Валюта бағамы
  • USD -

    444.9
  • EUR -

    484
  • RUB -

    4.97
Су тасқыны: 20 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алды
11 мамыр 2024
Су тасқыны: 20 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алды

ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі таңда 20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,1 млрд теңгеден асты.

11 мамырдағы жағдай бойынша 130 отбасы ескі тұрғын үйлерінің орнына жаңа баспанаға ие болды. Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға берілетін 239 жаңа үй салынып жатыр. Сонымен қатар 568 отбасы 710 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Жалпы алғанда зардап шеккен өңірлерде 9995 тұрғын үй тексеріліп, 7522 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді. 

Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.

RELATED NEWS
Студенттік құрылыс жасақтары су тасқынынан зардап шеккендерге үй салып береді
23 мамыр 2024
Студенттік құрылыс жасақтары су тасқынынан зардап шеккендерге үй салып береді

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан баспаналар құрылысына «Ауыл» жастары көмектеседі. Ол үшін өңірде студенттік құрылыс жасақтары құрылды. Бұл - «Ауыл» ХДПП бастамасымен қолға алынып отыр, деп хабарлайды Ulys.

Бүгін Петропавл қаласы А. Винокуров атындағы спорт сарайында «Ауыл» партиясы Жастар қанаты құрылыс жасақтарының салтанатты шеруі өтті.

Салтанатты шеруге «Ауыл» ХДПП Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, жергілікті атқарушы билік өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері т.б қатысты.

Ел аумағында болған су тасқыны зардаптарын жою үшін Жастар студенттік құрылыс жасақтарын қайта жандандырып, зардап шеккендерге нақты көмек көрсету жайында «Ауыл» партиясы Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Серік Егізбаев Үндеу жасаған болатын. Аталған үндеуге бірінші болып «Ауыл» партиясының Жастар қанаты үн қосты. Солтүстік Қазақстан облысында студент жастар отрядын жасақталды.

Салтанатты шеруде сөз алған Серік Егізбаев «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында: «Адал адам – Адал еңбек – Адал тәрбие» – бір-біріне ажырамас ұғымдар. Осы үш бағытты озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады. Балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына осы озық құндылақтарды сіңіруге айырықша көңіл бөлінуі тиіс – деп атап өткен болатын. Бүгін, «Ауыл» Партиясының Жастар қанаты бастама көтеріп, еліміз егемендік алған уақыттан бері тұңғыш рет «Ауыл» жастарының құрылыс жасақтарын» құрды. Жоба жас буын үшін жаңа өмірге жолдама, жаңа мамандыққа бастау болады деп ойлаймын. Бүгін біз «Ауыл» партиясы жастар құрылыс отрядтарының жұмысына ресми старт береміз. Біздің балалар 3 ай ішінде, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді күзгі суыққа ұрындырмай қоныстандыру үшін «Солнечный – 2» кентінде құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Уақыт өте аз, ал жұмыс – өте көп. Сондықтан балаларымызға сәттілік тілейміз!», - деді.

«Ауыл жастары» құрылыс жасағының құрамында 40 жас бар. Тағы 40 студент резервте тұр. Қазіргі уақытта Петропавл қаласының Солнечный-2 кентінде тасқыннан зардап шеккендерге арналып 500-ден астам баспана салынып жатыр. Жастар құрылыс жасағы сол жерде су шайған үйлерді қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына жұмылдырылады.

«Бұл үлкен қоғамдық әлеуметтік маңызы бар жоба. Бір  жағынан, жастар жасағы зардап шеккен отандастарға су тасқыны зардаптарын жоюға көмектессе, екінші жағынан, студент жастардың жазғы демалыс кезінде еңбекке араласып, табыс табуына мүмкіндік береді. Басқа өңірлерде де жұмысты жалғастырамыз. Мәселен Қарағанды жастары басқа облыстарға барып, көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді», - дейді Серік Егізбаев.

Тасқыннан зардап шеккен 356 отбасы жаңа үйлерге көшті
24 мамыр 2024
Тасқыннан зардап шеккен 356 отбасы жаңа үйлерге көшті

Қазақстан Үкіметі ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгінгі таңда 29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30 912 өтінім қабылданды. Аталған жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Жұмыс Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасуда.

Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталды.

356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1 472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтемақы алды.

Айта кету керек, мал шығыны үшін берілген төлем көлемі 1,6 млрд теңгеге жетті.

Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған. 

Су тасқыны: Құлсарыда салынатын үйлердің  құрылысы күзде аяқталады
23 мамыр 2024
Су тасқыны: Құлсарыда салынатын үйлердің құрылысы күзде аяқталады

Құлсары қаласында зардап шеккен тұрғындар үшін салынатын үйлердің құрылысы күзде аяқталады.  Бұл туралы Ulys Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта құрылыс компаниялары 80 жеке үйдің іргетасын қалауға дайындықты бастады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Құлсары қаласының "Болашақ" шағын ауданындағы алғашқы 80 үй "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынады.
Атырау облысының құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, бүгінде топырақты тегістеу жұмыстарына үш мердігер ұйымның 20 арнайы техникасы мен 30 жұмысшы жұмылдырылған. 
Қазіргі уақытта іргетас құрылысымен қатар, жаңа шағын ауданға жол инфрақұрылымын салу жұмыстары басталды.
 Қалған инженерлік коммуникациялар жүргізіліп тұр, - деді Нұрберген Құсайынов.

Атырау облысының әкімдігімен арада қол қойылған меморандум шеңберінде, жергілікті атқарушы орган жаңа үйлер салу үшін жер учаскелерін суға кетпейтін қауіпсіз аймақтардан бөлуді қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган құрылыс жүргізу мерзімі мен техникалық талаптарды сақтай отырып, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылайды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.