Валюта бағамы
  • USD -

    543.5
  • EUR -

    642.5
  • RUB -

    6.53
Қазақстандықтардың 50 пайыздан астамы тұрақты негізде кітап оқиды
Фото: Ашық көзден 19 наурыз 2025
Қазақстандықтардың 50 пайыздан астамы тұрақты негізде кітап оқиды

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтіледі. 2024 жылы Ұлттық құрылтай отырысында жарияланған бұл шешім жеке тұлғаның дамуындағы кітаптың рөліне қоғамның назарын бұруға, сондай-ақ жоғары оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Ulys Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Мерекелік күнге дайындық аясында 2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында EGOV mobile платформасында азаматтар арасында сауалнама жүргізілді.

Айта кетерлігі, сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 46 190 адам қатысты. Оның ішінде 50,7% – әйел және 49,3% – ер; 70% – қазақ, 18% – орыс және 12% – басқа этностар; 21% (18-29 жас), 50% (30-45 жас), 22% (46-60 жас), 5% (61 жастан жоғары).

Сауалнаманың мақсаты – халықтың кітапқа қатысты қызығушылығын зерттеу, кітап оқуға деген жалпы көзқарасты анықтау. Алынған нәтижелер өзекті тенденцияларды көрсетеді және кітап оқитын ұлтты қалыптастыру әлеуетін жаңа көзқараспен бағамдауға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтардың басым бөлігі (57,3%) тұрақты негізде кітап оқиды. Социологиялық деректер қазақстандықтар кітап оқуды негізінен білім және ақпарат алу үшін пайдаланатынын көрсетеді.

Респонденттердің 31% жылына 1-3 кітап, 26.3% 3 кітаптан артық оқиды. Бұл көрсеткіш – халықтың едәуір бөлігінде оқуға деген қызығушылықтың сақталғанын көрсетеді.

Бұл ретте кітапқұмар нәзік жандылардың саны (58.7%) ер-азаматтарға (55%) қарағанда көбірек екені байқалады.

Оқуға деген қызығушылық жас санатына байланысты да құбылатынын көрсетті: кітап оқуға деген қызығушылық негізінен 18-29 жас аралығындағылар мен аға буын (61 жастан асқан) адамдар арасында басым. Ал 30-45 жас аралығындағы адамдар салыстырмалы түрде аз оқиды. Алайда, сұралғандардың үштен бір бөлігі (30.6%) уақыттың жоқтығынан мүлдем кітап оқымайтынын мойындады.

Ал жалпы сұралғандардың тек 6.2% кітап оқуға ешқандай қызығушылық жоқ деп көрсеткен. Бұл егер мүмкіндік жасаса қоғамның кітапқа қызығушылық әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.

Тарихи мазмұндағы кітаптар – таңдаулы жанрлар рейтингінің көшбасшысы (26.4%).

Қазақстандық оқырмандар кітап жанрлары арасында тарих, тарихи романдар, өмірбаяндар және публицистикалық кітаптарға басымдық береді (20.5%).

Әрбір алтыншы таңдау – шытырман оқиғалар, махаббат романдары, детективтер (16.3%).

Әрі қарай оқырмандарды қызықтыратын жанрлардың арасында:

  • Психология, өзін-өзі дамыту кітаптары (15.4%);
  • Оқулықтар, ғылыми және кәсіби әдебиеттер (8.2%)
  • Классикалық әдебиет (7.7%);

Ерлер мен әйелдер өздері үшін әртүрлі жанрларды таңдайды.

Ер-азаматтар көбіне тарихи кітаптар, сонымен қатар ғылыми және кәсіби әдебиеттерді дұрыс көреді. Ал нәзік жандылар шытырман оқиғалар, махаббат туралы романдар, детективтер, сонымен қатар психология, өзін-өзі дамыту туралы кітаптарды ұнатады.

Жалпы, қазақстандықтардың жанр бойынша қалаулары, сондай-ақ мазмұнды әдебиетке деген тұрақты қызығушылықтары – интелектуалды даму мен қоғамның өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын айғақтайды.

Сауалнамаға қатысқандардың 50,8% кітаптарды дәстүрлі қағаз форматында, 28% смартфондар арқылы, 5,3% электронды планшеттер арқылы оқиды.

Сауалнама деректері цифрлы форматың кең таралуына қарамастан, қағаз баспадан шыққан кітаптардың танымалдылығы қазақстандықтар арасында әлі де жоғары екендігін көрсетеді. Сұралғандардың жартысына жуығы (50.8%) кітапты дәл осы форматта оқитынын айтқан.

Одан кейін смартфондар – сұралғандардың үштен бірі телефонның экранынан оқиды (28%). Қазақстандықтар кітап оқу үшін пайдаланатын басқа да цифрлық тасымалдаушылар қатарында – электрондық планшеттер (5.3%) және компьютерлер (3.8%) саналады.

Оқудың балама әдісі – кітаптарды принтерлерден басып шығару екен. Мұндай әдісті сауалнамаға қатысқандардың 1.25% көрсетті.

Смартфондар, планшеттер және компьютерлер арқылы электронды форматта кітап оқу тәжірибесі жас қазақстандықтар арасында (18-29 жас аралығындағы) жиі кездеседі.

Белсенді еңбекке қабілетті жастағылар (46 жастан 60 жасқа дейін) және аға буын (61 жастан асқан) кітапты дәстүрлі баспа форматында көбірек оқиды.

Айта кету керек, әдетте респонденттер бір емес, бірден бірнеше ыңғайлы оқу форматтарын қалайды. Ең жиі кездесетіні – «қағаз кітап пен смартфон» нұсқасы, бұл әсіресе жастар мен орта жастағы адамдар арасында танымал.

Жүргізілген талдау цифрлық құрылғылар қазақстандықтардың оқу тәжірибесінен қағаз құрылғыларды толығымен ығыстырады деп айтуға әлі негіз жоқ екенін көрсетеді.

Әрбір бесінші қазақстандық М.Әуезовтің «Абай жолы» және Абайдың «Қара сөздерін» оқыған.

Танымал әдеби шығармалар ішінде «Көшпенділер» (І.Есенберлин); «Қан мен тер» (Әбдіжәміл Нұрпейісов); «Ақ Орда», «Қазақ хандығының тарихы» (Радик Темірғалиев); Бауыржан Момышұлының кітаптар жинағы ерекше көзге түседі.

Шығармалар тізіміндегі абсолютті көшбасшылар – М. Әуезовтің «Абай жолы» және Абайдың «Қара сөздері». Бұл ұлы ойшыл Абай идеяларының қазіргі қоғам үшін жоғары өзектілігін тағы да көрсетеді.

Ең танымал әдеби шығармалар шоғырында – белгілі қазақ классиктерінің шығармалары.

RELATED NEWS
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая
18 сәуір 2025
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая

Адамның пешенесіне жазылған бақтың қай күні, қай сәтте, қай жерден төгіліп түсетінін кім білген? Біреу өмір бойы тырысады да, ештеңе шықпайды. Біреу шай ішіп отырып, шынайы жеңімпаз атанады.

Астаналық Ермек Баимбетов — дәл сондайлардың бірі. Жаңа көлік емес, жаңа үмітке ие болған азамат. Оның бағы — ғаламтордың ар жағынан келген. Ал бақыт — қою, күрең шай үстінде күтіп тұрған.

Бір күні Ермек "Сәтті жұлдыздың" жарнамасын көреді. Біреулер мұндайға селт етпейді. "Бәрібір жолым болмайды" дейді. Ал Ермек... тәуекел етті. Екі билет сатып алды. Бар болғаны — екі билет! Бірі — жай қағаз. Екіншісі — 10 миллион теңгелік алтын құжат болып шықты.

"Кешкі шай үстінде отыр едік. Қоңырау шалынды. «Сіз көлік ұтып алдыңыз», дейді. Ә дегенде алаяқтар шығар деп ойладым. Бірақ билет нөмірін айтты, телефон нөмірін айтты. Сайттан қарап едім — шынымен де мен екенмін..." – дейді өзі.

Кейде сене салу қиын. Әсіресе қазақ сенім мен күмәннің арасында жүреді. Ал Ермектің қуанышы — кейінірек келді. Бастапқыда – тосын, кейін – тұщымды. Ол көлікті емес, оның орнына берілетін 10 миллион теңгені таңдады. Қайда жұмсамақ? Бір бөлігі — әкесінің еміне, қалғаны — несиеге.

Кім не десе де, бұл — бір адамның ғана емес, бір әулеттің жеңісі.

Сәтті жұлдыз – сәтті күннің хабаршысы ма?

«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы — соңғы он жылда мыңдаған адамның үмітіне ұшқын берген ұйым. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 200-ден астам сауда нүктесінде армандар билетпен сатылып жатыр десек, асыра айтқандық болмас.

Жеңімпаз көп. Ең үлкен жүлде — 150 миллион теңге. Қызылордадан шыққан қатысушы ұтып алған. Бұл енді қарапайым байлық емес, бір өңірдің жаңалығы.

Ал алда не күтіп тұр? Тағы да пәтер, тағы да көлік!

Қазақ "көп қорқытады, терең батырады" дейді. Көптің ішінен дара шығу оңай емес. Бірақ келесі мүмкіндіктер де дайын тұр:

20 сәуір — пәтер ойнатылады («TeleBingo» ойыны);

30 сәуір — автокөлік ойнатылады («6/49» ойыны);

Джекпот қазірдің өзінде 572 миллион теңге болып тұр! Сандардың өзі сөйлеп тұр.

Міне, осының бірі — «ЛотоНабор Квартира». 5 билеттен тұратын бұл жинақ — пәтерге апарар бес қадам. Әр билет — өз алдына бір мүмкіндік.

Ұтыс жексенбі, 20 сәуірде, сағат 10:00-де, «31 арнада» тікелей эфирде өтеді. Көзбен көріп, көңілмен ұтудың жолы осы.

Жеңіс жеке емес, қоғамға ортақ

Жеңіске жеткен әр теңгенің 10 пайызы — қазақ спортына кетеді. Тағы 10 пайызы — «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады. Демек, біреудің бағы — елге қайырлы. Ойын ойнасаң да, оймен ойнар кезең бұл.

Ермектің жолы болды. Келесіде кім біледі — бағыңыз сізге бұйырып қалуы да ғажап емес. Қайраттан туған қайсарлық пен үміттің арасы кейде бар болғаны екі билет қана.

 

мариалдың ақысы төленген.

 

ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС
30 шілде 2025
ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС

Кейбір күндер бар. Таңмен таласа тұрып, кешке дейін күйбең тірлікпен өтіп кетеді. Ал кей күндер бар – өмірдің беталысын басқа арнаға бұрады. 20 шілде сондай күн болды. Себебі дәл сол күні TeleBingo ойынының эфирінде бір емес, екі бірдей тағдыр өзгерді. Бірі – астаналық Ғалымжан, екіншісі – Түркістан облысының тұрғыны, Вера есімді үй шаруасындағы әйел.

Бұл – жай ғана жеңіс емес. Бұл – жүрекке үміт, көзге қуаныш, өмірге өзгеріс сыйлаған сәт.

6 842 242 теңге. Бір сәтте келген жеңілдік

Мұнай мен газдың арасында жүріп, күнде еңбек етіп жүрген Ғалымжан – елорда тұрғыны. TeleBingo, LOTO 6/49 және 5/36 секілді лотереялардың бұрыннан қатысушысы. Бұл жолы да сәттілік қасынан табылды. Тура 6 842 242 теңге. Бұл – тек ақша емес, бұл – еркін тыныс, жеңіл дем, болашаққа деген сенім.

"Үлкен қызығушылықпен қатысамын. Бірақ жауапкершілікті де ұмытпаймын. Әрине, мұндай жеңіс қуаныш пен жеңілдік сезімін әкеледі", – дейді Ғалымжан. Үйленген, екі баланың әкесі. Бұл ақша – тек өзіне емес, отбасының болашағына салынған инвестиция. Қарыз жабылады, күнделікті шығын реттеледі.

Жеңіс – еңбекпен үйлескенде ғана шынайы бақытқа айналады.

Төлеби ауданы. Үй шаруасындағы әйел. 15 миллион теңге.

Вераның оқиғасы тіпті киноға сұранып тұрғандай. Жәй ғана әйел. Жәй ғана ана. Үш баланың анасы. Жолдасының сүйеніші. Әжесінің күтушісі. Алғашқы лотерея билетін үш ай бұрын ғана сатып алған. Бұрын-соңды мұндайға қатыспаған. Бірақ іштей бір үмітпен сатып алған. Сол үміт ақталды.

Теледидардан пәтер ұтысы жайлы естігенде, сене алмады. Ұлттық лотереяның call-орталығына өзі хабарласып, тексеріп көрді. Сосын ғана Шымкенттегі "Сәтті Жұлдыз" кеңсесіне барып, ұтысын рәсімдеді. Бірақ пәтер емес, 15 000 000 теңге ақшалай сыйлықты таңдады. Себебі өмірдің жоспары кейде пәтерден де кең.

"Негізі менің жолым болды. Ал әрі қарай не боларын өмір өзі көрсетеді", – дейді Вера күлімдеп. Бұл күлкі – ішкі сенімнің, жүрек қуанышының бейнесі.

Лотерея – үміттің екінші аты

Кейде біз лотереяны тек сәттілік ойыны деп қабылдаймыз. Бірақ әрбір билет – бір тағдыр. Әрбір тираж – жаңа тарау. TeleBingo, LOTO 6/49, 5/36 – бұл сандар ғана емес. Бұл – қарапайым адамдардың ерекше оқиғалары. Бұл – еліміздің түкпір-түкпіріндегі үміт сәулесі.

"Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын! Біз әрқашан лотерея қатысушыларына қуаныш пен жақсы эмоциялар сыйлауға дайынбыз. Әрбір жеңіс – бұл жай ғана сәттілік емес, шабыт беретін және армандарға сенім ұялататын шынайы оқиға", – деді "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина.

Бұл сөздің астарында – жүздеген, мыңдаған тағдырдың үні жатыр.

29 шілде. Тағы бір мүмкіндік.

Жеңіс есігін қаққан сәт – қайта айналып соғуы мүмкін. Ол үшін бір ғана билет жеткілікті. 29 шілдеде "Сәтті Жұлдыздың" YouTube арнасында тікелей эфирде LOTO 6/49 қатысушылары арасында отбасылық кроссовер ұтысы өтеді. Қатысу үшін 3 000 теңгелік билет сатып алу жеткілікті. Билеттер сауда нүктелерінде және sz.kz сайтында қолжетімді.

Бұл тек темір мен дөңгелек емес. Бұл – отбасыға арналған жаңа саяхат. Жаңа бетбұрыс.

Бір билет – бір өмір

Ғалымжан мен Вераның хикаясы – лотереяның жай ойын емес екенін дәлелдейді. Бұл – сенім мен шабыттың, үміт пен болашақтың тоғысқан тұсы. Кейде тек бір билет – өмірдің бағытын түбегейлі өзгертіп жібереді.

Ulys.kz оқырмандарына айтарымыз: сәттілік күтпеген сәтте келеді. Бірақ оған дайын болу – өз қолыңызда.

Ал сіздің билетіңіз дайын ба?

 

Пәтер ұтып алған адам кім?
28 сәуір 2025
Пәтер ұтып алған адам кім?

Телефон шырылдады. «Сіз пәтер ұтып алдыңыз» деді. «Алаяқтық емес пе?» деп ойлады. Екі күн бойы сенбеді. Үшінші күні ғана Алматыдағы бас кеңсеге кіргенде барып көз жеткізді. Шын екен. Қағаз жүзінде емес, өмірде.

Бұл – Василийдің хикаясы. Ол – қарапайым еңбек адамы. Еліміздің өндіріс орындарында жиырма жылдан бері вахталық әдіспен жұмыс істеп келеді. Алматыда тұрады. Алыс жол, ауыр жұмыс, ұзақ ауысым – бәрі үйреншікті. Бірақ мына жаңалық оған мүлде үйреншікті емес.

– Лотереяға шамамен екі жылдан бері қатысып жүрмін, – дейді ол. – Аптасына кемі екі рет билет аламын.

Сәті түскен күн – дәл осы апта. Қолына тиген – баспана. Бірақ бұл қуаныш бастапқыда күмәнмен келген.

– Басында шын айтсам, сенбедім. «Скам шығар» деп ойладым. Қазір кім көрінген телефон шалып, алдап-арбайды ғой. Бірақ бірнеше мәрте хабарласты. Кейін өзім келіп көрдім. Міне, сол кезде ғана рас екенін түсіндім, – дейді Василий.

Жеңімпазбен сөйлесіп отырғанда оның сөздерінде бір заңдылық байқалды: үміт үзілмеген. Ол сеніп келген. Сенімінің сыры – сабыр мен тұрақтылық.

– Бұған дейін де үмітімді үзбей, билет алып жүрдім. Қазір сенімім тіпті күшейді. Одан әрі де қатыса берем, – дейді.

Бір қызығы, Василий жеңісі туралы ешкімге айтпаған. Қазір де айтқысы жоқ. «Тыныш өмір сүргің келсе, көпке жария етпе» дейді. Оның бұл сөзі бүгінгі қоғамның бір көрінісі іспетті.

– Ашық айтып, жария еткен дұрыс емес деп ойламаймын. Күнде біреу хабарласып, мазаны алады. Сол үшін ешкімге айтпадым, – дейді ол.

Лотереяға келсек, Василий көбіне TeleBingo мен 5/36 билеттерін сатып алады. Бастапқыда сандарды өзі таңдайтын. Тіпті нумерологияны зерттеп көрген. Бірақ соңғы уақытта бәрін автоматқа тапсырған. Ұтқан нөмір де автоматты түрде таңдалған.

– Бұрын ірі сауда дүкендерінен қағаз билет алатынмын. Соңғы алты айда онлайнға көштім. Ыңғайлы әрі жылдам, – дейді.

Сөз соңында ол барлық қатысушыларға қарапайым, бірақ сенімді кеңес берді:

– Үміт үзбеңіздер. Бәлкім, бір күні сіз де ұтып қаларсыз. Ештеңе де бекер емес.

Танымал қоғам қайраткері айтқандай, «Бақыт – дайын тұрған қақпа. Бірақ оны ашу үшін сенімнің кілті керек». Василий сол кілтті тапты. Енді жаңа өмірдің есігін ашты.

Келесі кезек – Кроссовер!

30 сәуір күні сағат 22:00-де өтетін кезекті тиражда басты жүлде – 282 819 500 теңгеден асады және Кроссовер автокөлігі ойнатылады.

«LOTO 6/49» лотереясының ЛотоЖиын форматында ұсынылған арнайы топтамасы арқылы әр қатысушы бір емес, бірден 6 мүмкіндікке ие болады. Әрбір ЛотоЖиын 6 билеттен тұрады, ал сандар жүйесі кездейсоқ таңдалады. Ұтысқа қатысу онлайн режимде қолжетімді.

Тікелей эфир YouTube желілесіндегі Satty Zhuldyz арнасы арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік жауапкершілік:

Ойыннан түскен табыстың 10%-ы отандық спортты қолдауға, ал тағы 10%-ы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады.

Мүмкіндік қашан келіп қалатынын ешкім білмейді. Василийге бұйырған бақыт, бәлкім, ертең сіздің есігіңізді қағар!

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.