Бүгiн тарихи күн. Ыстамбұл қаласы Ататүрiк əуежайы жан-жақтан келетін халықаралық рейстердi қабылдауды тоқтатты. Жүк тиелген машиналар «Жаңа Ыстамбұл əуежайына» бағыт алып, көшіп жатыр. Тек халықаралық деңгейдегі əуе жолдары ғана емес, Ыстамбұл қаласы iшiндегі жолдардың да бағыттары ɵзгеруде.
Ыстамбұлдағы алып жаңа әуежай алғашқы жылдары 90 миллион жолаушыға қызмет көрсетсе, кейін толық iске қосылған соң бұл санды 200 миллионнан асыру жоспарлануда. Ал жұмысшылар қарасы 225 мыңға жетпек. Демек, атақты еуропалық Франкфурт əуежайы қомақты кiрiстен айырылатын болды.
Turkish Airlines - Стамбул əуежайынан алғашқы iшкi рейстi-Анкараға, ал алғашқы халықаралық рейстi болса, Солтүстiк Кипр мен Әзірбайжанға ұшыруының өзіндік саяси мəнi жоғары.
Жаңа әуежай маңында үйлер қымбаттап, жалға алуға сұраныс ɵсуде. Ыстамбұл қаласының қазақ ағайындар көп орналасқан Гюнешлi ауданы (кезiнде шалғай кɵрiнген Қазақкент) қазiр ыңғайлы жол торабына айналды.
Əзiрше, метро мен поезд жолы ашылғанша 8 автобус маршруты (2- компаниядан метробустар, жылдам автобустар) жүріп жатыр.
Ыстамбұл əуежайы (ресми атауы: İstanbul New Airport (İGA) не түрiкше İstanbul Yeni Havalimanı)
Əуежай Коды: IATA: ISTICAO: LTFM
Мекен жайы: İmrahor Mahallesi, Ulubatlı Hasan Cd. No:255, 34283 Arnavutköy/İstanbul, Turkey)
Нұрлан БАЙҒАБЫЛ, Түркия, Ыстанбұл қаласы