Қырғызстан республикасының президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 8-10 тамызда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия+Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Астанаға келеді, деп хабарлайды Ulys қырғызстандық 24kg сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстан Президенті әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиевтің айтуынша, сапар аясында қырғыз басшысы Жапония Премьер-министрі Фумио Кисидамен келіссөздер жүргізеді.
«Астанада өтетін алдағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия+Жапония» диалогы мемлекеттер басшыларының саммиті көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға бағытталады»,- деді Мұратбек Әзімбақиев.
Сондай-ақ Садыр Жапаров «Орталық Азия+Жапония» бизнес-форумына қатысады.