2027 жылы Қазақстанда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Ulys.
Министр Будапештке сапарында Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен кездесіп, Қазақстанда дзюдоны дамыту бойынша бірқатар маңызды келісімге қол жеткізгенін мәлімдеді.
Мырзабосынов "дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу – ел үшін үлкен абырой, әрі Қазақстан спортшыларына үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат [2028 жылғы] Лос-Анджелес олимпиадасы қарсаңында өтеді" деп жазды.