Валюта бағамы
  • USD -

    518.3
  • EUR -

    586.5
  • RUB -

    6.23
Сырда студенттер жасағы үй салып жатыр
15 маусым 2024
Сырда студенттер жасағы үй салып жатыр

Қызылорда облысы Сырым ауданында студенттік құрылыс жасағы жұмысын бастады. Қазіргі таңда Жымпиты, Бұлдырты, Өлеңті және Көздіғара ауылдарында үйі тасқынннан зардап шеккен тұрғындар үшін 114 жаңа баспана бой көтеруде. Құрылыс жасағындағы 50 студент жаз бойы қоныстойды жақындатуға үлес қоспақ. 

Ауылдағы жұмыссыз жастар үшін игілікті жобаны ұсынған - “Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы.  

Бүгін Жымпитыда еңбек сарбаздарын салтанатты қатарға қабылдау шарасы өтті. Шараға Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов, Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Медкат Қамбетов қатысты.

- “Ауыл” партиясының жаңа жобасының Сырым ауданында бастау алғанына қуаныштымыз. Бұл жоба жастарды еңбекке баулып, халықтың мұң-мұқтажын іштен сезініп, Отанға деген сүйіспеншіліктерінің арта түсуіне оңынан әсер етеді деп сенемін. Баспанасыз қалған азаматтар жылы ұяларымен тезірек қауышуына тілектеспіз. Халқымыздың әр азаматы қолынан келгенше осы жолда қызмет етсін! - деді аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов.

Құрылыс жасағының қарарын командир Мейрамбек Батыргереев тапсырды. Белсенді студент Әсет Мырзағалиев қатарластарын жауапты жұмыс атқаруға шақырды. 

Айта кетейік, “Ауыл” партиясының жанындағы жастар қанаты төтенше жағдай уағында халықпен бірге болды. 

- Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап өңірлік партия филиалының ұжымы және «Ауыл жастары» қанатының 70 - тен астам еріктілері бөгет жұмыстарын жүргізуге, апат салдарын жоюға барынша атсалысты. Партия тарапынан еріктілер құрамы жасақталып, кең көлемде гуманитарлық көмек ұйымдастырылды. Біздің жастарымыздың бастамасымен өңірімізге екі жүк көлігімен 25 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізіліп, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға таратылды. - дейді жастар қанатының төрағасы Дәурен Рахымбек. 

Жас құрылысшылар салтанатты жиыннан кейін тіке құрылыс нысандарына аттанып, жұмыс күнін бастап та кетті. Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы “Ауыл” партиясының өкілдерімен бірге салтанатты кірпіш қалауға қатысты. 

RELATED NEWS

Жастардың кәсіпкерлік белсенділікті арттыру бағытында оқулар өткізілді
16 қазан 2024
Жастардың кәсіпкерлік белсенділікті арттыру бағытында оқулар өткізілді

Бүгін Астанада «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Экологиялық қоры іске асыратын «Кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік және жеке қолдау шаралары туралы ауылдық аумақтардағы жастардың хабардар болу деңгейін арттыру» екі жылдық жобасының аяқталуына арналған баспасөз конференциясы өтті.  Жоба еліміздің ауылдық өңірлеріндегі жастар арасында кәсіпкерлік белсенділікті арттыру бағытындағы маңызды қадам болды.

Жоба негізгі міндеттерді шешуге бағытталған, соның ішінде:

1. Жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру: NEET (жұмыссыздар немесе дипломы жоқ азаматтар) жастарды бизнес жүргізу негіздеріне және жұмыс іздеуге үйрету маңызды міндет болды. Жобаны іске асыру барысында Қазақстанның 17 өңірін қамтыған көптеген оқыту іс-шаралары өткізілді.

2. Кедергілерді зерттеу: жоба жастардың бизнесті ашудағы кедергілерін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер жастардың қол жетімді қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға негіз болды.

3.Ақпараттық бұрыштарды құру: жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы материалдарды қамтитын арнайы ақпараттық бұрыштар құрылды. Бұл бұрыштар оқу орындары мен қоғамдық орталықтарда қол жетімді болды, жастарға қажетті ақпарат берді.

Жоба аясында Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Қостанай облыстарында көшпелі дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылып, оған әр облыстан 200-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ NEET жастары арасында үздік бизнес-идеяға байқау өткізілді, оған 55 өтінім қатысты. Финалға шыққан он адам өз идеяларын ұсыну мүмкіндігіне ие болды, бұл олардың өз ісін ашуға деген ынтасын айтарлықтай арттырды.

20 жас үшін SMM негіздері бойынша қарқынды курс ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды. Олардың үшеуі олардың кәсіби өсуі мен дамуына ықпал етіп, әрі қарай тәлімгерлік ету үшін таңдалды.

Жоба ақпараттық қолдауға да назар аударды. Қолдау шаралары туралы брошюралар, парақшалар мен бейнероликтер әзірленіп, таратылды, Instagram және TikTok әлеуметтік желілерінде 56 000-нан астам қолданушыларды қамтыды. Жыл басынан бері сенім телефоны құрылып, оған 115 адам кеңес сұраған. Сондай-ақ хостинг мерзімі ұзартылып, жас кәсіпкерлерге арналған ақпараттық-кеңес беру орталығының тұрақтылығы қамтамасыз етілді.

Жүргізілген зерттеулер мен талдау нәтижелері бойынша ауыл жастарының мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болуын арттыру бойынша ұсыныстары бар есеп құрастырылды. Бұл құжат еліміздің 8 өңірінде таныстырылып, алдағы уақытта кәсіпкерлікті қолдау саласындағы жұмыстардың негізі болмақ.

«Біздің жоба жастардың кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік және жеке қолдау мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттырудағы маңызды қадам болды. Алынған білім мен дағдылар жастарға өз бизнесін ашуға ғана емес, өз идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға да көмектеседі деп үміттенеміз», — деп атап өтті Қазақстанның экологиялық қорының президенті Айгүл Абдуалиева.

Қазақстанның Экологиялық Қоры өз алдына тұрақты экономиканы және белсенді азаматтық қатысуды дамытуға бағытталған өршіл мақсаттар мен міндеттер қоя отырып, жастарды кәсіпкерлікте қолдау жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Жоба бойынша қосымша ақпарат пен материалдар алу үшін көрсетілген контактілер бойынша бізге хабарласыңыз.

Байланыс ақпараты: Назерке +7 708 931 0789

«Бір ғасыр бұрынғы буын: қазақ жастарының өршіл рухы»
21 сәуір 2025
«Бір ғасыр бұрынғы буын: қазақ жастарының өршіл рухы»

Қазір жастар қоғамдық процестерге араласпайды деген пікір жиі айтылады. Әлеуметтік желіде белсенді, шынайы өмірде бейжай дейді. Бірақ бір сәт артқа қарасақ, өткен ғасырдағы қазақ жастарының бейнесі – мүлде бөлек. Олар ұранмен емес, іспен сөйлеген. Олар еркіндік үшін күрескен. Олар «жас» деген сөзге жауапкершілік жүктеген.

XX ғасырдың басы. Ресей империясының қыспағы, патшаның жарлығы, отарлық езгі. Осындай жағдайда қазақ жастарының алғашқы толқыны қалыптасты. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде айтылған Алаш идеясы кейін жастардың жүрегінде жалынға айналды. 1910 жылдары Орынбор, Уфа, Қазан қалаларында оқып жүрген қазақ шәкірттері «Жас қазақ», «Жас азамат» секілді ұйымдарға бірігіп, ұлттық сана мен тілді сақтау жолында күрес жүргізді. Олар жазды, аударды, пікір таластырды.

1917 жылғы революциядан кейін қазақ жастары саясат сахнасына шықты. Алаш қозғалысының ішінде жастар қанаты болды. Міржақып, Жүсіпбек, Ахметтің қасында жүргендер – жиырманың үстіндегі жігіттер. Олар тек газет шығарған жоқ, автономия жариялау, жер-су реформасы, оқу жүйесін қалыптастыру сынды мәселелерді көтерді. Яғни сол кезде-ақ жастар – қоғамның қозғаушы күші екенін дәлелдеді.

1920–30 жылдары жастар жаңа жүйенің – кеңестік идеологияның сөресінде жүрді. Бұл – парадокс кезең. Бір жағынан – репрессия, бір жағынан – жаңғыру. Сол дәуірде «Жас қайрат», «Жас алаш» ұйымдары құрылды. Жастар комсомолға өтіп, ауыл шаруашылығы мен өндіріс орындарында белсенділік танытты. Бірақ бұл белсенділік – еркіндік емес, тапсырма аясында жүзеге асты. Алайда сол аяда жүріп-ақ ұлтқа қызмет еткен жастар болды. Олардың кейбірі кейін атылып кетті, кейбірі үнсіз қалды, кейбірі беймәлім қалды. Бірақ олардың жүрегінде от болғаны анық.

1941 жыл. Соғыс. Бұл – жастардың ерлік жылнамасы. Қазақ жастары майданға аттанды. Мәскеу түбіндегі шайқаста оққа қарсы шын кеудесін тосқан Бауыржан Момышұлы 30-ға енді толған еді. Атақты мерген Әлия Молдағұлова – 18-де, Мәншүк Мәметова – 20-да. Олар қаһармандықты қаламмен емес, қарумен жазды. Жастардың бұл буыны оқ пен оттың арасында елді қорғады. Бұл – нағыз «мен» емес, «ел» деген ұстаным.

Соғыстан кейінгі жылдары жастар елді қалпына келтіру ісінде белсенді болды. Тың игеру, өндірістік бригадалар, комсомол құрылыстары – бәріне жастар тартылды. Олар комсомолдың жетегінде болғанымен, құрылыс пен істе табанды болды. Сол кездегі жастардың ішінде Мәскеуге дейін барып білім алып, ауылға оралып, мектеп ашқан ұстаздар, техника енгізген агрономдар, шахтаға түскен инженерлер болды. Яғни рухы сынбаған, белі бүгілмеген буын шықты.

1960–70 жылдар. Қазақ жастары рухани серпіліс іздеді. Бұл – Дәуітов, Сейітов, Елеукенов, Мұқанов сынды жас ғалымдардың, Қадыр, Мұқағали, Төлеген, Жұмекен сынды жас ақындардың дәуірі. Олар жалаң ұраннан шаршап, терең сөзге көбірек ден қойды. Сол тұста әдебиет – жастардың мінбері болды. Бір өлең – бір майдан. Бір роман – бір көтеріліс. Ақиқатты айту оңай болмағанымен, жастар өнер мен білім арқылы үн қатты. «Жас ұлан», «Жалын» журналдары жарыққа шықты. «Білім және еңбек» журналы ғылымды қарапайым тілмен жеткізетін платформаға айналды.

1986 жыл. Желтоқсан. Бұл – қазақ жастарының жүйеге алғаш рет ашық қарсылық білдірген кезеңі. Алматының алаңына шыққан студенттер – саяси шешімге қарсы болған алғашқы буын. Қолында қару да, қалтасында қаражат та жоқ жастар билікке: «Тәуелсіздік керек!» – деді. Мұның арты қысыммен аяқталды. Қан төгілді. Бірақ рух сынбады. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев – осы ұлттың символына айналды. Бұл оқиға – Тәуелсіздіктің таңы.

1990 жылдар – өтпелі кезең. Жастардың бір бөлігі базар жағалады, екінші бөлігі шетел асып оқуға кетті. Бірақ олардың да ішінде тұлғалар шықты. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанда, оны мойындату, сырт елдермен байланыс орнату, жаңа кәсіп бастау, алғашқы медианы құру – бәріне жастар қатысты. 1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы басталды. Мыңдаған жас шетелде білім алып, елге оралды. Сол буын бүгінде ел экономикасы мен мәдениетінде белсенді рөл атқарып отыр.

2000 жылдардан бастап жастар саясаты жүйеленді. «Жас Отан», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары арқылы жастарды қолдауға талпыныс болды. Бірақ бұл қолдау көбіне науқаншыл сипатта болды. Шынайы қоғамдық белсенділік интернетке көшті. Жаңа буын жаңа құрал арқылы пікір білдірді. Блог, подкаст, әлеуметтік желі – жаңа мінберге айналды. Жастар бұрынғыдай алаңға емес, аккаунтқа шықты. Бұл – цифрлы белсенділік дәуірі.

Қорытынды. Қазақ жастары әр кезеңде де ел тағдырының шетінде емес, ортасында болды. Кейде қарумен, кейде қаламмен, кейде үнсіз ерлікпен күресті. Олардың қайсарлығы – өткеннің тарихы ғана емес, бүгінгіге үлгі. Себебі тарихта есімі қалған жастар – еріккеннен емес, ерікпен күрескендер. Ал қазіргі жастар үшін ол рух – бағдаршам.

Себебі әр буын – өз дәуірінің куәсі ғана емес, келесі дәуірге жол ашатын көшбасшы. Қазақ жастары бір ғасыр бұрын да сондай болған. Бүгін де сондай болуға лайық.

«Жастар белсенді емес» деген сөздің алдында «Қандай жағдай жасалды?» деген сұрақ тұруы керек. Себебі тарихта жастар ешқашан бейжай болмаған. Олардың үнін еститін құлақ қана керек.

Бір ғасыр бұрынғы буын отты еді. Ендеше, сол от бүгінгі буында жалғасуы тиіс. Өйткені ұлттың шамы – жастың шырағында.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.