Валюта бағамы
  • USD -

    496.7
  • EUR -

    578
  • RUB -

    6.37
Қазақ тудың құлауын жаман ырымға санаған - ғалым
massaget.kz 04 маусым 2024
Қазақ тудың құлауын жаман ырымға санаған - ғалым

Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде тойланып келеді. Осы ретте Ulys тілшісі Мемлекеттік рәміздердің бірі туға қатысты қызықты деректерге шолу жасап көрді.

Қазақстан туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы — Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Еліміздің мемлекеттік туын жасаумен 600 адам шұғылданып, комиссия қарауына 1200 рәміздер нұсқасы ұсынылған екен. 

Мемлекеттік тудың айналасында 32 күн сәулесі бар.

Тәртіп бойынша ту үнемі оң жаққа қарай желбіреуі керек.

Қазақстанның мемлекеттік туы елдің маңызды мекемелерінде, атап айтқанда ҚР Президентінің резиденциясында, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, ҚР Үкіметі құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және юасқа мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, үнемі ілулі тұруы қажет.

2020 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды балкондарға ілуге рұқсат беруді ұсынды.

«Парламенттің бірқатар депутаты мен патриот азаматтардың еліміздің Мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда ҚР Мемлекеттік Туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын. Қолданыстағы заңнамада Туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына Ту ілуге тыйым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет», - деген болатын Президент.

Президенттің осы тапсырмасына орай, сол кездегі Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №801 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде Мемлекеттік Туды пайдалану аясы заңнамалық тұрғыда кеңейтілді.

Қазақстандықтар Туды тәуліктің қараңғы уақытында жарық құралдарын қолданбай пайдалана алады. Бұрын бұған тыйым салынып келген болатын.

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

«Мемлекеттің туы есебінде сол кезеңде жоғары билікке ие болып, тақта отырған әулеттің туы қызмет жасайды. Қазақтың төре әулеті туралы деректердің ішінде Құрбанғали Халид шежі­ресінде ту туралы мәліметтер молынан кездеседі. Төрелердің ту бойынша жіктелуі шамасы ерте заманнан сақталған салттардың бірі. Деректерде «Сарай хандары – қызыл, Шағатай әулеті – ақ, Үгедей әулеті – көк тумен дараланып, кейіннен бұл жағдай ұмытылған» делінеді. Жауынгерлік тудың түсі бойынша жіктелу, реттелу төрелер әулетіне қандас туыстыққа негізделген генеалогиялық жүйеден жоғары тұруға мүмкіндік береді. Қашанда ұлыстық жүйе мен генеалогиялық құрылым арасында өмір сүрген қазақ қоғамы мемлекет өміріне қауіп-қатер орнаған уақытта бір тудың астына жиналуға күш салатыны осыдан», - дейді ғалым Жамбыл Артықбаев.

Ғалымның жазуынша тудың қан майданда құлауы жаман ырым саналған.

«Қазақтың жауынгерлік заманында тудан бөлек «байрақ», «жалау» сияқты рәміздер де қолданылған, бірақ бұл әскери өмірдің белгілері төре мен қара арасына бірдей. Байрақты батырлар да аттың құйрығын, түсті матадан әртүрлі шашақ, өздерінің табынатын киетектерін (тотем) ағаш сапқа орнатып өздерімен бірге майданда алып жүреді. Сүйінбай ақынның «Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетеді қайдағым» деген сөзінің мәнісін жаугершілік кезінде майдан даласында жаумен жағаласқан адам ғана түсінеді. Егер ту Тәңірінің өзіне жол ашса, байрақ – жауынгер ру қауымдарының қасиетті киетектерін көмекке шақыратын байланыс құралы», - дейді ғалым.

Қазіргі кезде елде қаралы күн жарияланса, мемлекеттік ту төмен түсіріледі.

Мемлекеттік туды қандай жағдайда қолдануға рұқсат етілмейді?

  1. Мемлекеттік жалаулар болса да, адамға немесе затқа Құрмет белгісі ретінде жалауды төмендетуге,
  2. Апат сигналын беруді қоспағанда, оны кантонмен төмен қоюға;
  3. Туды орналастырған оның аумағында орналасқан заттарға (жерді, еденді, суды) туды оларға тигізетіндей етіп орнатуға;
  4. Тудың бағанын көлденеңінен көтеру (ту әрдайым бұрышта болуы керек);
  5. Туды орналастырған кезде оны зақымдануына немесе кірлеуіне;
  6. Туға бірдене жазу және (немесе) сурет салуға;
  7. Тумен бір нәрсені орауға;
  8. Төсек-орын және драпировка ретінде пайдалануға;
  9. Тның бейнесін бір рет пайдаланылатын майлықтарға, қораптарға және басқа заттарға басып шығаруға рұқсат етілмейді.

 

RELATED NEWS
Сәттілік формуласы: ұтыс, үміт және әлеуметтік жауапкершілік
11 ақпан 2026
Сәттілік формуласы: ұтыс, үміт және әлеуметтік жауапкершілік

Қазақ қоғамында «бақ» ұғымы әрқашан еңбектің, сабырдың және сенімнің серігі ретінде қабылданған. «Сабыр түбі – сары алтын» дейді халық. Жақында 37 855 200 теңге көлеміндегі ұтыс иесін тапқанда, бұл мәтел тағы бір мәрте өзектілігін дәлелдегендей болды. 5/36 лотереясының жаңа миллионері – Алматы қаласының тұрғыны Нұрбол. Ол 15 жыл бойы лотерея ұтыстарына тұрақты түрде қатысып келген. Бір қарағанда, бұл жай ғана статистикалық сәттілік сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ 15 жыл деген – табандылықтың өлшемі, үміттің үзілмеген уақыты.

Нұрболдың «бұл күнді ұзақ күттім» деген сөзі – жеке адамның қуанышы ғана емес, қоғамдағы сенім феноменінің көрінісі. Әр билет – мүмкіндік. Бірақ мүмкіндік пен жауапкершілік қатар жүргенде ғана оның әлеуметтік салмағы артады.

Ұлттық деңгейдегі лотерея нарығында бұл бағытты айқындап отырған құрылым – «Сәтті Жұлдыз». Ұлттық лотерея Президенті Лыткина Мария Владимировна ірі ұтыстардың әрдайым жүйелі әлеуметтік жұмысқа ұласатынын атап көрсетеді. Оның сөзінше, әрбір сатылған билет – тек ұту мүмкіндігі емес, қоғам дамуына қосылған нақты үлес. Бұл жерде маңыздысы – бизнес-модельдің өзегіне 10% әлеуметтік аударымдардың енгізілуі. Операциялық ойын кірісінің 10% отандық спортты дамытуға, тағы 10% «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорына және 3% креативті индустрияның дамуына қолдауға  бағытталады.

Бұл – жай статистика емес. Әлеуметтік капиталды қалыптастырудың нақты тетігі. Мәселен, 9–28 ақпан аралығында өтетін «Марафон Charity» қайырымдылық акциясы аясында жиналған қаражаттың бір бөлігі «100 ауыл» жобасын қолдауға жұмсалады. Бүгінгі таңда осы жоба арқылы 30 000-нан астам бала және 140 мектеп спорттық инвентарьмен қамтылған. Бұл – құрғақ есеп емес, ауыл баласының қолына тиген доп, мектеп ауласында орнатылған турник, қозғалысқа түскен өмір.

Лотерея тек ұтыс механикасымен шектелмейді. Мәселен, «LOTO 6/49» тираждық форматы – лотерея мәдениетін құрылымдаудың мысалы. Қатысушы 1-ден 49-ға дейінгі сандар арасынан комбинация жинайды, автотаңдау мүмкіндігі бар. Әр билет бойынша ұтыс сомасы 500 - 50 000 000 ₸ аралығында белгіленген. Ал супер жүлде – 50 000 000 ₸. Келесі тираж 915 нөмірімен 11 ақпан 2026 жылы, 22:00-де тікелей эфирде өтеді. Бұл ашықтық пен жариялылық қағидатының сақталғанын көрсетеді.

Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, Ұлыбританиядағы National Lottery жыл сайын әлеуметтік жобаларға миллиардтаған фунт бағыттайды. Францияда FDJ ұлттық мәдени мұра объектілерін қалпына келтіруге қаржы бөледі. АҚШ-та штаттық лотереялар білім беру қорларын толықтырудың маңызды көзіне айналған. Яғни, лотерея – тек көңіл көтеру емес, қоғамдық қаржыландыру құралы.

Қазақ ойшылы Абай «Пайда ойлама, ар ойла» деген. Қазіргі лотерея нарығында бұл ұстаным бизнестің жаңа этикасына айналуы тиіс. Егер табыс қоғамға қайтса, онда лотерея әлеуметтік келісімнің бір бөлігіне айналады. «Ұтыс – жеке тарих, бірақ оның артында ортақ құндылықтар тұруы керек» деген тұжырым осыдан туындайды.

Әрине, сын да бар. Лотерея – тәуекел. Бірақ тәуекел мәдениеті қалыптасқанда, ол жауапкершілікпен өлшенеді. Қоғамдық бақылау, ашық есеп, нақты пайыздық аударымдар – осы сенімнің тіректері.

37 855 200 теңге ұтып алған Нұрболдың оқиғасы – жеке адамның жеңісі. Ал 50 000 000 ₸ көлеміндегі супер жүлде – келесі мүмкіндіктің символы. Бірақ 30 000 бала мен 140 мектепке жеткен спорттық құрал-жабдық – жүйелі әлеуметтік саясаттың нәтижесі.

Қазақ әдебиетінде Сәкен Сейфуллин «Өмір – күрес» деген еді. Бұл күрес тек жеке табыс үшін емес, ортақ игілік үшін де жүруі керек. Лотерея саласының болашағы да осы теңгерімде жатыр: мүмкіндік пен міндеттің, ұтыс пен үлестің, жеке қуаныш пен қоғамдық жауапкершіліктің тоғысында.

Сәттілік – кездейсоқтық емес. Ол сеніммен, жүйемен және ортақ құндылықтармен бекітілгенде ғана тұрақты модельге айналады. Бәлкім, келесі 50 000 000 ₸ иегері басқа бір қала тұрғыны болар. Бірақ маңыздысы – әр билеттен қоғамға қайтатын үлес. Себебі ұлттың ұтысы – бір адамның байлығы емес, ортақ дамудың қарқыны.

 

Жасанды интеллек туралы қазақша кітап жарық көрді
13 наурыз 2025
Жасанды интеллек туралы қазақша кітап жарық көрді

Қазақстанда "Жасанды интеллект әліппесі" кітабының тұсаукесері өтті. Еңбек  қарқындыдамып келе жатқан жаңа сала туралы алғаш ретқазақ тілінде жазылған түпнұсқа болуыменерекшеленеді. Іс-шара барысында TurkAI – түркі мемлекеттерінің жасанды интеллектшілерқауымдастығының құрылғаны хабарланды. Сондай-ақ салалық «AI-hub» компаниясы мен ai-hub.kz сайты таныстырылды.
 

Алматыда өткен кітаптың таныстырылымынахалықаралық сарапшылар ғалымдар, зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, медиа, білім және технология саласының белгілі тұлғалары мен мамандары қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев«Сарапшылардың айтуыншажасанды интеллекттехнологиясының тиімділігі жыл өткен сайын арта түспекСондықтан алдымызда ауқымды міндеттертұр. Қазақстан Еуразиядағы аса ірі цифрлық хабқаайналуға тиісЦифрлық даму мәселесіне тың, жаңаша көзқараспен қарау қажет» дегенболатын.

Жалпы бастамашы топтың айтуынша, еліміздің де аталған сала көшінен қалмауы үшін екі жылбұрын қазақ тілді аудиторияға арнап арнайы еңбекжазуға кіріскен. Саланы зерттеп жүрген кітап авторы – жасанды интеллект және IT технология саласының сарапшысы, журналист Мейіржан Әуелханұлы"Еңбек– бағдарламалауды білмейтін, бірақ AI мүмкіндіктерін зерттеп, қолданғысы келетін адамдарға арналған. Жасанды интеллект саласындағы негізгі ұғымдарды қарапайым тілмен түсіндіреді. Қазірдің өзінде сұраныс өте жоғары болғандықтан, кітапты екінші басылымға жіберіп жатырмыз»,-деді.

Белгілі журналист, қаламгер, публицист әрі еңбектің редакторы Қайнар Олжай жасанды интеллект деген не деген сауалға толық жауап беретін кітаптың өте сауатты жазылғанын, қазақ оқырманына ауадай қажет екенін атап өтті. "Ал жасанды интеллекті қалай жұмсау керек" дегендер үшін толық тәжірибелік курс қамтылған. Ой ісіндегі қолғанатқа сан салада берілетін тапсырма (оны "промпт" дейді екен) толық тізілген. Шекесіненшертіп алып қолдана бересіз»,-деді.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректоры, Кембридж Университетінің түлегі Гүлмира Қанайболса, «Білім беру саласында өзгерістерді жасайтын бірден-бір фактор технология. Аталған кітап, отандық ғылым мен білім саласының жаңа өзгерістерге бейімделуінде маңызды қадам деп санаймын»,-деді.

Сондай-ақ белгілі медиа менеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері НұржанЖалауқызы, белгілі әдебиеттанушы ғалым Мамай Ақетов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистикафакультеті деканы Қанат Әуесбай өзге де қатысушылар өз лебіздерін білдірді.  

Кітап туралы белгілі педагог Өмірбек Шыныбекұлы да «Осы кітапты Оқу-ағартуминистрлігінің сарапшылары қарап шығып, қосар-алар тұстары болсаавтормен жұмыс істепмектептерге тарату керек. Жасанды интеллект дәуірінде оны дұрыс қолданупромптарды дұрысжазу әдісі маңызды деп ойлаймын»,-деп салалық министрге ұсыныс жасаған болатын.  

Кітап Орталық Азия елдерінде жасандыинтелект саласына қатысты алғаш шыққандықтан Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен аударуғаұсыныстар түскен.

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Түркі дүниесі Жазушылар Одағының Төрағасы Ұлықбек Есдәулетәлемде қазір ең маңызды салаға айналған жасанды инттелект бойынша да бауырлас елдердің де алатын өз еншісі бар екенін айтты.

Іс-шара аясында жаңа құрылған «AI-HUB»компаниясының мақсаты айтылды. Оның басшысы Ержанар Әшейханның сөзінше, компания – жасанды интеллект, IT, кибер және ақпараттық қауіпсіздікақпараттық және цифрлық технологияларсондай-ақ биотехнологияларды зерттеу мен дамытуғабағытталған бірегей ұйымға айналуды көздейді.Негізгі мақсаты  озық технологияларды түрлі салаларға енгізухалықтың цифрлық жәнеақпараттық сауатын арттырусондай-ақ салалық стартаптарды қолдау.

Жасанды интеллектке қатысты алғаш рет оқулық басып шығарған Ai-Hub publishing баспасы болса,алдағы уақытта  жаратылыстану, IT мен жасандыинтеллект саласына қатысты әлемдегі танымалкітаптарды қазақша аудармақ. Сонымен қатарсалағалымдарымамандарымен бірлесе отырыпбалаларғаоқушылар мен студенттерге арналғаноқулықтар мен әдістемелер әзірлеуді көздеп отыр.Сондай-ақ жасанды интеллект терминдерін жасаумен энциклопедиясын қазірден бастап дайындаудықолға алмақ.

Сондай-ақ «AI-HUB» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Нұрболат Нышанбаев түркі мемлекеттері жасанды интеллект саласы өкілдерінің басын қосатын TurkAI қауымдастығы құрылып, бауырлас елдермен бірлескен жұмыстаркүшейтілетіні хабарланды. Жиынға Түркі елдерінен және Еуропадан жасанды интелект саласында жұмыс істейтін компания басшылары онлайн қатысып, өз пікірлерін білдірді.  

Түркияның Robotzade технологиялық компаниясы директоры Мерт Доған  Түркі мемлекеттерінің жасанды интеллект ассоциациясының Қазақстанда құрылуының өзі маңызды оқиға деп атап өтті. «Түркі халықтары арасындағы байланыс тек, саясат пен экономикада ғана емес, сонымен қатар білім, ғылым және технология салаларында да өте мығым болуы қажет деп санаймын. Қазақ тілінде тұңғыш жарияланып отырған, «Жасанды интеллект әліппесі» еңбегімен құттықтаймын. Бұл кітап, тұтас Түркі дүниесі үшін өте зор маңызға ие»,-деді.

Ал өз кезегінде Біріккен Араб Әмірлігінің AI Global компаниясы өкілі Аммара Афтаб «Жасанды интеллекті саласында алғашқы қазақ тіліндегі кітаптың жариялануы тұтас аймақ үшін өте маңызды қадам. Қазақстанда, құрылып, тұтас аумақты қамтуды мақсат етіп отырған АI-Hub  компаниясына сәттілік тілеймін!», -деді.   

Шотландияның AI-Tech solution LTD компаниясының бас директоры Роберт Сим«Соңғы жылдары, жасанды интеллекті бүкіл әлем бойынша өмірдің барлық салаларына кіруде. Бізге  бірлесіп көптеген жетістіктерге жетуге болады. Алдағы уақытта Қазақстанның AI-Hub компаниясымен ортақ жобаларымызды жүзеге асыратымызға сенімім мол»,-деді.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта кітаптың тұсаукесері Астана қаласы мен барлық облыс орталықтарында өтетінін хабарлады.

Қазақстан –ТМД-дағы ең бақытты ел
25 наурыз 2025
Қазақстан –ТМД-дағы ең бақытты ел

Дүниежүзілік бақыт баяндамасы (World Happiness Report) деректері бойынша Қазақстан Өзбекстаннан – 10, Ресейден – 13, Қырғызстаннан – 32 орынға алға шығып, 43-ші орынға табан тіреді. 

Осылайша, еліміз ТМД-ға мүше мемлекеттер рейтингінде ең бақытты ел ретінде танылып, көш бастап тұр.

2024 жылы Қазақстан аталған тізімде 49-шы орында болған. Дүниежүзілік бақыт баяндамасы — 140-тан астам елдің деректері негізінде жасалатын және жыл сайын Gallup, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Оксфорд университеті жариялайтын рейтинг.

— Бақыт деңгейі объективті деректерді — жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, әлеуметтік қолдау, салауатты өмір сүру ұзақтығы, еркіндік, жомарттық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты назарға ала отырып, әлемдік Gallup сауалнамасы негізінде ел тұрғындарының субъективті бағалауын ескеретін бірнеше критерий бойынша анықталады. Мұнда респонденттер өз өміріне көңілі толу деңгейін 0-ден 10-ға дейінгі көрсеткіш негізінде бағалайды, — делінген құжатта.