Валюта бағамы
  • USD -

    521.9
  • EUR -

    612.5
  • RUB -

    6.61
Қазақстан мен Қатар жемқорлықпен бірлесіп күреспек
26 маусым 2024
Қазақстан мен Қатар жемқорлықпен бірлесіп күреспек

Қазақстан мен Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері ынтымақтастықты кеңейтуде, деп хабарлайды Ulys.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрақты негізде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс жүргізеді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға жұмыс сапары барысында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар белгіленді. Оның ішінде – жемқорлыққа қарсы бірлескен күрес жұмысы. Осы мақсатта екі тарап «Парасаттылық пен ашықтықты ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойды. Оның аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қатардың Әкімшілік бақылау және ашықтық басқармасы жол картасына қол қою жоспарланды.

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының (Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасы) басшысы Хамад Бин Насер Рашид Аль-Миснед мырза бастаған делегациясы Қазақстанға сапармен келді.

Іс-сапар аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағалидің Әкімшілік Бақылау және Ашықтық Басқармасының Президентімен екіжақты кездесуі өтті.

Іс-шара барысында тараптар екі елдің жемқорлыққа қарсы қызметтерінің жұмысы, мемлекеттік органдардың басым бағыттары туралы мәселелер кешенін талқылады, сондай-ақ өзара іс-қимыл жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлықты жою, активтерді қайтару, бизнесті қорғау, құқықтық көмек көрсету, бюджет қаражаты мен сатып алудың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу бойынша жүйелі шараларды таныстырды.

Сонымен қатар Агенттік төрағасы жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбие, әсіресе балалар мен жастар арасында, сондай-ақ цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға толығырақ тоқталды. 

Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімдігінде кездесу өтті, онда әкім Ерболат Досаев Отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл ретте бизнес алдында мемлекеттік органдар жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқан үлкен жауапкершілікті арқалайды. Осы бағытта Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі белсенді рөл атқарады.

Аталған шарада Ұлттық банктің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ Электрондық қаржы орталығының өкілдері цифрлық үкіметтің қызметі және мемлекеттік сатып алу жүйесін цифрландырудың ерекшеліктері туралы баяндама жасады.

Антикор төрағасы А. Жұмағали Қатар басшылығын ағымдағы жылдың соңына жоспарланған БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының нормаларын жедел енгізу мақсатында Орталық Азия елдері үшін Өңірлік платформа Конференциясына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысынан 2024 жылғы қарашада Қатарда өтетін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференцияға шақырту түсті.

Кездесу аясында Қатардан келген делегация өкілдері еліміздің мәдени және тарихи құндылықтарымен танысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар жемқорлықтың себептері мен салдарын неғұрлым тиімді талдау, ынтымақтастықты нығайту және екі елдің дамуы мақсатында тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.

RELATED NEWS
Жемқорлықпен күрес: Әлемдік рейтингте Қазақстан нешінші орында
11 ақпан 2025
Жемқорлықпен күрес: Әлемдік рейтингте Қазақстан нешінші орында

Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстан нәтижелерін тағы да жақсартты, деп хабарлайды Ulys Антикорға сілтеме жасап.

Әлем бойынша орташа балл – 43, ал «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағында (19 ел) 35 болды.

Қазақстан рейтингінің 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді – 11 баллға (29 баллдан) өсу.

«Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел болып саналады. Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан. Жемқорлықты қабылдау индексі Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс болып саналады. Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес-бағалауларына негізделген», - делінген Антикор хабарламасында.

Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған
20 наурыз 2025
Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған

Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulys.

«Біз оның Қазақстанда емес екенін білеміз. Тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Ол Қазақстанда емес. Оны іздеу және елге қайтару бойынша шаралар жүріп жатыр. Іздеу шаралары барлық елді қамтиды, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған», - деді Құрақбаев Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Естеріңізге салайық, наурыз айының басында 69 жастағы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланғаны хабарланды. Оны іздеуге прокуратура бастамашы болған, ал іздеу шараларын Антикор жүргізеді.

Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды
04 наурыз 2025
Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Қаржы мониторингі агенттігі Барменқұловқа, сондай-ақ федерацияның бірқатар бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барменқұлов 2021-2024 жылдар аралығында ҚФФ басшысы қызметін атқарған.19 қарашада ұйымның кезектен тыс отырысында ол қызметінен кетті.

БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды,- делінген Қаржы мониторингі агенттігі хабарламасында. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.