Валюта бағамы
  • USD -

    481.9
  • EUR -

    535.5
  • RUB -

    5.27
Қазақстандықтардың 57,8% референдумға қатыспақ - сауалнама
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform 06 қыркүйек 2024
Қазақстандықтардың 57,8% референдумға қатыспақ - сауалнама

Әлеуметтанушылар Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша сауалнама нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды Ulys.

 Қазақстандықтардың 57,8%-ы 6 қазан күні өтетін референдумға қатысуды жоспарлап отыр. 59,3%-ы АЭС құрылысына қолдау білдірді. Бұл —Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері.

 Қоғамдық саясат институты 2024 жылдың 6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу жөнінде референдумға қазақстандықтардың көзқарасын зерттеуге бағытталған экспресс-сауалнама жүргізді. Зерттеуге Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 2000-нан астам тұрғын қатысты, олардың арасында жастар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және басқа да әлеуметтік топ өкілдері бар.

 Институт директоры Мадина Нұрғалиеваның айтуынша, 2024 жылғы 6 қазанда өтетін республикалық референдум туралы жалпы алғанда респонденттердің 74,6%-ы хабардар. Сауалнамаға қатысушылардың 57,8%-ы референдумға қатысуды жоспарлап отыр, ал 59,3%-ы Қазақстанда АЭС салуды қолдайды. Дегенмен, ел тұрғындарының АЭС құрылысы туралы пікірлері әлі де қалыптасу үстінде екенін атап өткен жөн.

 «Біздің зерттеуіміз халықтың басым бөлігінің алдағы дауыс беру туралы хабардар екенін және референдумға белсенді қатысуды жоспарлап отырғанын көрсетті. Азаматтардың жоғары деңгейде хабардар болуы және қатысуы атом электр станциясын салу мәселесі қазақстандықтар арасында үлкен қызығушылық пен қызу талқы тудырып жатқанын білдіреді. Бұл деректер шешім қабылдау маңызды рөл атқарады, өйткені референдумның міндеті – барынша ашықтықты қамтамасыз ету және елдің әрбір тұрғынының пікірін ескеру,» – деп атап өтті.

 Сауалнама барысында «face-to-face» әдісі қолданылды, ол Қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы Медет Өмірзақовтың айтуынша, деректерді жинаудың ең дәл әдістерінің бірі болып табылады.

«Деректерді жинау Е-аналитика жүйесі негізінде қағазсыз түрде жүргізілді, сауалнама процесі автоматты түрде тіркеліп отырды. Бұл әдіс респондентпен жеке бетпе-бет сұхбатты білдіреді, ол бізге оның жауаптарымен қатар реакциясын, сұхбаттың өткізілу ұзақтығын және GPS-координаттарын тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл деректердің сапасын арттырып, сауалнаманың дәлдігін бақылауға көмектеседі. Біз сондай-ақ сұхбат уақытын бақылау және қосымша сұрақтарын қою сияқты әртүрлі тексеру әдістерін қолданамыз», – деді ол.

 Қоғамдық саясат институтының сарапшылары сөз соңында мұндай әлеуметтік зерттеулер қазақстандықтардың жағдайды жақсырақ түсініп, негізделген шешімдер қабылдауына көмектесетінін атап өтті.

RELATED NEWS
Жел және су электр стансаларының экономикалық және экологиялық тиімділігі қандай
08 сәуір 2024
Жел және су электр стансаларының экономикалық және экологиялық тиімділігі қандай

Бүгінде еліміздің аумағында жалпы қуаты 1 409 МВт болатын 59 жел электр станциясы жұмыс істейді. Олар еліміздің түрлі өңірлерінде, атап айтқанда Алматы, Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау және Жетісу облыстарында орналасқан. Жел электр станцияларының дәл осы облыстарда орналасуы аталған аймақтардағы желдің үлкен әлеуетінің болуымен байланысты екендігі сөзсіз.

Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің бас сарапшысы Нұржан Джаканов республика аумағында салынатын бір жел электр станциясының құны көптеген факторға байланысты екендігін айтады.

«ЖЭС құрылысының құны орналасатын жері, инфрақұрылымға қолжетімділік, топография және геология, логистика сынды көптеген факторға байланысты екендігі түсінікті. Дегенмен, әлемдік тәжірибеге сүйенер болсақ, қуаттылығы 1 МВт болатын стансаның құны орташа есеппен 1 миллион АҚШ долларын құрайды. 2023 жылдың қорытындысында еліміздегі барлық жел электр станциясы 3 824,99 млн кВт-сағ электр энергиясын өндірді. Қазақстандағы жаңартылатын энергетика секторы электр энергиясын өндірудің жыл сайынғы өсімін көрсетіп отыр. Жалпы, өткен жылдың қорытындысында жаңартылатын энергетиканың үлесіне елімізде өндірілген барлық электр энергиясының шамамен 6 пайызы тиесілі болғанын атап өтуге болады», - деді ол.

Министрлік бас сарапшысының дерегінше, 2018 жылдан бастап жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру үшін іріктеу аукциондық тетік бойынша өтеді. Соның арқасында ЖЭК жобаларын іріктеу процесі ашық әрі түсінікті бола түсті. Сондай-ақ соңғы тұтынушыларға тарифтердің әсерін барынша азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша 2023 жылғы сауда-саттық қорытындысында ЖЭК жобалары бойынша ең төменгі баға белгіленді. Яғни, 1 кВт/сағат үшін  10,38 теңгені құрады.

«2027 жылға дейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған шарттарға сәйкес, еліміздің түрлі өңірінде қуаты 470 МВт болатын 12 жел электр станциясын іске қосу жоспарлаған. Бұдан басқа, өткен жылғы аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жалпы қуаты 410 МВт болатын тағы 7 ЖЭС жобасы іріктелді. Олардың ішінде қуаттылығы 1 ГВт болатын ірі жобалардың бірін Жетісу облысында, Жоңғар қақпасында салу көзделген. Қазіргі уақытта электр станциясы салынатын алаңында жел өлшеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыстың басталуы 2025 жылға, ал 1-кезеңді іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Толық пайдалануға беру мерзімі - 2030 жыл», - деді Нұржан Джаканов.

Сонымен қатар ол еліміздің аумағында жұмыс істеп тұрған су электр станцияларына қатысты мәліметтермен де бөлісті.

«Қазіргі уақытта елімізде жалпы қуаты 269,605 МВт болатын 39 шағын электр станциясы жұмыс істейді. Олар негізінен Алматы, Түркістан облыстарында және Жетісу облысында орналасқан. 2023 жылдың қорытындысы бойынша аталған гидроэлектростанциялар 993,87 млн кВт/сағат өндірді», - деді бас сарапшы.

Оның айтуынша, 2023 жылдың қорытындысында қуаттылығы 257 МВт болатын 26 ГЭС іріктеліп алынды. Бұл станциялар 2028-2029 жылдары пайдалануға берілмек. Жалпы, елімізде гидроэлектростанциялар үшін шекті аукциондық баға 1 кВт/сағат үшін 41,23 теңгені құрайды.

«Жел және су электр станцияларының, жалпы жаңартылатын энергетика секторының бірқатар артықшылығы бар. Оның ішінде экологиялық және экономикалық та. Мәселен, ЖЭК негізіндегі электр станциялары парниктік газдар шығарындыларын немесе электр энергиясын өндірумен байланысты басқа ластаушы заттарды шығармайды. Бұл айтарлықтай экологиялық әсер береді. Сонымен қатар, құрылыс пен орнатудан кейін электр станцияларының операциялық шығындары төмен болады. Жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Мұнан бөлек, ор орналасқан аймақтарға инвестиция да тартады», - деді Нұржан Джаканов.

Фото: yandex.kz

АЭС қатысты референдумды өткізуге 15 млрд теңге қажет
03 қыркүйек 2024
АЭС қатысты референдумды өткізуге 15 млрд теңге қажет

Атом электр станцияға қатысты жалпыұлттық референдумды өткізуге 15,5 миллиард теңге қажет. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Республикалық референдум туралы конституциялық заңға сәйкес, Орталық референдум комиссиясы шығындардың болжамды сметасын әзірлеп, үкіметтің қарауына ұсынады. Біз президенттің жарлығы жарияланғаннан кейін, есеп-қисап жүргіздік. Біздің болжамды сметаға сәйкес, шығындардың жалпы сомасы 15,5 млрд теңгені құрап отыр», деді ОСК мүшесі Сабила Мұстафина.

Айта кетейік, жалпыұлттық референдум  6 қазан күні өтеді.

1 шілдеден бастап газдың бағасы қымбаттайды
11 маусым 2024
1 шілдеден бастап газдың бағасы қымбаттайды

Энергетика министрлігі ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасына өзгерістер енгізбек, деп хабарлайды Ulys.

Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының жоспарланып отырған ұлғаюына байланысты 2024 жылғы 1 шілдеден бастап автомобиль газының құны:

  • Астана - литріне 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Алматы – 89 теңге (қазір 81 теңге);
  • Шымкент - 70 теңге (қазір 64 теңге);
  • Ақтөбе облысы - 59 теңге (қазір 54 теңге);
  • Атырау облысы - 59 теңге (қазір 54 теңге);
  • Ақмола облысы - 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Алматы облысы - 89 теңге (қазір 81 теңге);
  • Шығыс Қазақстан облысы-84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Жамбыл облысы - 78 теңге (қазір 71 теңге);
  • Батыс Қазақстан облысы - 70 теңге (қазір 64 теңге);
  • Қостанай облысы - 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Қызылорда облысы - 70 теңге (қазір 64 теңге);
  • Қарағанды облысы - 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Маңғыстау облысы - 59 теңге (қазір 54 теңге);
  • Павлодар облысы - 81 теңге (қазір 74 теңге);
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 89 теңге (қазір 81 теңге);
  • Түркістан облысы - 70 теңге (қазір 64 теңге);
  • Абай облысы - 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Жетісу облысы - 84 теңге (қазір 76 теңге);
  • Ұлытау облысы - 84 теңге (қазір 76 теңге).

Бұйрық 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді деп көзделген.

Құжат 17 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.