Валюта бағамы
  • USD -

    475.1
  • EUR -

    517
  • RUB -

    5.47
ҚазАвтоЖолдың бұрынғы басшысы ұсталды
04 сәуір 2024
ҚазАвтоЖолдың бұрынғы басшысы ұсталды

Аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.

Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялады.

RELATED NEWS
Маңғыстаудағы кәсіпорындардан миллиардтаған теңгеге жымқырылған
25 маусым 2024
Маңғыстаудағы кәсіпорындардан миллиардтаған теңгеге жымқырылған

Маңғыстау облысының прокуратурасы экономикалық тергеу департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп мұнай-газ саласының 5 кәсіпорнында тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Ulys прокуратураға сілтеме жасап.

«ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС-нің («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден 1,5 млрд теңгеден астам сомаға техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды. Бұл ретте олардың құны 400 млн теңгеге жоғарылатылған.

Жұмыс істелмеген арнайы техника қызметтері үшін 110 млн теңге мөлшерінде ақша қаражатын аудару фактілері белгілі болды.

Ал, «West Oil Software» ЖШС-де («ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС мердігерлік ұйымы) жұмыс істемеген адамдарға 400 млн теңгеден астам жалақы төлеу, компания басшылығының жақын туыстарын қоса алғанда негізсіз жалақы есептеу деректері орын алған.

Аталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе жымқыру) бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Процестік прокурорлар тағайындалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде аталған ұйымдардың 4 басшы лауазымды тұлғалары ұсталды.

Қылмыстық істер облыстық экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

 

 

«Кальян, арақ және ақша…». Танымал боксшы отандық спорттағы жемқорлық туралы
04 мамыр 2024
«Кальян, арақ және ақша…». Танымал боксшы отандық спорттағы жемқорлық туралы

Қазақстанда кейінгі жылдары спорттың жай-күйі жиі талқыланатын тақырыптар қатарында. Бұған Ұлттық олимпиада комитетін біраз жыл экс-президент Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың басқаруы да себеп болса керек. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Құлыбаевты «ойы — мұнай сатып, қалтасын толтыру, спортты қайтсін?!» деп ашық сынап тастады. Кейін комитетте үлкен ауыс-түйіс болды, десек те құрамда Ескі Қазақстанның өкілдері қылаң беріп қалды. Оған қоса кейінгі кезде жалпы спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірнеше даулы оқиға болды. Бұл туралы dalainside сайты хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірнеше айдан бері спорт саласындағы шенеуніктер мен олар басқаратын құрылымдардың қызметіне тексеріс жүргізіп келеді. dw.com осы тақырыпта зерттеу жүргізіп көрген. Деректерге сүйенсек, 2024 жылдың басынан бастап елде бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен бес адам ұсталған. Оның ішінде кейбір шенеуніктер ұзақ мерзімге сотталып кеткен.

«Мемлекеттен субсидия алатын кейбір спорт мектептері мен клубтарында осыған байланысты шұғыл жиналыстар өткізілген. Ал мекеме басшылары өз қарамағындағылардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлермен сөйлесу барысында оларға қарсы куәлік бермеуін сұрайды», — деп жазылған деректе.

Ең даулы оқиғалардың ішінде 117 мың еуроға жуық ұрлады деген күдікке ілінген Спортты дамыту дирекциясының басшысы Оралбай Жақсымбетов, 102 мың еуродан аса қаржы жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған Астананың Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы Бағдат Данияров та бар.

Сонымен қатар, қазір Үрімші қаласындағы (ҚХР) базарлардан Қазақстан құрамасының 2023 жылғы Азия ойындарында өнер көрсетуі үшін сапасыз киім сатып алу ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

«ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ АҚПАРАТЫ БОЙЫНША СПОРТШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТЫ САТЫП АЛУ КЕЗІНДЕ «ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН СХЕМАНЫ» ПАЙДАЛАНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ СПОРТТЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ШЕНЕУНІКТЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ 778 МЫҢ ЕУРОДАН АСА ШЫҒЫН КЕЛТІРДІ», — ДЕП КЕЛТІРІЛГЕН ДЕРЕКТЕ.

Өткен айда мәдениет және спорт министрінің орынбасары, премьер-министрдің кеңесшісі лауазымдарын атқарған, оның үстіне елдің ең атақты футбол клубтарының бірі «Астана» директорлар кеңесінің төрағасы болған Ерлан Қожағапанов ұсталды. Оның нақты не үшін айыпталғаны әлі белгісіз, іс құпия саналады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәліметінше, Қожағапаров «ауыр сыбайлас жемқорлық жасады» деген күдікпен ұсталды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша сот процестері тек жоғары деңгейдегі шенеуніктерді қамтыған жоқ: 12 наурызда Шымкентте 12 мың еуро сомасына іссапар құжаттарына қатысты алаяқтық жасады деп айыпталған жергілікті спорт мектептерінің жаттықтырушыларына үкім шықты. Процестің қатысушылары бір жылдан екі жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Басылым мәліметінше, мұндай процестер жақын арада көп болуы да мүмкін, өйткені шенеуніктердің айла-амалдары туралы танымал спортшылар да ашық айта бастаған.

Солардың бірі UBO World Champion және WBC International бойынша әйелдер боксында жеңіл салмақтағы белбеудің иегері Ангелина Лукас болды. 17 наурызда тележүргізуші Динара Сатжанның сұхбатында ол Қазақстан құрамасындағы кейбір жайттар туралы айтты.

«НЕЛІКТЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛДЫНДА, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТТАРЫНЫҢ АЛДЫНДА БАРЛЫҒЫ ЖИНАЛЫП, КАЛЬЯН ӘКЕЛІП, ІШІП, ШЕГЕДІ? БІРАҚ БҰЛ ТУРАЛЫ ЕШҚАШАН АЙТҚАН ЕМЕСПІН», — ДЕДІ ОЛ.

Сонымен қатар, Ангелина Лукас «этикалық себептер бойынша» Қазақстан құрамасынан шығарылғаннан кейін кәсіби боксқа ауысқан болатын. Ол қазақстандық спортшылардың табысы аз екенін де айтты, соның салдарынан оларды басқа елдердің өкілдері сатып алуға тырысып жатыр.

Ангелина Лукастың сөздерін АҚШ-та тұратын тағы бір спортшы Аида Сатыбалдинова растады. Ал жауаптылар Лукастың сынына ешқандай реакция жасаған жоқ.

Спорт комментаторы Александр Ляхов теннис турнирлерін, хоккей және футбол матчтерін үнемі жариялап отырады, ол мұндай жайттар бірінші рет емес екенін айтты.

Оның сөзінше, спорт саласындағы шенеуніктер тіпті Тоқаевтың қолдауымен балаларға тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын ашуға бағытталған «ArtSport» бағдарламасына да қол салған.

«Жағдайды тек жоғарыдан бастап өзгертуге болады. Кәсіби спортты бюджеттен қаржыландыруды тоқтату керек. Бірақ мен тіпті мұны футболда да көрмеймін», — деді ол.

Танымал спорт журналисі Леонид Юрьев те осыған ұқсас пікірде.

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СПОРТ — ЖЫЛДАР БОЙЫ ҮЛКЕН ҚАРЖЫНЫ ЕШ БАҚЫЛАУСЫЗ СОРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ҚАРА ТЕСІК. ЕГЕР МЕМЛЕКЕТТІҢ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА ЖҰМСАЙТЫН ЖАЛПЫ ШЫҒЫНЫН АЛСАҚ, ОЛАР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН БІЛІМ БЕРУ ШЫҒЫНДАРЫНАН СӘЛ ҒАНА АЗ», — ДЕЙДІ ОЛ.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет былтыр желтоқсанда спорттағы сыбайлас жемқорлық мәмілелері туралы ақпарат жинау басталғанын жариялап, спортшыларды осы процеске белсенді қатысуға шақырды.

«Менің ойымша, бұл толық ойластырылмаған. Қазақстанда спорт бұрынғыдай әрі қаржылық жағынан ашық емес емес күйде қала береді. Спорт федерациялары есеп бермейді. Олар қоғамдық ұйымдар саналатындықтан, олардың қызметін мемлекетке тексеру қиынға соғады», — деді Юрьев.

Мәжіліс депутаты экс-әкім Даниал Ахметовтің күдікті жұмысын жария етті
07 маусым 2024
Мәжіліс депутаты экс-әкім Даниал Ахметовтің күдікті жұмысын жария етті

Мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желідегі жеке парақшасында оқырмандарынан келген хаттарды жариялап жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Абзал Құспан ел азаматтарынан заң бұзу фактілері туралы, әсіресе, бұрынғы шенеуніктерге қатысты көп арыз-өтініш түсетінін айтты. Заңгер экс-әкім Даниал Ахметовке қатысты түскен ақпаратты жариялады.

«Депутат ретінде Батыс Қазақстан облысынан сайлансамда, заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің мүшесі ретінде маған Республиканың барлық өңірінен дерлік заң, тәртіп сақталуы мәселесінде арыз-шағымдар жиі түседі. Соларды тексеру нәтижесінде, құқық қорғау органдары арқылы бір емес, бірнеше қылмыстық істі тіркетуге (қозғатуға) мұрындық болдым.  Соның ішінде Даниал Ахметовке қатысты арыздар легі тоқтар емес», - деп жазды депутат.

Дәл осы Ахметовке қатысты келетін арыздардың ішінен Абзал Құспан бір мысалды жария етіп, күдікті жайттардың басын ашты.

«Даниал Ахметов әкім боп тұрған кезде Өскемен және Семей қаласы көшелерін жарықтандыру үшін ЕБРР (Европа қайта құру және даму банкі) арқылы 3, 6 млрд, оған қосымша бюджет тарапынан 1, 2 млрд, барлығы 4, 8 млрд бөлінген екен. Шағым иелері бұл жобаға Даниал Ахметов тарапынан жеке лобби жасалғанына дәлел ретінде оның әкім боп тұрғанда банктің Лондондағы офисіне келіссөз жүргізуге өзі барғанын айтады», - деп жазған депутат мәселе тіпті лоббиде емес, ақшаның желге ұшқанында дейді.

«Мәселе сол миллиардтаған қаражатқа қойдырған шамдардың басым бөлігінің жанып кеткендігінде және кепіл уақыты ішінде ауыстырылмағанында. Соның салдарынан, Өскемен мен Семейде көше жарығы жоқ, алайда, ол жағдай екі облыстың бюджетін ЕБРР алдындағы қарыз міндеттемелерінен босатпайды», - дейді ол.

Бұл ретте Абзал Құспан қолындағы құжаттарға қарап, «осы күмәнді келісімге қатысқан екі компанияны – ШҚО әкімдігі ашқан «Региональный центр ГЧП ВКО» АҚ мен Тайваньда тіркелген «Everlight Electronics Co. LTD» компания атап өткен.

«Яғни, жіпті шетінен тарқататыны сияқты, тексеруді әкімдік жанынан құрылған мекемеден бастаса біраз дүниенің басы ашылары анық. Осыған байланысты, шығыстағы ағайындардан түскен арыз бен өз тарапымнан қосымша сұратқан құжаттарды тиісті құқық қорғау органдарына өз талдауыммен қоса жолдаймын», - деп жазды Абзал Құспан.

Даниал Ахметов 2014 жылдан бастап 2023 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болған.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.