Қырғызстанда қатты нөсер жауыннан кейін, сел жүріп елді-мекендерді су басып қалды, деп хабарлайды Ulys қырғыздың Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Селден келген су шамамен ересек кісінің кеуде тұсына дейін жетеді. Жеңіл көліктер суда қалқып жүр. Селден көз жұмғандар бар.
Агенттіктің хабарлауынша Ош қаласында 144 үй мен бір балабақша суға кеткен, ал Ош облысындағы бірнеше ауылда 642 үй мен 9 әлеуметтік нысан су астында қалды.
Еске салсақ, бұған дейін де Қырғызстанда толассыз жауыннан кейін, өзен тасып, күшті сел жүрген. Салдарынан бірнеше ауылды, үйлер мен нысандарды су басқан. Бұған дейін де Ош облысында қатты сел жүріп, қазақстандық 4 бала көз жұмған болатын.