Валюта бағамы
  • USD -

    519.1
  • EUR -

    547.5
  • RUB -

    5.21
Ұрпақсыздық  - ұлтымызға төнген қатер
Фото: ашық көзден 10 қыркүйек 2024
Ұрпақсыздық  - ұлтымызға төнген қатер

Сәби сүю арманға айналғандай...

Ата-бабаларымыз: «Адамның бір қызығы бала деген...», «Балалы үй - базар» деп дүниеге ұрпақ әкелуді, үрім-бұтағын жалғастыруды ең үлкен бақытына балаған. Кезінде ұрпақсыздықтың кесірін көп тартпаған ұлтымыз бүгінде бұл індеттің шырмауына шындап шырмалғандай. Бұны жаһандану дәуірінің басты індеттерінің бірі десек те қателеспейміз.  Алайда мамандар бедеуліктің белең алуы бізде ғана емес, күллі дүние жүзіндегі тенденция деген тұжырым жасауда. Қалай десек те, бедеулік пен белсіздік демографиялық ахуалымызды ақсатқан үлкен кеселге айналды. Бүгінде әйелдердің 45 пайызы бедеулікке ұшыраса, ер азаматтар арасындағы белсіздік 40 пайызға жақындаған. Бұл әрине алаңдатарлық, әрі көңілге қорқыныш ұялататын жәйт. Гинеколог мамандардың пікірінше, егер әйел мен еркек үйленіп, бір жыл бойы тұрақты қарым-қатынаста болып жүктілік пайда болмаса, бұл бедеуліктің нышаны болуы мүмкін дейді. Мұндай жағдайда дереу мамандардың қабылдауына жазылуды ескертеді.   

Әлемде өршіп тұрған кесел

  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) осыдан 5 жыл бұрын әлемде қанша жұп бедеулікке шалдыққаны туралы мәлімет жариялаған. Осы дерекке жүгінсек, 50 миллионға жуық адам осы кеселге ұшырапты. Ал содан бері бұл санның сөз жоқ, өсе түскені анық. Бірақ аталған ұйым бүгінде бедеуліктің санымен емес, оның себеп-салдарымен күресіп әлек. Әлемнің белгілі сарапшы-ғалымдары да бедеулік мәселесінің дәл қазіргі заманда неліктен өршіп кеткені туралы әртүрлі болжамдарды алға тартуда.  Ғаламтордағы мәліметтерге зер салсақ, бедеулік пен белсіздіктің белең алуына тамақтану үрдісінің өзгеруі мен экологиялық факторлар өз зардабын тигізуде. Қазір күнделікті тұтынып жүрген тағамдарымыздың табиғи құрамы мен сапасы көңіл көншітерліктей емес.  Оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Күнделікті ас мәзіріміздегі ас-суымызда небір бояғыштар, дәм күшейткіштер, химиялық қоспалар көбейді. Сонымен қатар тұрмыстық қолданысымыздағы, яғни адамзаттың бөлінбес бөлшегіне айналған микротолқынды пеш, компьютер, ұялы телефон  секілді тұрмыстық заттар да бедеулікті асқындыруда деп дабыл қағуда мамандар. Сол себепті ғалымдар ұялы телефонды қалтаға жақын ұстамауға, қуат көзі 5 пайыздан төмендегенде оны қолданбауға кеңес береді. Ал микротолқынды пештерді жиі қолданбаған абзал дейді.

Нәзік жандылардың отбасылық құндылықтан гөрі материалдық құндылықты, мансапты жоғары қойып, ер азаматтармен иық теңестіре еңбек етулері де жеке өмірлеріне әсер етпей жатқан жоқ. Сондықтан бала көтеру жасындағы әйелдер мансапты емес, ана болып, сәби сүюді бірінші кезекке шығарғандары жөн. Осы мәселе төңірегіне жан-жақты зерттеу жасаған Кембридж университетінің оқытушылары мен  профессорлары: «Соңғы кездердегі әйелдердің арасында бедеуліктің жиілеуі олардың аналық емес, материалдық, мансаптық құндылықтарды жоғары қоюынан болып отыр. Себебі әйелдердің қан айналымы жатырға емес, миға кетіп жатыр» дейді.

Сонымен қатар, қимыл-қозғалыстың аздығы да бедеуліктің көбеюіне себеп болып отыр.

Статистика не дейді?  

Қазақстанда әрбір алтыншы жұп сәби сүюге қабілетсіз. Бірақ бұл да нақты мәлімет емес. Өйткені, тізімге тек дәрігерге қаралып, медициналық кеңеске жүгінгендер ғана енген. Денсаулық сақтау саласы мамандарының 2021 жылғы келтірген деректеріне жүгінсек, әйелдердің 20 мыңға жуығы, ал 2 мыңдай ер азаматтардың осы кеселге шалдыққаны анықталған. Бұл ретте дәрігердердің өздері бөріктілердің арасындағы белсіздіктің жыл өткен сайын өршіп бара жатқандығын жасырмайды. Аталған деректер «Қазақстандық отбасы - 2022» ұлттық баяндамасынан алып келтіріліп отыр. Одан бергі бір жарым жылдың ішінде бұл сан артпаса, кемімегені анық.

 Мамандардың айтуынша, қазақстандық ер азаматтар стереотиппен өмір сүреді. Еш жерлері ауырмайтындықтан, әрі жұбайлық міндеттерін ойдағыдай атқаратындықтан олар үшін белсіздік - соншалықты қауіпті дерт емес. Сондықтан да олар өз тарапынан ешқандай кемшілік бар деп ойламайды. Ал жылдары  мен күндері босқа өтіп, ана болу бақытына зар болып жүрген әйелдердің арасында ерлерін үгіттеп, андрологтың қабылдауына апара алмай жүретіндері қаншама.    

      «Менің қабылдауыма неше түрлі адамдар келеді, солардың арасында екі-үш рет үйленіп,  бірақ әке болу бақытын иелене алмаған бір еркек  болды. Ол бәріне бұрынғы әйелдерін кінәлаумен болатын. Сайып келгенде бәріне өзі кінәлі екен, тексеріс нәтижесінде өзі белсіздік дертіне шалдыққан болып шықты. Егер ер азаматтар уақытылы дәрігерге көрініп, талдау жасатып, тексерістен өтіп  тұрса,  жағдай жақсы жағына  қарай  өзгерер еді» - дейді  уролог, андролог Анастасия Оспанова.

     Сондықтан, бұл мәселеде тек әйелдерге ғана кінә артудың қажеті жоқ. Осыған орай  қазірде гинеколог-репродуктор мамандар пациенттерді жеке-жеке емес, жұптарымен қабылдауға тырысады.  Олардың тұжырымынша, бедеу әйел, белсіз еркек деген ұғым жоқ,  қойылар диагноз  біреу-ақ  - бедеулік неке.  

    ДСҰ-ның келтірген мәліметтеріне жүгінсек, әлем бойынша белсіздік өзектілігі жағынан жүрек-қан  тамырлары сырқаты  мен онкологиядан кейін  үшінші орында тұр.

     «Аңсаған сәби» бағдарламасы

Мүмкіндік қашан да бар, жүзден, тіпті мыңнан бірі болса да, кез келген жұп, бірінші, екінші немесе үшінші әрекеттен соң шаңырақта сәбидің күлкісін есту бақытына ие болады. Бұл ретте ЭКО-ны (экстракорпоралды ұрықтандыруды) сөз етіп отырмыз. Елімізде бүгінде «Аңсаған сәби» бағдарламасы жұмыс істеуде, осының нәтижесінде кейінгі оншақты жылдың бедерінде 5,5 мың сәби дүниеге келді. ЭКО процедурасы  алғаш рет елімізде осыдан 27 жыл бұрын жасалған болатын. Осы жылдар аралығында экстракорпоралды ұрықтандырудың нәтижесінде 30 мыңға жуық сәби дүние есігін ашты. Бір жылдың өзінде 2500 отбасы балалы болу бақытын иеленді. Сондай-ақ 1998 жылдан ресми түрде рұқсат етілген суррогат аналықтың арқасында да сәби сүйіп, бақытқа бөленіп отырғандар да бар. Бірақ бұл тәсіл әлі кең таралмаған, бір айта кетерлігі, жалдамалы аналарды таңдаумен клиникалар емес,  арнайы заңгерлік агенттіктер айналысады.

     Бедеуліктің алдын алу

Жаһандық проблемаға айналып отырған бедеулікті факторын медико-социалдық мәселе деп қарастырады. Дерттің негізгі себебі  -  гинекологиялық сырқаттардың кең таралуы, қабыну процестері, суық тию, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың кең таралуы. Сонымен қоса, кең таралған эндометриоз деген дерт бар. Бұл да бедеулікке алып келетін фактор. Ал, ер адамдардың шәуетінің төмендеуіне экологиялық фактор, өмір сүру салтының дұрыс болмауы, физикалық қозғалыстың аз болуы, тіпті, тамақтану жүйесі де кері әсер етеді дейді мамандар. Тіпті қазірде белсіздік пен бедеуліктің түпкі мағынасын түсінбей жүргендер  де көп екен. Жалпы, статистика бойынша, бедеуліктің  40 пайызы - ерлер жағынан, 40 пайызы - әйелдер жағынан, тағы 20-30 пайыздайы - екіжақты фактордан болуы мүмкін.

Сөзіміздің соңында, белсіздікке апаратын бес себепті айта кеткенді жөн санадық.  Олар - сыра, ұялы телефон немесе виброқұрылғылар, ноутбук, инфекция және стресс. Мамандар осылардың ішіндегі сақтанатындарынан сақтанып, күлделікті қолданыстағы заттарды шектеп қолдануға кеңес береді.  

RELATED NEWS
Қазақстанда маскалық режим енгізіледі
19 тамыз 2024
Қазақстанда маскалық режим енгізіледі

Қазақстандағы бас санитар дәрігері ауруханалардағы қайтаратын қаулы жариялады,  деп хабарлайды Ulys.

Құжат бүкіл Қазақстан бойынша денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына медициналық ұйымдардың 1 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын жүргізуге дайындығын қамтамасыз етуге нұсқау береді, оның ішінде:

·        биыл 1 қыркүйекке дейін тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын адамдардың тізімін дайындау;

·        вакцинаны сақтау және тасымалдау талаптарын сақтау;

·        егу кабинеттерін, егу бригадаларын тұмауға қарсы вакцинациялауға дайындау және иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жағдайларда шұғыл көмек көБұдан басқа, құжат: медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлері үшін маска режимін енгізуді; 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізуді; медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық маусымда тұмаумен, ЖРВИ және COVID-19 науқастарын қабылдауға дайындығын және жеке қорғану құралдарының болуын көздейді.

Сондай-ақ ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастарды сұрыптау қағидатын сақтауды ескеріп, тұмау, ЖРВИ және COVID-19 ауруларының эпидемиялық көтерілуі кезінде медициналық ұйымдарда қосымша инфекциялық төсектерді орналастыру жоспарын бекіту жоспарланған.

Тұмаумен, ЖРВИ және COVID-19, ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін даярлау, медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режимді сақтау көзделген.

Медициналық ұйымдарда дезинфекциялық режим күшейтіледі.

Білім басқармаларының басшылары медициналық ұйымдардың болмау себебін анықтап және хабардар етіп, оқушылардың, қызметкерлердің қатысуына күнделікті мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті

Қаулының толық мәтіні санэпидбақылау комитетінің сайтында жарияланған.

 

Маймыл шешегі: Қазақстанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
18 тамыз 2024
Маймыл шешегі: Қазақстанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады.

Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады.

Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

1. Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз. Вирус жұқтырған маймылдармен, егеуқұйрықтармен және басқа жануарлармен байланыста болуы мүмкін.

2. Қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері мен қолғаптарын қолдану маңызды.
3. Гигиенаны сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
4. Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес береміз.

5. Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз. Егер бөртпе, жоғары температура және басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда және кез келген өзгерістерге жедел ден қоюға дайын.

Қазакстан  Моңғолияда вакцина өндірісін ашпақ - журналист
21 қараша 2024
Қазакстан Моңғолияда вакцина өндірісін ашпақ - журналист
 

Президент он күннің ішінде екі мемлекеттік сапар, бір саммитке барды. Арасында Астанада бірнеше бизнес кездесу өткізіп үлгерді. 29 қазаннан басталған 10 күндік марафон Қазақстанға шамамен 3 миллиард доллар дивиденд алып келетін болады. Бұл туралы журналист Айбар ОЛЖАЕВ мәлімдеді, - деп хабарлайды newsroom.kz

Бір аптаның ішінде екі бірдей мемлекеттік сапарға барудың протокол тарихында сирек кездесетін құбылыс. Қазақстан басшысы мұның бәрін бекер істеп жүрген жок. Өткен айдың соңында Қасым-Жомарт Токаев Президент ретінде Моңғолияға тұңғыш рет мемлекеттік сапармен барды.16 жыл бойы Моңғолия Қазақстан Президентін қарсы алмаған болатын. Қазакстан алдағы уақытта Монғолияда вакцина өндірісін ашпақ. Бұл қазақтың ветеринарлық вирусология саласындағы үлкен жеңісі. Сонымен бірге Моңғолияның қазба байлықтарына есік ашылды. Біздің көздеп отырғанымыз боксит еді. Енді отандық инвесторларға Моңғолияда жұмыс істеу жеңілдемек- деп жазды журналист.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.