Валюта бағамы
  • USD -

    497.9
  • EUR -

    588.5
  • RUB -

    6.51
Романтикалық патриотизмнен прагматикалық патриотизмге қашан аяқ басамыз
www.facebook.com 31 шілде 2024
Романтикалық патриотизмнен прагматикалық патриотизмге қашан аяқ басамыз

Азаттыққа қол жеткізіп, үш ғасырдан кейін мемлекеттілігіміз қалпына келген шақта романтикалық патриотизм орынды еді. Сол романтикалық отансүйгіштіктің буымен тағдыршешті шешімдер қабылданып, төл теңгеміз айналымға енді. Шекарамыз шегенделіп, астанамыз арқа төріне ауысты. Жер шарына тарыдай шашыраған исі қазақ атажұртқа ағылды. Елге ең әуелі өршіл рух, қайралған намыс ауадай қажет сол кезеңде спорттық түрлі жетістіктер ұлттық идеологияға ең бір қуатты құрал ретінде қолданылды. Мұның саяси атауы – прагматикалық патриотизм. Прагматикалық патриоттар пікір көшбасшысына айналған кезде азаматтық қоғам да берік ірге тебеді. Бірақ прагматикалық патриотизм азаматтық белсенділікпен шектеліп қалмайды.

Тұрмысқа қажет тауар сатып алғанда, қызмет тұтынғанда, жұмысшы жалдағанда төлеген ақшаң Қазақстанның қаржы айналымында қалуына күш салу – прагматикалық патриотизмнің келесі деңгейі. Мұны шартты түрде экономикалық патриотизм деуге болады.

Бірақ бұл әдетті азаматқа күштеп таңу, құрғақ насихатпен тықпалау әділетсіздік болар еді. Өйткені табан ақы, маңдай терімен тапқан ақшасына сатып алған игіліктің сапалы болуын қалау – заңдылық.

Қазақстанда экономикалық патриотизм неге кенже қалды деген сұрақтың жауабы да осы  жерден шығады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр өткен қазақ-герман іскерлік кездесуінде ел аумағында 46 трлн доллардың барланбаған табиғи ресурсы бар екенін айтты.  Осынша ен байлықтың көмегімен Қазақстанды технологиясы дамыған елдің қатарына қосу мүмкіндігі 30 жыл бойы ескерусіз қалып келді.

Мұнай мен газды, көмір мен темірді, болат пен мысты, мырыш пен күмісті, бидай мен күрішті шикідей сатқанымызға мақтандық. Экономикасы әртараптанбаған елдің технологиясы жетілмейді. Технологиясы жетілмеген елдің еңбек өнімділігі нашарлайды. Еңбек өнімділігі нашарлаған елдің тұрмысы қиындайды. Әлихан Бөкейханның сөзімен айтсақ, қазақ даласының тасы өңірімізге түйме болып қадалмауынан экономикалық патриотизм кенжелей берді.

Бірақ билік біліксіз болған екен деп бассыз кетуге тағы болмайды. Қалтаңыз сәл қалыңдаса, бала-шағаны шетелге ала жүгірмей, төрт тарабы төрт түрлі климаттың кереметін алдыңыздан тосатын қазақ даласын аралап көріңіз. Сервисі мен жолдың сапасын сылтаурата бермей ішкі туризмнің дамуына үлес қосыңыз.

Смартфонға банк қосымшасын орнатқанда ескі әдетке салып, орыс тілін таңдамай, қазақ тілін алға оздырыңыз. Тіл тұтынушылардың санына қарай банк те саясатын өзгертеді. Қазақ тілі қаржы тіліне айналғанын армандасаңыз, банкпен жасалған әрбір келісімшарттың қазақ тілінде, сапалы жазылғанын талап етіңіз.

Экономикалық патриотизм деген миф сияқты көрінген пафостық ұғымның ар жағында осындай ұсақ-түйек, бірақ маңызды әрекеттер жатыр.

RELATED NEWS
Қазақстан шикізат экспортының тұзағынан қайткенде құтылады
26 қыркүйек 2024
Қазақстан шикізат экспортының тұзағынан қайткенде құтылады

Қазақстанның жалпы ішкі өнімінде қосылған құны жоғары өнімдердің үлесі 10 пайызға да жетпейді. Яғни, жоғары технологияның көмегімен жасалатын бұйым мен алынатын өнімнің көбін импорттап отыр деген сөз.  Бұл индустриясы дамыған Сингапур, Германия, Жапония, Швейцария, Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты елдердің көрсеткішінен мүлде төмен деуге болады. Әлем бойынша қосылған құны жоғары өнімді ең көп ұсынатын елдердің үздік үштігі Германия, Жапония, Оңтүстік Корея болып есептеледі.

Бізде бұл саланың кенже қалуын екі тарихи себеппен байланыстыруға болады. Біріншісі – Мәскеудің өз отарындағы Қазақстанға қатысты ұстанған саясаты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде совет сарбазы атқан он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан құйылғаны жиі айтылады. Бұл Қазақстанның соғысқа қосқан үлесін ғана емес, Совет одағының индустриялық саясатын да көрсететін дерек. Мәскеу қазақ жерінің аумағындағы пайдалы қазбаны өзге одақтас елдердің аумағында өңдеп, дайын өнім жасауға құлықты болды. Соның салдарынан Қазақстандағы қала құраушы зауыттың бәрі шикізат өндіруден аса алмады. Бұл тарихи фактор қазірдің өзінде ел экономикасының әртараптануына кесірін тигізіп отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылында Совет одағының өндірістік жүйесі бұзылып, Қазақстан зауыттары өндіретін шикізаттың бәрі жалғыз күнде сұраныссыз қалды. Жеткізудің жаңа тізбегін қалыптастыру үшін сырттан инвестор  тарту қажет еді. Ал инвестор тарту ісі тым асығыс жүргізілді деуге болады. Өйткені зауыттағы жұмысшылардың айлығын қойып зейнеткерлердің зейнетақысын, мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбекақысын тауып беру мұңға айналған болатын. Осылайша Қазақстан билігі сырттан келген инвесторларға шикізатымызды өңдеп қана қоймай, қайта өңдеуді жолға қоюың керек дейтіндей талап қоя алған жоқ.

Кейін шикізат экспортының делдалдығынан да қыруар табыс табуға болатынын көрген қаржылық топтар мен ықпалды адамдар ескі сүрлеумен жүре беруге бой ұсынды. Мұнайға бай Қазақстанның синтетика, пластик, әуе отыны сияқты көмірсутектен алынатын, қосылған құны жоғары өнімнің көбін сырттан экспорттап отырғаны сондықтан.

 Қазақстан мұнай экспортының қызығына енді кірген кезде  Араб түбегіндегі шағын елдер экономикасын әртараптандыра бастаған болатын. Осы тенденциядан қалмау үшін елде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданып, бірнеше бесжылдықтың көлемінде жүздеген зауыт, цех, фабрика, кешен ашылды. Бірақ бұл өңдеу ошақтарының бәрінің ғұмыры тым қысқа болып шықты. Өйткені бағдарламаның ұраны ұтымды болғанымен, жұмсалған қаражаттың қайтарымын талап ету жағы ақсап жатты. Оның үстіне Қазақстанда қолға алынған өндірістің балама нұсқалары іргедегі Қытай мен Ресейде болғандықтан, жұмыс жолға қойылған күннің өзінде зауыттардың өніміне сұраныс болуы екіталай еді. Яғни, өршіл мақсатпен қолға алынған жобалар көршілес нарықтардағы сұраныс пен ұсынысты ескермей әзірленді.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметі бойынша, былтыр ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бюджеттен 172,6 млрд теңге жұмсалған. Бұл елдегі жалпы ішкі өнімнің 0,14%-ы деген сөз. Мұндай ауқыммен Қазақстан инновациялық өнімдер арқылы қосылған құны жоғары өндірісті өрістете алатынына сену қиын. Бұл көрсеткішті мемлекет 2029 жылға дейін тым болмағанда бір пайызға жеткізуді мақсат етіп отыр. Бұған дейінгі 30 жылдам астам уақытта да осыған ұқсас межелер талай рет қойылғанын және іске аспағанын ескерсек, ғылыми жетістіктер мен өнертабыстар арқылы қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайту әзірге арман күйінде қала беретін түрі бар. Бірақ бұл Қазақстанның маңдайына қосылған құны төмен өнімдер мен шикізат экспортына ғана арқа сүйеуді жазған деген сөз емес. Металлургия мен мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы саласында қайта өңдеуді тереңдету арқылы құны жоғары өнім алуға мүмкіндік бар.

Қазіргі логистикалық реформалар, Орта дәліз, Транскаспий бағыты, Бір белдеу- бір жол» сияқты жобаларға Қазақстанның белсенді атсалысып жатуы жергілікті өнімнің халықаралық нарықтағы өтімділігіне де оң әсер етуі керек.

Қазақстан алюминиі ТМД мен Еуропаның автоөндірісінде қолданылады. Яғни, бұл металды құйма күйінде емес  машинажасаудың маңызды өнімі ретінде сатуға болады. Осы өндірісті одан да тереңдетіп, тамақ және дәрі-дәрмек қаптамасына қажет фольга шығаруға болады.

Қазақстан энергетика мен құрылыста, телекоммуникацияда кеңінен пайдаланылатын мыс кабельдерін өндірсе, Қытайға экспорттай алатын еді. Бұл өнім ТМД мен Еуропа елдеріне де қажет. Мыс құймасынан жылу және су құбырларын ажыратуға қолданылатын түрлі мыс бөлшектерді, шағын арматураларды өндіруге болады.

Коммуналдық шаруашылықта пластик құбырлардың орнын тот баспайтын, мырышпен тысталған болат құбырлар ығыстырып келеді. Болат құбырлар мұнай өнеркәсібінде де, коммуналдық шаруашылықта да кеңінен қолданылып отыр. Қазақстан бұл өндірісті жолға қойса, Ресей мен Орталық Азияға жеткізе алады.  Жыл сайын қазақ жерінен қазылған 1,5 млн тонна алюминий рудасы сыртқа сатылып жатыр. Осы өнімді өзімізде өңдеп сатсақ, табыс бірнеше есе артатын еді. Болат пен мыс туралы да осылай айтуға болады.

Қазақстан 2022 жылы металл экспортынан 10 млрд теңге табыс тапқаны туралы дерек бар. Елде өндірілетін металлургиялық өнімнің 15-20 пайызы ғана қосылған құны жоғары болып есептеледі. Яғни, металдан өңделген қосылған құны жоғары экспортынан жылына 1,2 млрд доллар табуға болады деген сөз.

Бұған дейін Қазақстан өз мұнайынан өңдейтін өнімдердің ішінде қосылған құны ең жоғары өнім бензин болып келген еді. Атырау облысындағы  Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.  кәсіпорны полипропилен өндірісін сәтті жолға қоя білді.

Imanbek, Димаш Құдайбергенов сияқты өнерпаздардың тұлғасы қазақ музыкасы мен мәдениетіне деген сұранысты арттырып отыр. Ән-күй, клип пен кино туындылары да қосылған құны жоғары өнімге айналып келеді. Осыны ескерген мемлекет креативті индустрияны қолдаудың тың тәсілдеріне ден қоя бастады. Өйткені туризмнің басты жарнамашысы мәдениет екенін уақыт көрсетіп отыр.

Қазақстан заңнамасы қосылған құны жоғары өнім шығаратын инвесторларды 10 жылға корпоративтік табыс салығынан босатады.  Ал өндіріске қажетті қондырғы мен шикізатты сырттан әкелсе, кедендік баж салынбайды. Оның үстіне зауыт салу мен қондырғы сатып алу,   шығындарын 30 пайызға дейін, инфрақұрылым шығындарын мемлекет субсидиялайды.

Жалпы экономикалық теорияларды саралағанда, ресурсы бар мемлекет өз мүмкіндігін пайдаланып шикізатын өндіріп, өңдеп таза өнім шығара алмаса, ол мемлекет ешқашан бай мемлекет бола алмайды.  Қазақстан ресурстық мемлекет. Бізде Менделеев кестесіндегі әрбір элемент бар деуге болады. Қазақстан уран өндірісі бойынша бірінші орында. Сондықтан осы байлық пен мүмкіндікті пайдаланбасақ немесе экономиканы әртараптандырмасақ жағдайымыз қиындай берері шындық. Мәселен, кен өндірісінің экономикамызға бергенінен берері көп, ол үшін жоғарыда аталған дайын өнімді экспортқа шығару қағидатын кен, мұнай-газ өндірісінде де басшылыққа алу қажет. Ол үшін кен, мұнай-газ өндірісінің өнімін сол күйінде экспорттаудан мүлдем бас тарту қажет деп білеміз. Бұл салалардың өнімін өңдеу және қайта өңдеу арқылы неғұрлым дайын өнім деңгейіне жақындатып барып экспортқа шығарса тиімділік әлдеқайда артар еді. Мәселен, мұнайды тек жанар-жағармай деп қарастыру мүлдем қате. Өйткені, мұнайдан 100-ге тарта әртүрлі өнім алына­ды. Осы дайын өнім­дерді экспортқа шығарсақ табыс көбейеді.

ПӘТЕР КІЛТІ МЕН САЯСАТ КІЛТІ: ТАЛДЫҚОРҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ ЖҮЙЕСІНІҢ ШЫНДЫҒЫ
14 желтоқсан 2025
ПӘТЕР КІЛТІ МЕН САЯСАТ КІЛТІ: ТАЛДЫҚОРҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ ЖҮЙЕСІНІҢ ШЫНДЫҒЫ

Талдықорған – бір қарағанда тыныш, сабыры басым, Жетісу емес, жеті су атымен тамырласып жатқан салмақты шаһар.

Бұл қалаға сырт көзбен қарағанда бәрі мамыражай көрінуі мүмкін. Бірақ тұрғын үй саясаты деген – көзге көрінбейтін, тынысы терең тіршілік. Бір шағынауданда кран дауысы естілсе, бір көшеде пәтер кілтін алған отбасы қуанып жатады. Біреу жаңа үйге көшіп, жаңа өмір бастайды, біреу әлі де кезегінің жылжуын тосып отыр.

Пәтер кілті – кез келген отбасы үшін жаңа үміттің символы. Ал саясат кілті – сол үміттің қаншалық орнайтынын, қаншалық ұзаққа созылатынын анықтайтын механизм. Сондықтан Талдықорғанның тұрғын үй саясатына үңілу – бір қаланың әлеуметтік рентгеніне қараумен бірдей.

ЖАҢА ПӘТЕР – ЖАҢА ТЫНЫС: 1283 ОТБАСЫНЫҢ ӨМІРІ ӨЗГЕРГЕН ЖЫЛ

2025 жылы Талдықорғанда 1283 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Бұл – қағаздағы құр сан емес. Бұл – мыңнан аса шаңырақтың тағдыры өзгерді деген сөз. Сол отбасыға жаңа шаңырақпен бірге жаңа тыныс, жаңа жоспар, жаңа қорған берілді.

Жыл соңына дейін 1448 отбасы баспаналы болады деген жоспар бар. Бұл – әдеттегі есептік көрсеткіш емес. Бұл – тұрғын үй кезегіндегі жүздеген отбасының өмірінде «қашан?» деп басталатын сұрақтың «енді» деген жауапқа айналуы.

Жалға берілетін тұрғын үйлер, жастарға арналған жеңілдетілген бағдарламалар, әлеуметтік санатқа басымдық беру – барлығы қаладағы тұрғын үй саясатының негізгі тіректеріне айналған.

Бірақ тұрғындар бұл жүйеге қарап, бір-бірінен сұрайды:
— «Үйлер салынып жатыр, ал кезек ше?»
— «Жылжыды ма?»
— «Менің кезегімнің тағдыры не болды?»

ЖАҢА ҮЙДІҢ ЕСКІ ЖАРЫҒЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

Талдықорғанда берілген кейбір жаңа үйлерден анықталған ақаулар – қоғамның талқысына жиі түсті. Жаңадан салынған үйдің қабырғасы жарылуы немесе есік-терезесінің дұрыс отырмауы – бір пәтердің ғана мәселесі емес. Бұл – жүйелік қателік.

Негізгі сұрақтар:
— Үйді қабылдаудың нақты механизмі бар ма?
— Құрылыс сапасын кім бақылайды?
— Ақау шықса, жауапкершілікті кім арқалайды?
— Тұрғынның құқығы қалай қорғалады?

Бұл сұрақтардың жауабы – құрылыстың ғана емес, саясаттың да абыройына тікелей қатысты. Егер үй сапасыз болса, кілттің де құны төмендейді. Ал төмендейтін – адамдардың сенімі.

15 МЫҢ КІСІ – 15 МЫҢ ТАҒДЫР: КЕЗЕК НЕ ДЕП ТҰР?

Қазір Талдықорғанда тұрғын үй кезегінде 15 мыңнан аса адам тұр. Бұл – бір ауданның халқына тең сома. Әр адамның артында – өз тарихы, өз мәселесі, өз үміті бар.

Кезек жылжыса – сенім артады.
Кезек жылжымаса – реніш көбейеді.

Қала тұрғындарының ең жиі айтатын өтініші – ашықтық:
— Кезек қалай жүреді?
— Қандай санаттар басымдыққа ие?
— Пәтер бөлу процесі қаншалықты әділ?

Тұрғын үй кезегі – бұл тек тізім емес. Бұл – әлеуметтік әділеттіліктің бар-жоғын көрсететін лакмус қағазы.

ЖАҢА ҮЙ САЛУ – ҚАЛАНЫҢ ЖАРТЫ ЖҰМЫСЫ ҒАНА

Талдықорғандағы жаңа үйлердің артында үлкен инженерлік жүктеме тұр:
– жылу жүйесі,
– су инфрақұрылымы,
– электр қуаты,
– жолдар,
– қоғамдық нысандар.

Жаңа шағынаудан салу – тек үй салумен бітпейді. Бір үй – бір отбасының тынысы. Бір аудан – тұтас қаланың тамыры. Егер сол тамыр толық тартылмаса, жаңа үйлер ескі мәселелердің ортасына түсіп қалуы мүмкін.

Бүгінде қалада жаңа құрылыстардың қарқыны мықты. Бірақ инфрақұрылым да дәл сол қарқынмен жүруі керек. Әйтпесе, пәтер кілті берілгенімен, тыныш өмір кілті берілмей қалуы ықтимал.

АРА ТАРТАТЫН – АҚПАРАТ. ҚОЛ ҰСТАТАТЫН – САЯСАТ

Билік соңғы жылдары тұрғын үй сапасын бақылау, мердігер ұйымдардың жауапкершілігін күшейту, инженерлік жүйелерді жаңарту бағытында нақты қадамдар жасады. Бұл – дұрыс бағыт.

Бірақ тұрғынның көкейіндегі сұрақ біреу:
«Бұл өзгеріс тұрақты бола ма?»

Саясатта ең қиын нәрсе – уәде беру емес.
Ең қиын нәрсе – сол уәдені күнделікті өмірде сезіндіру.

Ал тұрғын үй – уәденің ең тез көрінетін және ең тез жоғалатын жері.

ҚОРЫТЫНДЫ: ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ ҮНІ ДЕ, ҮЙІ ДЕ КӨТЕРІЛІП КЕЛЕДІ

Талдықорған — тоқырап тұрған қала емес. Бұл — өзгеріп жатқан қала. Қиындықтары бар, бірақ қозғалысы бар. Үйлер салынып жатыр, кезек жылжып жатыр, инфрақұрылым дамып жатыр, сапаны бақылау күшейіп жатыр.

Бұл — шынайы прогресс.
Бұл — көрінбейтін, бірақ сезілетін қозғалыс.
Бұл — Талдықорғанның жаңа дәуірге аяқ басуы.

Пәтер кілті – отбасының құлпы.
Саясат кілті – қоғамның құлпы.

Екі құлыптың да ашылуы – қала дамуының басты шарты.

Бүгін Талдықорған тұрғын үй саясатының сын сәтінде тұр.
Ертең ол осы сәтті мүмкіндікке айналдыра алуы әбден мүмкін.

Талдықорғанның ертеңі биіктей береді.
Үйлері көтеріледі.
Үміті де күшейеді.

Романтикалық патриотизмнен прагматикалық патриотизмге қашан аяқ басамыз
31 шілде 2024