Валюта бағамы
  • USD -

    503.1
  • EUR -

    544
  • RUB -

    5.95
Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы тауар айналымы 51% өсті
15 тамыз 2022
Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы тауар айналымы 51% өсті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Шараға Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Германия, Франция, Испания, Литва, Польша, Бельгия, Швеция, Словакия, Эстония, Хорватия, Нидерланд, Болгария, Чехия, Латвия, Финляндия, Италия, Аустрия, Грекия және Румынияның еліміздегі елшілері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Отырыс басында ҚР Премьер-Министрі Еуропалық Одақ көп жылдар бойы Қазақстанның негізгі саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Мәселен, Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың 6 айында $20,1 млрд құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,2%-ға көп.

1-тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы шетелдік инвестициялардың елге келуі 54%-ға артып, $6,8 млрд құрады.

Бұл орайда тау-кен өндіру өнеркәсібіне капитал тарту деңгейі 35,7%-ға өсіп, $3,5 млрд құрады.

«Біз Еуроодақтың Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз. Осы саладағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Осыған байланысты Еуропалық Одақ елдерінің геологиялық қызметтерін цифрландыру, геология ғылымын дамыту және салалық инфрақұрылым саласында серіктес болуға шақырамыз», - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр саланы автоматтандыру аясында жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерді біріктіру және интеграциялау арқылы Kaznedra бірыңғай платформасы құрылатынын атап өтті.

Бұл платформа инвесторларға «бір терезе» режимінде кешенді сервистік қызмет көрсетуге ықпал ететін болады.

Сонымен қатар Үкімет басшысы геологиялық барлау жұмыстарының дәстүрлі түрлерімен қатар, Қазақстанды геофизикалық зерттеулердің озық әдістері қызықтыратынын атап өтті.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның Еуроодақ елдерімен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту жөніндегі ниетінің нақты екенін тағы да растағым келеді», - деді Әлихан Смайылов.

Отырыс барысында қатысушылар пайдалы қазбаларды өндіру, жаңа технологияларды қолдану, геологиялық деректерді цифрландыру, инвестициялар тарту, өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады.

RELATED NEWS
Еуропадағы су тасқыны: Француздар жарықсыз қалды
21 қазан 2024
Еуропадағы су тасқыны: Француздар жарықсыз қалды

Италияның барлық аймағында су тасқынына байланысты ескерту жарияланды, ал Францияның халқы жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды Euronews.

Италиядағы толассыз жауын елде лай тасқындарын тудырды. Ең қатты зардап шеккен аймақ — Эмилия-Романья. Болоньяда табиғат апат салдарынан бір бала қайтыс болды, оны тасқын су автокөлікпен бірге ағызып әкеткен.

Ал Францияның орталық бөлігіндегі су тасқындары үлкен шығын әкеліп, электр энергиясын өшірді. Франция билігінің хабарлауынша кейбір аймақтарында 48 сағат ішінде 700 мм жауын-шашын жауған, бұл Париждегі жылдық нормадан да көп.

Францияның Ішкі істер министрлігі Париждің зардап шеккен аймақтарға қосымша 1500 құтқарушы жібергенін хабарлады.

Орталық Еуропа су астында қалды
17 қыркүйек 2024
Орталық Еуропа су астында қалды

Орталық Еуропа елдерінде қатты дауыл, нөсер жаңбыр салдарынан Чехия, Польша Австрияның аумағын су басып, Румынияның ауылдары тұтастай суға кеткен, деп хабарлайды BBC.

Қазірге дейін 16 адамның денесі табылған.

 Польша ЕО-дан көмек сұрамақ. Туск үкіметі төтенше жағдай жариялады.

Елде мыңдаған адамдар эвакуацияланды. Көптеген жолдарды су басып, поездар жүрісін тоқттатты.

Дунай өзені тасып, Словакияның көне қаласы Братислава суға кетті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, судың биіктігі 9 метрге жеткен, алда бұдан да ары көтеріледі дейді.

Дунайдың төменгі ағысында орналасқан Венгрия алдағы күндері болатын су тасқынына дайындалып жатыр. Дунайдың жағасындағы 500 шақырымдай аумақты су басу қаупі бар. Өзен тәулік сайын бір метрге биіктеуде.

Будапешт мэриясы миллион қапшыққа құм толтырып су тасқынынан қорғау шараларын жасады. Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан бүкіл шетелдік сапарларын кейінге шегерді. Чехияның Есеник қаласына өткен бейсенбіден бері орташа айлық нормадан 5 есе көп жауын-шашын жауды. Австрияның Санкт-Пёльтен  қаласына 4 күнде 1950 жылдың күзінен бері жаумаған көп жаңбыр жауды. Румынияның шығысындағы ауылдар тұтастай суға кетті.

 

Германияның канцлері Қазақстанға ресми сапармен келді
16 қыркүйек 2024
Германияның канцлері Қазақстанға ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералды канцлері Қазақстанға ресми сапармен келді. Астана қаласының әуежайында Олаф Шольцті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды. 

Германияның Федералды канцлері Олаф Шольц «Орталық Азия + Германия» екінші саммитіне қатысады, оның шеңберінде сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша стратегиялық ынтымақтастық пен әріптестік мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Германия Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық серіктесі саналады. Биылғы 7 айда өзара сауда көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, $2,3 млрд-ты құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 64%-ға ұлғайып, $770 млн-ға жетті. Қаражаттың негізгі бөлігі басымдық беріліп отырған экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.