Валюта бағамы
  • USD -

    521.9
  • EUR -

    600
  • RUB -

    6.37
Қазақстанда АЭС салу тұжырымдамасы:  Өндіріс тиімділігі және тұрақты энергиямен қамту
Фото: dalanews.kz 23 қыркүйек 2024
Қазақстанда АЭС салу тұжырымдамасы:  Өндіріс тиімділігі және тұрақты энергиямен қамту

 Қазіргі таңда ел аумағында АЭС салу  қоғамның әр алуан санатында қызу талқыға түсіп, мемлекеттік деңгейдегі маңызды қадам ретінде қабылданды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нысанды салу туралы шешім жалпыхалықтық референдумнан кейін қабылданатынын мәлімдеді. Кешенді стратегиялық нысан құрылысы жалпы қоғамның қажеттілігінен туындағанын ескерген жөн.

Еліміздің түкпір-түкпірінде өткен қоғамдық талқылауларда  халықтың көкейіндегі ең басты күмән  атом қуатын игерудің ел ертеңі үшін қауіпсіздігі  және экологиялық жүйеге теріс ықпалына қатысты.  Ал АЭС құрылысының ең басты себебі  жыл өткен сайын электр қуатын тұтыну мөлшерінің шектен тыс өсімі  әрі  энергия көздерін әртараптандыру үрдісін үдету екені мәлім. Қазақстан уран шикізатының  ірі өндірушісі ретінде атом энергетикасы саласында айтарлықтай әлеуетке ие.

Атом саласының эксперттері  бұл бағыттағы бастамаларды қолдайды және бейбіт атомды игерудің  артықшылықтарын нақты деректермен негіздей түседі. Олардың көпшілігі экологиялық қауіпсіздікті басты артықшылықтардың бірі ретінде көрсетеді. Республикада кеңінен қолданылатын көмір отыны салдарынан ауаға    парниктік газдардың ірі көлемі бөлінеді. Мамандар  атом энергетикасы технологияларын генерациялау қуат өндірудің ең ұтымды жолы екенін айтады.

- Жыл сайын елімізде көмір тұтыну салдарынан 55 мың тонна көлемінде радиоактивті қалдық ауаға бөлінеді. Әлемдегі барлық атом электр станциялары жылына  12 мың тонна қалдық шығарады, олар , 90%-ы  қайта өңделеді. Атом қуаты ат-тонымызды ала қашатын «құбыжық» емес. Атом энергетикасын дамыту арқылы біз басты «құбыжықтан», көміртегі қосылыстарын шығаратын қазба отын шикізатына тәуелділіктен құтыламыз, – дейді қазақстандық энергия үнемдеу ұйымдары қауымдастығының төрағасы Сергей Агафонов.

Жалпы заман талабына сай  атом станциясын салу  архитектуралық, инженерлік, экологиялық және экономикалық сала мамандарының үндескен симбиозынан туындайтын күрделі және көп факторлы үдеріс. Жобаны Қазақстан халқы қолдаған жағдайда, қауіпсіздіктің, тиімділіктің және тұрақтылықтың негізгі аспектілерін ескеретін АЭС салу тұжырымдамасы қалыптасады.

Энергетика саласындағы сарапшылар Қазақстанда  III+ буын атом станциясы  салынуы мүмкін екенін бірнеше рет атап өтті.Мұндай нысанның  негізін III + буын реакторлық қондырғысы  құрайды. (мысалы, ВВЭР-1200 немесе AP1000). Олар пассивті салқындату және апаттан қорғау жүйелерін қолданатын  қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие. Ең үлкен артықшылығы-отынды пайдалану тиімділігін және қоршаған ортаға бөлінетін радиоактивті қалдықтардың мөлшерін азайтуды көздейді.

III + буын атом станцияларына  сыртқы электр қуатымен жабдықтау жүйесі істен шыққан жағдайда да жұмысын  жалғастыратын пассивті қауіпсіздік жүйелері енгізілген. Мұндай нысанның  қызметі қалдықтардың мөлшерін азайтуға және пайдаланылған отынды қайта өңдеуге бағытталған. Реакторлардың жұмыс істеу мерзімі  60-80 жылды құрайды. Ректордың бұл түрінің артықшылықтары технологиялық дамыған және дәлелденген жүйені, сондай-ақ жылдам масштабтау мүмкіндігін қамтиды.

– Біз атом электр станцияларын салу мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға қатысып, станциялары табысты жұмыс істейтін мамандардың пікірлерін естідік. Франция мен АҚШ сарапшылары атом электр станциясының пайдасы зор екенін айтады. Қазір Жапонияда 17 блок іске қосылу үстінде,  2 жаңа блоктың құрылысы жүріп жатыр  Бүгінгі таңда III және III + буын станциялары іс жүзінде қауіпсіз. Егер біз қоршаған ортаның ластануы туралы айтатын болсақ, онда тіпті күн батареялары да ауаға зиянды заттарды бөлетінін айтуымыз керек. Атом электр станцияларынан толығымен бас тартқан және экономиканың өсу қарқыны айтарлықтай төмендеген Германияны мысалға алып көрсек. Бірақ атом электр станциясының құрылысына қатты қарсылас болған Польша қазір өз позициясын қайта қарады, - деп атап қоғам белсендісі Николай Исаева.

 Кейбір жаңа типтегі атом  станцияларының негізгі ерекшеліктері-құрылыс кезең-кезеңімен жүргізіледі. Сондай-ақ нысанды бақылау мен салқындату жүйесі  апат қауіпін азайтады.  Сондықтан кей сараршылар мен мамандар республикаға бір емес, бірнеше атом электр станциялары қажет деп санайды. 

Ядролық ыдырау үдерісінен туындайтын энергияны  электр қуатына айналдыру үшін реакторлық қондырғыларға технологиясы жыл санап жаңарып келеді.

Олардың қатарында су қайнататын  реакторлар да бар (BWR, Boiling Water Reactor), онда сұйықтық тікелей реактордың өзегінде қайнайды, содан кейін турбиналарды айналдыру үшін қолданылатын буға айналады. Мұнда уран шикізаты  отын ретінде  қолданылады.

Ауыр сулы реакторлары (CANDU, Heavy Water Reactor) нейтронды модератор ретінде ауыр суды  пайдаланады. Аталған реакторларда табиғи уранды қолдануға болады (оны байытудың қажеті жоқ), бұл тәсіл оның  басқа реакторлардан ең басты айырмашылығы.

BN-600, BN-800 реакторлары жылдам нейтрондарды пайдаланады және олар байытылған уранмен ғана емес, плутониймен де жұмыс істей алады.

Реакторлық қондырғылар қауіпсіздік деңгейі,  отын тиімділігі және радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу мүмкіндігіне байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие . Қазақстанда жалпыхалықтық референдум нәтижесінде АЭС салу туралы оң шешім қабылданса, елімізде отын-энергетикалық қазба ресурстарына тәуелділіктен арылуға және тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған жоба бастау алады.  АЭС салу елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады, залалсыз өндіріс есебінен экологиялық ахуал жақсарады, электр қуатының бағасын тұрақтандырады.Сарапшылар АЭС еліміз үшін  технологиялық даму мен өнеркәсіптік өсім жолында  маңызды қадам болатынын айтуда.

RELATED NEWS
Кеселдің көбі көмірден келіп жатқанын қашан түсініп, мойындаймыз - Дамир Аспан
29 қыркүйек 2024
Кеселдің көбі көмірден келіп жатқанын қашан түсініп, мойындаймыз - Дамир Аспан
Францияда 56 АЭС бар. Бұл туралы блогер Дамир Аспан желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulys.
"Астанадағы Қызылорда облысы өнімдерінің жәрмеңкесі қызып тұр-ау. Сапалы өнімдері де, алар жұрт та, ақылдасатын дүние де көп екен. Мысалы, Сыр өңірінің соңғы жылдары электр энергиясын тұтынудың өсуі байқалады. Аймақта тұрғын үйлер, әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандардың көптеп ашылуымен байланысты әрине. Бірақ, желідегі ток қуатының шамамен 20% төмендеуіне әкелгені де бар. Қолданыстағы жылу-электр орталықтарымен (тэц) салыстырғанда әлдеқайда артық болатын атом электр станциясы мәселені шеше алар еді. Бірақ, біраз жұрт айқын пікірді қабылдағысы келмейді ғой, мойындамай. АЭС-тен бас тартқан Германияны алға тартып жағадан алады)) Ок, жақсы делік, ал басқа елдер ше? Дәл қазір әлемнің 40 елінде 200-ден астам атом реакторы жұмыс істеп тұр. Энергияны ураннан алатын АҚШ, Франция, Қытай, Швейцария, Бельгия ақымақ емес шығар? Франция демекші, "жеріміз байтақ, біздің елге 5 Франция сыяды" деп жайшылықта кеуде соғатындар да осы өздерің емес пе?! Тағы бір мысал, Өскемен, Теміртау қалаларында болдыңыздар ма осы? Үйреніскен халқы болмаса, сырттан келген адамға ауасымен тыныстаудың өзі қиын. Елімізде осындай 10-ға жуық қаланың ауасы лас екен, бұл жақтардағы зауыт-фабрикалардан шығып жатқан күкірт оксидінің концентрациясы өте жоғары. Соның кесірінен жергілікті жұрт түрлі ауруларға ұшырайды. Атырауда да осы жағдай байқалады. Жас аналар ше, келер ұрпаққа бұдан келер қауіп жоқ деп ойлайсыз ба? АЭС әлі салынбады, онда бұл мәселелер қайдан келіп жатыр, кеселдің көбі көмірден келіп жатқанын қашан түсініп, мойындаймыз? Бұл жағын қарастырдыңыздар ма? Қысқасы, референдумға барып дұрыс таңдау жасаңыз, ол 6 қазан күні, ал оған дейін күріш алуға жәрмеңкеге келіңіз", - дейді Дамир Аспан.
Жел және су электр стансаларының экономикалық және экологиялық тиімділігі қандай
08 сәуір 2024
Жел және су электр стансаларының экономикалық және экологиялық тиімділігі қандай

Бүгінде еліміздің аумағында жалпы қуаты 1 409 МВт болатын 59 жел электр станциясы жұмыс істейді. Олар еліміздің түрлі өңірлерінде, атап айтқанда Алматы, Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау және Жетісу облыстарында орналасқан. Жел электр станцияларының дәл осы облыстарда орналасуы аталған аймақтардағы желдің үлкен әлеуетінің болуымен байланысты екендігі сөзсіз.

Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің бас сарапшысы Нұржан Джаканов республика аумағында салынатын бір жел электр станциясының құны көптеген факторға байланысты екендігін айтады.

«ЖЭС құрылысының құны орналасатын жері, инфрақұрылымға қолжетімділік, топография және геология, логистика сынды көптеген факторға байланысты екендігі түсінікті. Дегенмен, әлемдік тәжірибеге сүйенер болсақ, қуаттылығы 1 МВт болатын стансаның құны орташа есеппен 1 миллион АҚШ долларын құрайды. 2023 жылдың қорытындысында еліміздегі барлық жел электр станциясы 3 824,99 млн кВт-сағ электр энергиясын өндірді. Қазақстандағы жаңартылатын энергетика секторы электр энергиясын өндірудің жыл сайынғы өсімін көрсетіп отыр. Жалпы, өткен жылдың қорытындысында жаңартылатын энергетиканың үлесіне елімізде өндірілген барлық электр энергиясының шамамен 6 пайызы тиесілі болғанын атап өтуге болады», - деді ол.

Министрлік бас сарапшысының дерегінше, 2018 жылдан бастап жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру үшін іріктеу аукциондық тетік бойынша өтеді. Соның арқасында ЖЭК жобаларын іріктеу процесі ашық әрі түсінікті бола түсті. Сондай-ақ соңғы тұтынушыларға тарифтердің әсерін барынша азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша 2023 жылғы сауда-саттық қорытындысында ЖЭК жобалары бойынша ең төменгі баға белгіленді. Яғни, 1 кВт/сағат үшін  10,38 теңгені құрады.

«2027 жылға дейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған шарттарға сәйкес, еліміздің түрлі өңірінде қуаты 470 МВт болатын 12 жел электр станциясын іске қосу жоспарлаған. Бұдан басқа, өткен жылғы аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жалпы қуаты 410 МВт болатын тағы 7 ЖЭС жобасы іріктелді. Олардың ішінде қуаттылығы 1 ГВт болатын ірі жобалардың бірін Жетісу облысында, Жоңғар қақпасында салу көзделген. Қазіргі уақытта электр станциясы салынатын алаңында жел өлшеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыстың басталуы 2025 жылға, ал 1-кезеңді іске қосу 2029 жылға жоспарланған. Толық пайдалануға беру мерзімі - 2030 жыл», - деді Нұржан Джаканов.

Сонымен қатар ол еліміздің аумағында жұмыс істеп тұрған су электр станцияларына қатысты мәліметтермен де бөлісті.

«Қазіргі уақытта елімізде жалпы қуаты 269,605 МВт болатын 39 шағын электр станциясы жұмыс істейді. Олар негізінен Алматы, Түркістан облыстарында және Жетісу облысында орналасқан. 2023 жылдың қорытындысы бойынша аталған гидроэлектростанциялар 993,87 млн кВт/сағат өндірді», - деді бас сарапшы.

Оның айтуынша, 2023 жылдың қорытындысында қуаттылығы 257 МВт болатын 26 ГЭС іріктеліп алынды. Бұл станциялар 2028-2029 жылдары пайдалануға берілмек. Жалпы, елімізде гидроэлектростанциялар үшін шекті аукциондық баға 1 кВт/сағат үшін 41,23 теңгені құрайды.

«Жел және су электр станцияларының, жалпы жаңартылатын энергетика секторының бірқатар артықшылығы бар. Оның ішінде экологиялық және экономикалық та. Мәселен, ЖЭК негізіндегі электр станциялары парниктік газдар шығарындыларын немесе электр энергиясын өндірумен байланысты басқа ластаушы заттарды шығармайды. Бұл айтарлықтай экологиялық әсер береді. Сонымен қатар, құрылыс пен орнатудан кейін электр станцияларының операциялық шығындары төмен болады. Жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Мұнан бөлек, ор орналасқан аймақтарға инвестиция да тартады», - деді Нұржан Джаканов.

Фото: yandex.kz

АЭС құрылысы:  Қытай тарапымен келіссөздер жүргізілуде
27 желтоқсан 2024
АЭС құрылысы: Қытай тарапымен келіссөздер жүргізілуде

ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған мақаласында  елімізде салынатын АЭС құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Ulys.

Президент АЭС құрылысына байланысты «Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Атом электр стансасын салу – ұзақмерзімді жоба. Аталған бастама еліміздің орнықты дамуын онжылдықтарға ілгерілетеді, сондай-ақ инженерлер шоғыры мен әртүрлі бейіндегі мамандар легін даярлауға жағдай жасайды. Демек оның пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көреді», деп атап өткен болатын.

Референдумнан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапары аясында осы елдің президенті Эмманюэль Макронмен және Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинмен АЭС құрылысы туралы пікір алмасты. Қазіргі уақытта Қытай тарапымен осы бағытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Яғни бірнеше жылға созылатын мегажобаны жүзеге асыру атом өнеркәсібінде мол тәжірибесі бар ірі компаниялардан құралған халықаралық консорциумға жүк­теледі.

Жуырда мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдап, елімізде салынатын атом электр стансасының құрылысын жеделдетуді тапсырды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.