Валюта бағамы
  • USD -

    537.1
  • EUR -

    626.5
  • RUB -

    6.73
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-дан 14,75%-ға дейін төмендетті
23 ақпан 2024
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-дан 14,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 14,75 пайызға дейін төмендетті, деп хабарлайды Ulys банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтарда жылдық инфляцияның төмендеу үрдісі жалғасын тапты. Инфляциялық күтулер үш ай қатарынан баяулап келеді. Ал айлық инфляция орташа жылдық мәндерден жоғары қалыптасуда. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап күйде қалыптасып отыр. Бірқатар сауда-серіктес елдерде инфляция біршама қарқын алып, сыртқы инфляциялық қысым сәл күшейді. Әлемдік азық-түлік бағасында төмендеу үрдісі жалғасып, сыртқы инфляциялық жағдайға оң әсерін тигізіп отыр. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтана қоймаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталып отыр.

Жылдық инфляция 2024 жылғы қаңтарда 9,5%-ға дейін баяулады. Бұл Ұлттық банктің болжамына сәйкес келеді. Бағалардың жалпы өсіміндегі баяу үрдіс – жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, жаһандық инфляциялық қысымның және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, логистикалық тауар жеткізу жолдарының біртіндеп қалпына келуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты.

Айлық инфляция орташа жылдық мәндерден (0,6%) жоғары қалыптасып, 0,8% болды. Тұтынушылық бағалардың өсуіндегі орнықты бөлікті сипаттайтын базалық инфляция және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция біраз қарқын алып, таргеттен жоғары деңгейде қалыптасып отыр.

Үш ай қатарынан баяулап, қаңтарда біршама төмендеген халықтың инфляциялық күтулері базалық мөлшерлеменің төмендеуіне себеп болды.

Жалпы сыртқы инфляциялық фон бейтарап күйде қалыптасып келеді. Әлемдік азық-түлік пен энергия бағасының төмендеуінен жаһандық инфляция баяулап отыр. Сонымен бірге Ресейде инфляция жоғары деңгейде қалыптасып, Қытайда айлық инфляцияның өсуі байқалады. Қаңтарда ФАО азық-түлік бағасының индексі астық пен ет бағасының арзандауына байланысты төмендеді. Жаһандық инфляцияның баяулауына қарамастан, сыртқы ақша-кредит шарттары қатаң қалпында қалуда. АҚШ ФРЖ және ЕОБ инфляцияны нысаналы мәндерге қайтару қажеттілігіне байланысты мөлшерлемелерін төмендетуге асықпайды.

ОПЕК+ мұнай өндіру ісін үздіксіз қысқартуына, АҚШ тарапынан өндірістің қалыпты өсуіне және Таяу Шығыстағы әскери қимылдарға байланысты базалық сценарийде Brent маркалы мұнай бағасы 2025 жылдың соңына дейін барреліне 80 АҚШ доллары деңгейінде тұрақтанады жеген болжам бар. 2026 жылы мұнай бағасы жылдық орта есеппен

77 АҚШ долларына дейін төмендейді деп күтілуде. Сонымен қатар сценарийде әлемдік азық-түлік бағасының (ФАО астық бағасының индексі) 2024 жылдың ортасына дейін біршама көтеріліп, содан кейін ғана тұрақтануы мен одан әрі төмендеуі қарастырылған. Алғышарттар, бір жағынан, Қызыл және Қара теңіз логистикасындағы ықтимал қиыншылықтар тәуекелін, екінші жағынан ФАО-ның 2024 жылғы маусымның соңында астық түрлері мен әлемдегі астық қорларының өсуіне қатысты болжамдарды көрсетеді.

RELATED NEWS
Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға ұшатын жаңа бағыттар ашылады
19 ақпан 2024
Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға ұшатын жаңа бағыттар ашылады

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артып, жаңа әуе бағыттары ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлайды.

ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Корея Республикасы Жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лимен кездесті. 

Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, Алматы – Сеул бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап уағдаласты. 

Сонымен қатар Талғат Ластаев T' Way төмен бюджеттік әуе компаниясының және Sirius Airlines жүк әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниетті екенін білдірді.

Үкіметте экономикасының өсу қарқыны 4,2%-ды құрағаны айтылды
12 наурыз 2024
Үкіметте экономикасының өсу қарқыны 4,2%-ды құрағаны айтылды

Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров есепті кезеңде Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,2%-ды құрағанын мәлімдеді. Қаңтар айында көрсеткіш 3,9% болған. 

Нақты сектордағы оң динамика 5,1%-ға, қызмет көрсету саласындағы динамика 3,5%-ға жетті. Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі ең жақсы өсімді көрсетіп отыр.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 7,9%-ды құрады. Олардың көлемі құрылыста 2,7 есеге, білім беруде 56%-ға, көлік пен қоймалауда 47%-ға, ақпарат пен байланыста 45%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 37%-ға, ауыл шаруашылығында 12%-ға өсті.

Алдын ала қорытындылар бойынша 2024 жылғы қаңтарда республиканың сыртқы сауда айналымы $10 млрд-тан асты. Экспорт шамамен $6 млрд-ты құрады, ондағы өңделген тауарлар экспорты $1,6 млрд, ал тауарлар импорты $4 млрд болды. Жалпы ҚР-ның оң сауда балансы $1,7 млрд-қа тең.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, мемлекеттік бюджетке 3,2 трлн теңге кіріс түсті – жоспар 102,5%-ға орындалды. Республикалық бюджет 1,9 трлн теңгеге, жергілікті бюджеттер 1,3 трлн теңгеге толықтырылды. Есепті кезеңдегі мемлекеттік бюджет шығыстары 96,6%-ға орындалды.

Премьер-Министрдің айтуынша, барлық негізгі макрокөрсеткіш Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай облыстары мен Астана қаласында өсті. Ең төмен көрсеткіштер Маңғыстау, Атырау, Ақмола облыстары мен Алматы қаласында байқалып отыр.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев өңірлерге инвестициялар тарту, құрылыс қарқынын арттыру, ауыл шаруашылығын және басқа да салаларды дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндама жасады.

Үкімет басшысы қазіргі таңда өсу қарқыны сақталып отырғанын, дегенмен динамиканы арттыра түсу қажет екенін айтты.

«Министрліктер мен өңірлердің бірінші басшылары Жоспарды сапалы әрі уақытылы іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс. Үкімет жұмыла жұмыс істеп, экономиканың барлық саласы тиімді үйлестіруі керек», — деді Олжас Бектенов. 

Премьер-Министр әрі қарай инфляциялық қысымды төмендету керектігіне назар аударды. Екі айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3%-ды құрады. Бұл ретте Үкімет пен Ұлттық Банктің алдында оны 8%-дан төмен ұстап тұру міндеті тұр.

«Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған. Көріп отырғанымыздай, бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп. Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді», — деді Үкімет басшысы.

Жалпы өңірлер арасында инфляцияның ең көп өсуі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркеліп отыр.

«Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын», — деді Олжас Бектенов. 

Үкімет басшысының айтуынша, осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық және оффтейк-келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек.

Сонымен қатар импортқа тәуелді өнім өндірісін кеңейту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажет.

«Әкімдер делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы орындауды тапсырамын», — деді Премьер-Министр. 

Сондай-ақ Олжас Бектенов инвестициялар тарту үшін дайын инфрақұрылымның қолжетімді болуын қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Қазіргі кезде тозу деңгейін азайту үшін электрмен, жылумен және сумен жабдықтау желілерінде белсенді түрде жұмыс жүргізілуде.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жөндеу және реконструкциялау жөніндегі барлық іс-шара сапалы жүзеге асырылып, уақтылы аяқталуға тиіс. Бұл ретте сатып алу барысында отандық өндірушілерді қолдауға барынша басымдық берілуі қажет. Сондай-ақ әзірленіп жатқан Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарда тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін нығайтуға бағытталған жобаларды көздеген жөн», — деді Үкімет басшысы. 

Оның айтуынша, экономикалық саясат басымдықтарының бірі – мемлекеттің экономикадағы үлесін кезең-кезеңмен қысқарту және баршаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Осы саясатты іске асыру кешенді жекешелендіру және мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік ортаға беру арқылы сүйемелденуге тиіс. 

«Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 2025 жылдың соңына қарай Жалпы ішкі өнімнің 14%-ына дейін қысқартуға тиіспіз. Биыл Кешенді жекешелендіру жоспарын 90%-ға іске асыру қажет», — деді Олжас Бектенов. 

Қорытындылай келе, Премьер-Министр Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру жөніндегі тапсырмасының сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Бұл шаралар нарықтық бәсекелестікті дамытуға, жекешелендіруді тиімді жүргізуге және квазимемлекеттік секторды реформалауға бағытталуға тиіс.

Ресей мұнайын Қазақстан арқылы тасылдау келісімі тағы 10 жылға ұзартылды
27 наурыз 2024
Ресей мұнайын Қазақстан арқылы тасылдау келісімі тағы 10 жылға ұзартылды

Бүгін Мәжіліс Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдауға қатысты құжатты мақұлдады.

«2014 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде Ресей мұнайының Қазақстан арқылы Қытайға тасымалы 90 млн тоннадан асты», - деді Энергетика Алмасадам Сәтқалиев Парламентте.

Министрдің сөзіне қарағанда, Ресей тарапы «Роснефть» қытайлық СNPС-мен алдағы 10 жылда мұнай тасымалын 100 млн тоннаға дейін жеткізу туралы келісімді ұзартып, қол қойған.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.