чикен тағамын сатып алып, уланғандар саны 57 адамға жетті. Олардың 28-і - кәмелет жасқа толмаған балалар. Барлығы 22 адам ауруханаға жатқызылған, қалғаны амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Бұған дейін жан сақтау бөліміне жатқызылған үш адам жалпы бөлімге ауыстырылған. 

Полиция қаулысымен аталған дәмхана жабылып, қылмыстық іс қозғалды. 

Ресми ақпаратқа қарағанда, уланғандардың бәрі Түркістан қаласындағы дәмханадан пицца, суши, чикен тағамын үйіне тапсырыспен алып, тамақтанған. Көп өтпей олардың іші өтіп, құсып, басы айналып, көзі кіртиіп, аяқ-қолы мұздап, ерні көгерген. Барлығы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.